Ортасы
6–15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Педагог №13 электрондық жиынтық полотноны пайдалана алады (онда заттар ретінде оқу құралдары жиналған). Балалармен бірге 10 қарындашты жинап, дорбаға салады. 1 қарындашты шығарады. Неше зат қалды? Сендер оларды санай аласыңдар ма?Жаңалық ашу. (Ұ) Балалар 10 затты санай алады. Педагог онға неше зат қосылғанын сұрайды. Педагог осындай жағдайда санды атау үшін алдымен «он» сөзі айтылатынын жəне оған бірліктің атауы (біздің мысалда «бір» саны) қосылатынын түсіндіреді. «Он бір» саны пайда болды, ол онға бір қосылғанын білдіреді, екі цифрмен жазылады –11. Жиынтық полотнода санның үлгісі мен жазбасы көрсетіледі. Педагог сұрақ қояды: Педагог бұл санды жазу үшін біз қанша цифр пайдаландық деп сұрайды. Балалар «2» деп жауап береді. Педагог сол үшін мұндай сандар екі таңбалы сандар деп аталатынын айтады. (Ұ) Балаларға түсіндіре отырып, № 1 тапсырманы орындау ұсынылады. Балалар заттарды санап, санды атайды жəне сандардың жазбасын бояйды. Жұмыстың мұндай түрін барлық қалған цифрлармен жəне оларға сəйкес келетін суретте бейнеленген мектеп құралдарының санымен жүргізу ұсынылады. Жұмыс барысында балалар сандардың атауын өздері ұсынып, оларды цифрмен жазуды түсіндіреді.
Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңына қараңыз.)
|
Əліппе-дəптер.
Әліппе-дəптер.
|