1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу


Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы



бет7/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н

1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы
Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығуы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы - бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктейді.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі - инновациялық, технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында, Елбасының "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы мен "Дарын", "Болашақ" бағдарламаларында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы оның ресурстық мүмкіндіктері мен шығармашылық дағдыларын дамытуға қолайлы жағдай туғызу - ең негізгі міндеттер деп айқындалған.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту"- деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану секілді ауқымды мәселелер анықталады, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды, білім мен ғылымның, өндірістің кірігуі арқылы тұлғаның кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз етуді көздейді.[6,25 б.].

Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде білім беруді жүзеге асыру арқылы оқушының қабілетін, өзіндік дамуын, біліктілігін қалыптастыру мәселесіне қазақстандық ғалым педагогтер М.Құдайқұлов, В.Тұрғышбаева, М.Жадрина,Ү.Жексенбаева,Т.Қаражігітова,Н.Иванова,Х.Рақымбекова, М.Жанпейісова, К.Құдайбергенова, Б.Әлмұхамбетов,А.Орақова, Н.Сәрсенова, М.Рақымжановалар назар аударған.

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі әлемдік білім беру жүйесінің алдына жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде өз мақсатын іске асыру үшін өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған ақпараттарды орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шеше білу білім берудің әлемдік және ұлттық кеңістігіндегі іргелі проблема болып отыр. Осыған байланысты, жоғарыда айтып кеткеніміздей, Еуропа Кеңесінің "Еуропаға арналған тірек құзырлылықтар" тақырыбымен өткен құзыреттілік теориясын дамытуға арналған симпозиумда арнайы шешім қабылданып, ол шешім әлемдік білім беру жүйесіндегі негізгі құзыреттіліктер арқылы тұлғаның білімділігін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Онда білім беру тенденциясы арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру аспектілері айқындалған.

Оқу-тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған білім беруде әлеуметтік-тұлғалық білімділікті өзектендіру арқылы оқу үрдісін өзгертуді зерттеу - педагогика ғылымында туындап отырған қазіргі негізгі міндеттердің бірі.

Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап, саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім, білік, дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық, физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі -оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. "Интерактивтік оқыту" 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

Оқушы қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.

"Инновациялық технологиялар" тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.Поташник "Инновация - оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі" десен анықтама берсе, Н.Талызина "Инновациялық технологияларды қолдануданудағы негізгі міндет: сабақ процесінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу"-деп анықтайды.

Педагогикалық технология ұғымына берген ғалымдардың пікіріне тоқтала кетсек, аталған ұғымды модель, әдіс, амал, тәрбие құралы, жүйе, жоба ретінде қарастырғанына көзіміз жетеді:

- өмірде іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба - В.Л.Беспалько;

- дидактикалық жүйенің құрамдас процессуалдық бөлігі - М.Чошанов;

- оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі - В.Монахов;

- арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары төңірегіндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы - Б.Лихачев.

Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері ажыратылады:

1.Технологиялықинновациялар-өнімдерді,өндірістің жаңа технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі. Бұл жаңалықтар білімт беру саласында оқытуда қолданылатын әртүрлітехнологиялық құралдармен жабдықтарға байланысты.Дидактикалық тұрғыда алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық қамсыздандыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

2. Әдістемелік инновациялар-сабақ беру мен білім алу, тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу саласындағы инновациялар.Олар білім беру саласында ең көп таралған, жаратылыстану ғылымилық және гуманитарлық пәндерді оқытуды мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білімге дейін оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды.

3. Ұйымдастырушылық инновациялар-еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруға қатынасы бар.

Ұстазүшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс таңдау.Педагогикалық жаңа технологиялар оқушының тірек құзырлылығынқалыптастырып, оның жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі[7].

Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Мұндай технологияларды қолдану, біріншіден, мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығуы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет