Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Бүгін біз пайдалы тамақ туралы мысалдар құрастырамыз. 1-тапсырмадағы суреттерді қараңыз. Педагог көгөністер мен жемістердің пайдасы туралы қысқаша əңгіме жүргізеді.
Өздік жұмыс.
(Ж)1-тапсырма педагогке көрнекіліктің негізінде мысалдарды шеше білу іскерлігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Үйренгенді қолдану жəне іскерлікті түзету.
(Ж) 2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.
Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексеруді ұсынады.
Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіріп отырыңыз.
1-қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша саламыз.
2-қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.
Топтардың əрқайсысына екі түсті таяқшалар, асбұршақ немесе басқа қосалқы материал таратыңыз. Оларды үйшікте көрсетілгендей, түрліше орналастырыңыз.
(Ж) 2-тапсырма сандардың құрамына арналған. мысалдарды құрастыру жұмысы басталады. Бұл балаларға мысалдарды шешкен кезде нəтижені санауды пайдалануға ғана емес, неғұрлым мықты балаларға сандардың құрамын жаттай отырып, жылдам қарқынмен есептеуге көмектеседі,
ал бұл ол сандардың құрамын есіне сақтаған жағдайда ғана
мүмкін болады. (Ө) 3-тапсырма мысалдарды шешу жəне оларды əртүрлі оқу жұмыстарын жалғастыруға көмектеседі. Осы мысалдармен жұмыс жүргізу үшін əртүрлі көрнекі құралдарды жəне екі сөреге, екі себетке жəне т.б. бөлуге
арналған материалдарды пайдаланыңыз.
|
Əліппе-дəптер,
санайтын
материал
Əліппе-дəптер,
жиынтық
полотно.
Үлестірмелі
материал
|
Рефлексия
26–30
|
Рефлексия
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті
салуға болады.
|
Əліппе-дəптер
|
Достарыңызбен бөлісу: |