М. Вебер стратификацияның 3 критериін бөлді – билік, байлық және престиж.
П. Сорокин стратификацияның 3 түрін бөлді – экономикалық, саяси және кәсіби. Оның ойынша әлеуметтік стратификация – бұл адамдар жиынтығының таптарға иерархиялық бөлінуі.
Қоғам кем дегенде 3 қабатқа (жікке, стратаға) бөлінеді – жоғары, орта және төменгі. Американ әлеуметтанушысы У. Л. Уорнер стратификацияның субъективті теориясын жасады. Ол бойынша қоғам 6 қабатқа бөлінеді:
1. жоғарғы жоғарғы тап – ақсүйектер
2. төменгі жоғарғы тап – жақында ғана жетістікке қол жеткізген адамдар
3. жоғарғы ортаңғы тап – жоғары білімді жалдамалы қызметкерлер мен бизнесмендер
4. төменгі ортаңғы тап – “ақ жағалылар”
5. жоғарғы төменгі тап – “көк жағалылар”
6. төменгі төменгі тап – “сұр жағалылар”
1
2
3
4
5
6
В. Радаев пен О. Шкаратан әлеуметтік құрылымның 9 критериін бөлді, мұның әрқайсысының өзіндік жіктелу ерекшеліктері бар: