1 ҰОҚ. Тақырыбы: Танысу. Не қайда орналасқан? Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп



бет128/133
Дата12.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#196520
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133
Байланысты:
2 5456123627302816919

бойынша жұмыс
16-25 минут



Ынталандыру.
ҰОҚ тақырыбына кіріспе ретінде педагог балаларға жұмбақтар жасыруды ұсынады.Оның жауаптарын тақтаға орналастырады.
Педагог балаларға олар қандай да бір жұмбақтарды біле ме, естеріне түсіруді ұсынады. Жұмбақтар халық шығарған туындыларға жатады.
Өзектендіру.
Педагог 1- тапсырманы – жұмбақтарды шешіп, мысалдарды шығаруды ұсынады.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Бүгін біз тек жұмбақтарды ғана шешіп қоймай, өзіміз математикалық мысалдарды құрастырамыз.
Жаңалық ашу.
(Т) Жиынтық полотномен жұмыс істей отырып, педагог санау үшін қажетті нысандарды таңдай алады. Əр сурет үшін жұмбақ келтіруге немесе балалардан оны өздері құрастыруын сұрауға болады.
Содан кейін педагог жағдайлар келтіреді, онда сандарды қосу немесе азайту керек. Балалар өздерінің үстелдерінде карточкалармен мысалдар құрастырады.
Педагог жұмбақ оқиды
Ақ тиін он жаңғақ тапты.
Бесеуін қоймаға апарды.
Нешеуі қалды? Қалай санаймыз?
Тиінге жауапты кім береді? (10–5=5)
Балалар жаңғақтардың орнына фигураларды немесе кез келген қосалқы материалды қолданып, үстелде санай алады. Одан кейін карточкалардан есеп құрастырады.
Жаңаны қолдану.
(Ж) 2 -тапсырма цифрды бастырып жазуға жəне қолды цифрларды жазуға дайындау жұмыстарына арналған. Сондықтан əліппе-дəптерде жазбаша цифрды бастырып жазуға арналған тапсырмалар болады. Балаларды
цифрларды нүктеден бастап жазуға үйрету керек екеніне назар аударыңыз. Цифрды дұрыс жазу үшін дайындық жұмысын жүргізіңіз. Баланы математика пəніне арналған дəптерінде бейнеленген торшалардың орналасуында жақсы
бағдарлануға үйрету қажет. Бұл жаттығулар үшін дəптер парағына тəн өлшемдерді сақтай отырып, үлкейтілген торшаны немесе жалпылама айтқанда шаршыны параққа басып шығару қажет. Бастапқы оқу кезеңінде баланы
торша бөліктерінде жақсы бағдарлануға үйрету үшін осы парақты пайдаланған орынды. Көп таралған тəсілдер: ауада жазу, ірі торда маркермен жазу, саусақпен айналдыра бастырып сызу, ермексаздан жасау, цифр элементтерін сипаттау.

1 цифры
1-қадам. Торшаның визуальды орталығынан сəл жоғары, ортасына өте жақын нүкте саламыз. Осы нүктеден жоғарғы оң бұрышқа дейін түзу сызық сызамыз.


2-қадам. Торшаның жоғарғы оң бұрышы мен төменгі сызықтың ортасындағы нүктені түзу сызықпен жалғаймыз.
(Ө) 3-тапсырма мысалдарды құрастырып, оларды оқуға арналған. Əртүрлі оқылуды пайдаланыңыз жəне балаларды əртүрлі тəсілдермен оқуға ынталандырыңыз.
Қағазда былай жазылған:
3 + 2 = 5.
–Мұны қалай оқуға болады?
Осы уақытқа дейін біз əдетте былай айтатынбыз:
«Үш қосу екі – тең болады бес».
–Бірақ басқаша айтуға да болады.
Мысалы:
–Үш жəне екі – бұл бес.
–Үшке екіні қосса, бес болады.
–Үш пен екіні қосамыз, нəтижесінде бесті аламыз.
–Үшті екіге арттырса, бес болады.
Сол сияқты:
5 − 2 = 3
бұл тек «бес алу екі үшке тең» ғана емес, сондай-ақ:
–Екісіз бес–бұл үш.
–Бестен екіні алса, үш болады.
–Бестен екіні азайтса, үш болады.
–Бесті екіге азайту үшті құрайды.

Жұмбақтардың
жауаптары
бейнеленген
суреттер.
Əліппе-дəптер,
санайтын
материал

Əліппе-дəптер,


жиынтық
полотно.
Үлестірмелі
материал





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет