56. Әр түрлі ауруларға арналған медициналық тамақтану. Тағамның құрамындағы құнарлы заттар мен олардың үйлесімділігі қандай да бір аурудың метаболиттік үдерісіне қарай анықталып , тағайындалатын диетаның түрі . Яғни , кейбір патология кезінде тағамнан түсетін нәруыздың ( ревматизм , аллергия және бүйрек патологиясы ) , майдың ( бауырдың ауру 348 ХІІ Тарау . Тағаммен емдеуді ұйымдастыру лары , өт шығару жолдары , тоқ ішек , атеросклероз ) , көмірсудың ( семіздік , қантты диабет , тері аурулары ) мөлшерін шектеу қажет . Керісінше , реактивті панкреатит , күйік аурулары , нефротикалық синдром , туберкулез кезінде тағамдық заттардың түсуіне қажеттілік жоғарылайды . Тағамның құрамы , үйлесімділігі мен жеке басқа сәйкес тағайындалған дие талардан басқа , ауруханаларда емдік тағамның маңыздылығы тағамды қабылдау тәртібімен байланысты . Негізінен , тәулігіне 5-6 рет , кейбір жағдайларда 7-8 рет тамақтану қажет . Тағамды қабылдау тәртібі күніне дұрыс тағайындалу қажет . Тағам қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан аспау керек . Төменде тамақтану тәртібінің сипаты және әртүрлі жүйелер мен мүшелердің патологиясы кезінде тағайындалатын тағамның сипаты берілген .