1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу


Жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану арқылы білім сапасын көтеру



бет16/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н

2.5. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану арқылы білім сапасын көтеру
Мұғалім - қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, бір уақытта педагог-психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды оқу-процесінде қолдану тиімділігі мол.



Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық кұрылғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады. Жаңа ақпараттық технология кұралдарын математика пәнінепайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды.

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамын:



  • білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

  • оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiкбередi:

  • оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiккомпьютерлiк ойындар және т.б.);

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология, интерактивті тақта) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

  1. Қазiргiбiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтастүсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеуалгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).

  2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiнтүрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.

  3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiңерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көпуакытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз[24,248 б.].
Оқу процесіне жана ақпараттық технологияларды енгізу ісі математикамен тығыз байланысты.

Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады. Зерттеу объектісі ретінде 6-сынып оқушылары алынды. Математика пәні ақпараттық технологияны қолдану арқылы және дәстүрлі сабақ түрінде жүргізілді. 1-диаграммадан көріп отырғандай оқушылардың ақпараттық технологияны қолданғанда қызығушылығы артқанын байқауға болады. Кез келген жағдайда ең алдымен бір нәрсеге қызығушылығы болмаса, жеке тұлғаның қабылдау қабілеті де төмен болады деп ойлаймын. Қызығушылығы артқан оқушының, өткен материалды есіне сақтау қабілеті де артып, білім сапасының көтерілгенін байқауға болады (диаграмма 2) сәйкес.



Математика пәнін оқытуда әсіресе оқушылар Координаталық жазықтық, График, Функция тақырыптарын компьютерлік бағдарламалар: Agrapher, Koodraw арқылы меңгергенде жоғары белсенділік, қызығушылық танытты.

диаграмма 1 диаграмма 2


Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалық мүмкіндіктерін сызу математика сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.

Нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолданумұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсеретеді.

Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда.



Бiлiмберудi ақпараттандырудың қағидалары:

  • қоғамның әрбiрмүшесiүшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiңтүсiнiктiлiгi;

  • жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

  • бiлiм мен тәрбиенiңбiрiздiлiгi;

  • жалпы компьютерлiк сауаттылық;

  • оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).

Нәтижелер:



  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

  • бiздiңелiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

Кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, білім сапасын көтеруге болады деп ойлаймын. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Интерактивті тақтаны қызықты және мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.


•Мультимедиа презентацияларын ұсыну;

•Ауызша есептеулерді жүргізу;

•Ақпаратты біртіндеп берілуі;

•Формула, мәтін, тапсырмалардағы бос орындары толтырылуы;

•Цифр, сөз, сан немесе суретты жылжыту арқылы керекті объекттер мен өзара әрекеттесу, байланыстыру;

•Дайын коллекциядағы суреттер кадрларын қиыстыру(кесте, графика, сызықты қағаз, нышандар, иллюстрация, координаталар жүйесi, сызғыш, схема және т. б.) ;

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы есеп шығаруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп, түсіндіреді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен, интерактивті тақта оқушылардың ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

Мысалы, геометрия сабағында (7 сынып) «Үшбұрыштардың теңдік белгілері » тақырыбы бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. Қандай белгі бойынша үшбұрыштар тең екенін анықтап, суретін таңдап, экранның төменгі жағына жылжытып, бөліп қою.

Келесі, геометрия есебін қарастырайық (10 сынып).АВСДА1В1С1Д1 кубы берілген. AB қыры арқылы өтетін және СДА1 жазықтығына перпендикуляр болатын қиманы салу керек. Кубты және қималарды салу үшін дайын нышандарды қолданамыз және жазықтықтарды түрлі түстермен көрсетеміз.

Алгебра сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді қолдану тәсілдері көп. Түрлі функциялардың графиктерін жылдам салу және оларды түрлендіруге мүмкіндік береді: қысу, созу, параллель тасымалдау. Мысалы, 9 сыныптың алгебра есебін қарастырайық.

Теңдеулер жүйесін графиктік түрде шешу:Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, функция графиктерін саламыз:Сызба бойынша оқушылар жүйенің дұрыс шешімін анықтайды. Осы сызбадағы функция графиктерін жылжытып немесе түрлендіріп, кері тапсырма беріледі. Жаңа сызбаға сәйкес теңдеулер жүйесін құру.

«Логарифмдік және көрсеткіш функциялар» (11 сынып) тақырыбы бойынша бірнеше функцияларды және олардың графиктерін ұсынамын. Оқушылар оларды сәйкестіндіріп, теңдеулерді дұрыс жылжытып қою керек.

Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Интерактивті тақта-барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиістідеңгейге көтеру,мектеп ұстаздарының,педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор[25,535 б.].

2.2 Білім берудің компьютерлік ресурстарын 7-9 сынып геометриясын

оқытуда қолданудың әдістемелік ерекшеліктері

Білім берудің компьютерлік ресурстарын пайдалану әдістемесі алға

қойылған мақсаттар мен соңғы нәтижелер арасындағы байланыспен

анықталады және білім беру міндеттерін шешу құралы болып табылады. Мұнда

кез келген әдісте болатын ережелердің тұрақтылығымен сипатталған

объективті бөлігін және педагогтың тұлғасымен, оқушылардың ерекшелігімен,

нақты жағдайлармен сипатталған субъективті бөлігін ескеру қажет. Объективті

бөлігі барлығына жалпы болып табылатын дидактикалық ережелерді, заң және

заңдылық, қағидалар мен ережелердің талаптарын, сонымен бірге оқу қызметі

мақсаттарының, мазмұны мен формасының тұрақты құрамдастарын қамтиды.

Білім берудің компьютерлік ресурстарын пайдалану әдістемесінде объективті

және субъективті үйлестіру оқу қызметінің оңтайлы тиімділігіне қол жеткізуді

және жоғары нәтижелер алуды мүмкін етеді.

Білім берудің компьютерлік ресурстарын пайдалануда келесі ережелерді

бөліп көрсетуге болады: білім алу; білік пен дағдыларды қалыптастыру; білімді,

шығармашылық қызметті бекітуді қолдану; білім, білік, дағдыларды тексеру.

Мұнда танымдық қызметтің дербестік түрін қамтитын оқушылардың

танымдық қызметінің түрін және оқушылардың ойлау белсенділігінің деңгейін

ескеру маңызды.

7-9 сыныптарда геометрияны оқыту барысында білім берудің

компьютерлік ресурстарды пайдаланудың негізгі мақсаттарының бірі – оқу

үдерісін басқаруды жақсарту. Білім берудің компьютерлік ресурстарын

пайдалану оқушыны таным жолымен ілгерілеудің әр қадамын бақылауды

мүмкін ете алатын және осыған байланысты көптеген қиындықтардан,

қызығушылықтың жоғалуынан және нашар басқарылатын үдеріске ілесіп

жүретін жағымсыз салдарлардан құтқара отырып, оған дер кезінде көмек

көрсете алатын оқу үдерісінің осындай технологиясын құруды іздеумен

байланысты болады.

Білім берудің компьютерлік ресурстарын пайдалану арқылы жүргізілетін

сабақтар мұғалімнің нақты жағдайлары мен мүмкіндіктеріне байланысты үлкен

вариативтілігімен ерекшеленеді, сабақтың түрі, құрылымы, ұзақтығы бойынша

айырмашылығы болады. Мұндай сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері

келесідей болады:

- оқу материалы шағын бөліктерге бөлінеді;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет