Дағдыларын дамыту: -сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+» жəне «–» таңбалары бар жазбаларды түсіндіре алады. Пəндік лексика жəне терминология: -қосу, азайту (алу). Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
–Заттарды қосқанда не болатынын айт. –Бұл топтағы заттарды қандай белгісі бойынша алып тастағанын түсіндіре аласыңдар ма? –Суретте, бұл жағдайда не болғанын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндір (заттарды біріктірді, қосты, алып тастады, азайтты)? Жазу: -боя, «+» жəне «–» таңбаларын қорша жəне т.с.с.
Өткен ҰОҚ алғанбілім
|
Қосу, алу, заттардың саны.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
І.Басталуы
0-5 минут
ІІ. Ортасы
6-15 минут
16–25 минут
|
Ынталандыру.
ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог жоспар бойынша өз отбасы туралы əңгімелеуді ұсынады: – Сенімен қанша адам тұрады? – Олар неге отбасы деп аталады? Балалардан алдағы уақытта отбасылық суреттерін əкелуін сұраңыз. Педагог отбасы мүшелерін санауды тапсырады.
Өзектендіру.
Педагог балалар өткен ҰОҚ-де қандай таңбалармен танысқанын, олардың нені білдіретінін сұрайды. Суреттердің астындағы немесе жиынтық полотнода құрастырылған жазбаларды оқуын сұрайды. Осы сабақтарда азайту мен қосу мысалдары үшін № 7-9 полотнолар қолданылады.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Бүгін біз осы таңбалары бар жазбаларды құрастыруды жəне оқуды қалай үйренгендеріңді білеміз.
(Т) Кез келген заттар немесе фигуралар таратылады. Азайту мен қосу мысалдары көрсетіледі. - Суреттегі жағдаятта не болғанын айтуға қандай сөздер көмектесті (заттарды біріктірді, қосты, алды, азайтты). Өлеңмен жазылған есептерді ұсыну қажет. Өздік жұмыс.
(Ө) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырманың алдында суреттер бойынша əңгіме өткізіледі. Сандарды жапсырғанға дейін балаларға үлестірмелі материалдан карточкалары бар осындай жазба құрастыруды тапсыруды ұсынуға болады. Содан кейін педагог тапсырманы барлық балалар орындай алып жатыр ма, қосу жəне азайту əрекеттерін дұрыс құрастырып, оқи ала ма – соны көреді. (Ө) 2-тапсырманы əркім өз бетінше орындайды. Бұл педагог балалардың тақырыпты қалай меңгергенін көруге көмектеседі. Балалар өздігінен шарларды бір-бірлеп санап, жауапты жапсырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |