1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу


Геометриялық білім берудің эмпирикалық технологиясы



бет15/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н

2.4 Геометриялық білім берудің эмпирикалық технологиясы
Қандайда бір жаңа ұғымды қалыптастыру, болмаса ғылымды игерту сол халықтың табиғатына, ұлттық ерекшелігіне тығыз байланыста жүргізілсе қабылдауы да нәтижелі болмақ. Біздің қазақ халқының өзіне тән тәрбие құралы, тәрбиелеу әдіс-тәсілдері болған. «Екі ауыз өлең құрастыра алмайтын қазақ қазақ емес» - деген сөз сол кезден қалған (қазіргі кезде, өлең тұрмақ, ойлаған ойын дұрыстап жеткізе алмайтын жағдайға келдік). Үлкен-кіші, би не қараша демей бүкіл ел болып жастар тәрбиесіне көңіл бөлген, табан астында ұйқас құру арқылы өлеңдетіп, жұмбақтап, тұспалдап сөйлеуді бойларына сіңдіре отырып келер ұрпағының таным қабілетін арттыруға, логикасын дамытуға жағдай жасаған. Тыйымды сол сияқты мақтау-марапаттауды да орнымен жүргізген. Тәрбиесінің бастауы ұлттық болмысымызбен ұштасып жатуының нәтижесінде, ел ішінен, Әл - Фараби, Әл-Хорезми т.б. сияқты шығыс ғұламаларын шығара білген.

Тарихтан білетініміз, Қазыбек-би бабамыз 9 жасында қазақ-қалмақ елдерінің арасындағы дипломатиялықжұмыстарға араласып бітімгершілік миссиясын атқарған және өте жақсы атқарған.

Бұл, тәрбие саласында қазақ халқының сол дәуірдегі тәрбие жүйесінің бұхаралық сипатында, атап айтқанда: ақсақалдар мен билердің, аналардың, тәрбие ортасының, ықпалы жоғары деңгейде болғандығын, тәрбиенің демократиялы, ынтымықтастықта жас ұрпағының дамуына оң ықпалының болғандығын көрсетеді.

Ұлтымыздың осындай дарындылығын байқаған О.Жәутіков ағамыз «Қазақ дарынды халық. Сондықтан қазақты математикаға .... үйретуіміз керек»,-деп кеңес береді.

ҰБТ қорытындысы бойынша Республикамыздағы талапкерлердің математика пәнінен жинайтын ұпайларының басқа пәндермен салыстырғанда жыл сайын төмен болуы, ғылымдардың ішіндегі ежелгісі бола тұра математиканы игертудің басқа пәндерге қарағанда күрделі болуы, ондағы қолданылатын ұғымдар мен обьектілердің абстрактілі (дерексіз) болуынан, сонымен бірге математикалық білім беру жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығының айғағы болса керек.

Осы қиындықтан шығу жолын дәстүрлі педагогикада оқыту әдістемелерді жетілдіру, оқытудың жаңа методтарын енгізу арқылы іздеуде және соңғы кезде өмірге тереңінен еніп жатқан оқытудың жаңа технологиялары да түрлі бағдарламалар мен нұсқаулар беруде[22,429 б.].

Репродуктивті оқыту, иллюстративті-түсіндіру, проблемалық оқыту, ішінара -ізденіс немесе оқытудың эвристикалық әдісі және зерттеу әдістері дәстүрлі педагогикада негізгі әдістеріне жататынын білеміз. Бірақ кейбір мамандар зерттеу әдісін мектеп жүйесінде қолдануға келмейтін, мектеп жоспарына бағынбайтын қолайсыз әдіс ретінде бағалайды. Бірақ соңғы кездері дәстүрлі педагогиканың әдістемелеріне қарағанда соңғы нәтижеге жауап беретін болғандықтан мамандардың ықыласы оқыту технологияларына ауып жүр.

Психология білім беру жүйесінде адамның ойлау қызметін екі түрге-репродуктивті және продуктивті деп бөледі. Репродуктивті түрі балаға түсіндіру, дәлелдеу, жаттықтыру және иландыру арқылы білім бере отырып дүниетанымын арттырып, шығармашылығын дамытса, продуктиті түрінде оқушы өз күшімен жинаған білімі арқылы өздігінен дамиды. Ойлаудың репродуктивті түрі оқыту, білім беру әдістерінің барлығына тән болса, продуктивті түрі ішінара эвристикалық оқытуда, ал зерттеу әдісінде ойлау түрі продуктивті және репродуктивті болып келеді.

Балаға математикадан сапалы білім беруде ұсынылып отырған МОЭТ-сында негізгі ұстаным зерттеу болғандықтан ойлаудың продуктивті түрі басым болып келеді. Соның нәтижесінде жаттампаздық кейінгі орынға ысырылып, бала шығармашылықпен айналысады, өзін-өзі дамытады. Білімді өзі жиғандықтан оны қолдану да жеңілдейді, басқа пәндерде, өмірде кездесетін жағдайларда сол білімін пайдаланады.

Осылайша зерттеу дағдасы қалыптасқан бала математика пәнінде кездесетін таныс емес математикалық объектілерді өзі игерген алгоритмімен зерттеу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге, сабақ үстінде ғылыми зерттеу жұмысымен айналысу оқушыларды айналасының пікірін тыңдай білуге, топтың (сыныптың) кез-келген мүшесінің пікірімен санаса отырып ортақ тұжырымға келуге, өзі игерген білімін дәйектей отырып дәлелдей білуге тәрбиелейді. Ал талдау мен сараптаудың нәтижесінде игерілген білім мен білік оқушының жеке ой еңбегінің нәтижесі болып табылады.

МОЭТ арқылы математикалық объектілерді зерттеуге бөлінетін уақыт 15-20 минуттан аспайды яғни мектеп жоспарын өзгертіп артық уақыт талап етілмейді.

Іс әрекет сипаттамасы

Оқытудың МОЭТ-да оқушыға зерттелетін проблема жөнінде толық ақпараттар


  • Оқушының алдына проблема қойылады, тақырып белгіленеді;

  • Тақырыптың мазмұнын ашатын бағыт-бағдар, математикалық ұғымдарды абстакциялау және зерттеу құралдарымен қамтамасыз етіледі;

  • Даралап, әр оқушыға жеке-жеке жұмысты орындау реті мен мақсаты айқын көрсетілген тапсырма-нұсқаулық үлестіріледі.

  • Егер жұмыс топпен орындалатын болса, онда әр топ үшін нұсқаулық таратылады;

  • Жұмыс соңында, мұғалімнің басшылығымен, тапсырмалардың орындалу реті мен нәтижесі салыстырылып, талданып, сынып (топ) оң тұжырымға келгенше сарапталады. Оның қолданылу аясы қарастырылады, мысалдар келтіріледі;

  • Соңынан жұмыстың орындалуы жөнінде есеп беріледі.

МОЭТ-тың нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттің этапта (жүйелік құрылымы) төмендегідей жағдайлар бойынша қаралады.

1. Тақырыпты таңдау, поблема қою, мақсатты айқындау, абстракциялау.

2. Нұсқаулықпен танысу, ақпарат жинау, дидактикалық құралдарды таңдау, жұмыс жоспарын жасау.

3. Зерттеу кезеңі.

Сонымен қатар төмендегідей мәселелерді қарастыруға болады.




  1. Қасиеттерін анықтау;

  2. Дәлелдер арқылы анықтамасын тұжырымдау, дәйектеу;

  3. Дербес жағдайларын іздеу;

  4. Пәнаралық байланысты іске асыру;

  5. Түрлі мамандықтардағы қолданыс аймағын айқындау, іздеу.

  6. Сызбасын, кестелерін дайындау.

  7. Талдау, сараптама жасау.

  8. Есептік презентацияға дайындық .

  9. Жұмысты қорғау.

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті




Топтың тапсырмаларын алу,танысу

Жұмыс жоспарын дайындау

Мақсаттарын анықтау

Ақпарат көздерімен жқмыс

Зертханалық жұмыс

Жұмыстың қорытындысын дайындау, сараптау

Презентацияға дайындық

Презентация






Оқушыларды топқа бөлу не жеке-жеке

Тақырып беру

Проблема қою

Нұсқаулықпен,құралдармен қамтамасыз ету

Жұмыстардың орындалуын бақылау

Керек жерінде түзету жұмыстарын атқару

Сарапшылар құрамын белгілеу

Топтың не жеке оқушылардың есебін бағалау

қорытындылау


Күтілетін нәтиже.

Танымы мен ой-өрісі кең, жеке көзқарасы-пікірі қалыптасқан, алдында кездескен проблеманы талдай, сараптай алатын, игерген білім-білігін стандартты және стандартты емес жағдайларда қолдана алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын еркін жеткізе алатын, айналасындағы кісілердің пікірлерімен санаса отырып ортақ келісімге келе алтын, таңдаған болашақ мамандығының қыр-сырларын жете түсінген, мақсатқа жету жолында кез-келген ақпарат көздерін пайдалана алатын, өзін-өзі дамыта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға.

Сарамандықжұмыстардыңтізбесі




Р/с

Орындалатынжұмыстыңмазмұны

Пайдаланылатын

құралдар


Сыныбы

1

Кесіндіні, бұрыштарды өлшеу, фигуралардың периметрін табу

Сызғыш, траспортир, циркуль

5-7

2


Жай бөлшектер, оларға амалдар қолдану.

Сызғыш,арнайыдидактикалыққұрал

5


3

Геометриялық салу есептерінорындау


Циркуль,сызғыш,транспортир.


7

4

Шеңберұзындығынөлшеу


шкалалы лента, сызғыш, циркуль

7

5

Үшбұрыштың,көпбұрыштардың периметрін, беттерінің ауданын, дененің көлемін табу

Циркуль,сызғыш, транспортир

7-8

6

Бұрыштың анықтамасы, өлшем бірліктері, шеңбердің және доғаның ұзындығы

Циркуль,сызғыш,транспортир, сығанақдөңгелегі

9


7

SinX функциясының қасиеттерін зерттеу, графигін салу, түрлендіру

Сығанақ дөңгелегі, номометр, градуирленген парақ

9

8

CosXфункциясының қасиеттерін зерттеу, графигін салу, түрлендіру

Сығанақ дөңгелегі, номометр, градуирленген парақ

9

9

Келтіруформулаларындәлелдеу

Сығанақдөңгелегі, номометр, пенал

9

10

tgX, CtgX ұғымы, функцияларының қасиеттерін зерттеу

Тангенсметр,котангенсметр

9

11

tgX, CtgX ұғымы, функцияларының графиктерін салу, түрлендіру

Арнайышкалалыпарақ

9

12

Қарапайымтригонометриялықтеңдеңулердішешу

Номометр, сығанақдөңгелегі, тангенсметр, кесте, калькулятор

9

13

Қарапайымтригонометриялықтеңсіздіктердішешу

Номометр, сығанақдөңгелегі, калькулятор тангенсметр

9

114

Геометриялықденелердіңкөлемі, қималары

Циркуль,сызғыш, транспортир

9

МОЭТ-ы тригонометриялық функциялар ұғымын қалыптастыруда қолдану


Бұрыштың анықтамасы
Бұрыш – бір нүктеден бастау алатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі.

Бастау алатын нүктені - бұрыштың төбесі, сәулелерді бұрыштың қабырғалары деп атаймыз.









Бұрышты өлшеу


Жазықтықтың бөлігін шеңбермен шектеп,

пайда болғандөңгелек ауданының



360-тан бір үлесіне тең келетін центрлік бұрышты бір градус(10)-деп атаймыз.

Сонымен қатар, шеңбер доғасынын ұзындығын сол шеңбердің өз радиусының ұзындығымен өлшеу де келісілген.



Бір радиан деп – ұзындығы өз радиусына тең доға керетін центрлік бұрыштың шамасын айтамыз.

Бұрыштың шамасын градустық өлшемнен радиандық өлшемге ауыстыру үшін (1) өрнекті және керісінше түрлендіру үшін (2) өрнекті пайдаланамыз.

αрад=πα 0/1800 (1) α0=1800αрад/π (2)
Кестенітолтыр


00

300







00

1050




1350













π/4

π/3







π/3




5π/6

11π/12
рад.

Рад.


Бұрыштың түрлері:

Бұрыштар:сүйірбұрыш;тікбұрыш;доғалбұрыш;жазыңқы бұрыш және толық бұрыштар болып бөлінеді.Толық бұрыш депжазықтықта берілген нүктеден бастау алатын өзара беттескен екі сәуленің бірі екіншісіне қатысты толық бір айналым жасап (жазықтықты толық сызып шығып) екінші сәулемен қайта беттескенде жасайтын бұрышты айтады.

Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру[23,368 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет