1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу



бет14/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н

Компьютердің көмегімен жекелендіріп оқыту жекелендірудің танымал формаларының келесі мүмкіндіктерімен ерекшеленеді, олар:

1) ағымдағы бақылау арқылы өзіндік жұмысын ұйымдастыру; білімді мотивациялау және өз білімін көтеру арқылы оқушының іс-әрекетін белсендіру;



  1. оқушылардың жеке ерекшеліктерін еріксіз ескеруді қамсыздандыру;

  2. олардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың жаттығуларды қарқынды орындауы және теориялық білім алуы;

  3. әрбір мұғалім мен оқушының арасындағы сұхбатты ұйымдастыру;

  4. оқушыларда оқу біліктілігін мақсатты дамыту; өз жұмысының мақсатын белгілеумен, іс-әрекетін жоспарлау, білімді өзіндік бақылау, өз білімін көтеру жұмысын әрі қарай жоспарлау;

  5. оқушылардың ағымдағы және соңғы жұмыс нәтижелерін жинақтауды автоматтандырумен ерекшелендіру.

Компьютерді қолдана отырып алгебра және анализ бастамалары курсын жекелендіру негізінде оқыту әдістемесін құра отырып, мына төмендегіәдістемелік принциптерге сүйенеміз:

  1. оқыту процесінің әр түрлі кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін жекелендіру;

  2. алгебра және анализ бастамалары курсында оқытылатын материалдың қолжетімділігін көтеру мақсатында, әрі жекелендіру міндетін шешу үшін компьютерді бір мезгілде қолдану;

  3. алгебра және анализ бастамалары курсының оқу материалын оқушылардың оқу іс-әрекетінің деңгейлеріне сәйкес репродуктивті және продуктивті деп бөлу;

  4. зерттеушілік сипаттағы міндеттерді жүйелі қолдану;

  5. компьютерді басқарудың екі тәртібін, динамикалық және жанама түрін қолдану.

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде компьютерді пайдалана отырып, дәстүрлі нұсқада жекелендіріп оқытудың әр түрлі формаларында салыстыру жүргізілді. Алгебра және анализ бастамаларын компьютерді қолданып оқытуды жекелендіруде оқушылардың өздік жұмыстырын ұйымдастыру арқылы интерактивті режим және ағымдағы білімді бақылаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Компьютерді оқушы мен оқытушы арасындағы сұхбатта және өздік жұмыстарды ұйымдастыру процесінде қолдану барысында оқытуды жекелендіру мүмкіндіктері анықталды[20,480 б.].

ҚБЖ-ны қолданып оқытуды жекелендіру үшін келесі әдіс-тәсілдерді пайдаланығу мүмкіндік бар:



  1. компьютердің көмегімен тақырыпты оқу уақытын және жолдарын өздігінен таңдауды ұсыну (теорияны, машықтану және бақылау жаттығуларын орындау);

  2. қандай да бір күрделі тапсырманы өз бетінше таңдауды ұсыну;

  3. компьютерде кеңес алуды ұсыну.

Нәтижесінде оқушылар өзінің оқу танымдық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасауға және өзін-өзі бағалауға белсенді түрде кіріседі, сонымен бірге өзінің мүмкіндігінше жұмыс жасайды.

Орта мектепте «туынды» ұғымын енгізу физикалық және геометриялық түрде берілуін сәйкесінше пайдалана отырып, интуитивті деңгейде мақсатты түрде жүзеге асырылады. Біз екінші тәсілге тоқтадық. Атап айтқанда, графикалық мүмкіндіктері зор қазіргі заманғы компьютерді оқыту процесінде қолдану арқылы геометриялық бейнені көру негізінде оқушыларда туынды ұғымының қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қиюшыны құрудың динамикалық процесін және олардың жанамаға «өтуін» қарастыру, сондай-ақ аргументтің өсімшесі, функцияның өсімшесі қиюшының бұрыштық коэффицентінің өзгеруі сияқты шамалардың өзгеруіне талдау жасауға мүмкіндік бере отырып, оқушыларда нүктедегі функцияның шегі ұғымына негізделген туындыны есептеу ережесіне әкеледі.

Біздің әдістемеміздің ерекшеліктері мыналар болып табылады:

1) көрнекі-интуитивті деңгейде ұғымды енгізу;

2) нүктедегі функция шегін анықтау әдісі негізінде өңдеу және сәйкес тапсырмаларды шешуде оларды пайдалану;

3) оқыту процесінде компьютерлік және компьютерлік емес жұмыс формасын үйлестіру;

4) оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу.

Туынды ұғымын және оның анықтамасының ережелерін оқыту кезінде біздің әдістемелік жұмысымыздың сипаты мынаған тән:

1.Туындыға кіріспе және оны есептеу ережелерін оқыту мақсатында ҚБЖ-ны кеңінен пайдалану;

2.Аталған материалдарды оқытуда ҚБЖ-ны оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарына үйлестіру;

3.Әр сауалды оқытуда компьютерлік формаларды әр түрлі үйлестіру оқушылардың есептерді және үй тапсырмаларын орындау кезінде ұжымдық шешу барысында компьютерлік емес әдіспен жүзеге асырылады. Бұл сауалдың меңгерілгенін тексеру кезінде мақсатты түрде ҚБЖ-ны пайдалану қажет, бұл оқушыларға олардың бұрынғы нәтижелеріне байланыссыз әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындаудың жекеленген ерекшеліктерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Мұндай сабақтарда мұғалім, негізінен, тапсырмаларды берудегі, нәтижелерді белгілеп баға қоюдағы қиын жұмыстардан босатылып, кеңесші рөлін атқарады. Ал берілген уақыттан тапсырманы ерте бітірген оқушылармен жеке кеңес өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Модельдеу бағдарламаларын пайдалана отырып, дәстүрлі және компьютерді қолданып оқыту сабақтарында «Тригонометриялық функциялардың графигі» тақырыбын оқыту тиімділігін салыстырайық.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім, әдетінше, түсіндірмелі-иллюстративті әдісті пайдалана отырып, түріндегі функция графигі туралы дайын мәліметтерді кезең бойынша, , , түрінде хабарлайды, одан кейін түріндегі функция графигін түрлендіру тізбегі туралы айтады. Осылайша сәйкес иллюстрациялар тақтада немесе суреттермен көрсетіледі.

Тақтада бейнеленетін графиктер көбінесе сапасыз болады және көп уақыт алады, ал дайын суреттер жағдайында оқушылар графиктің түрлену процесін бақылай алмайды[21,240 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет