Септориоз. Негізгі қоздырғыштары Deyteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жататын Septoria nodorum Berk., S. tritici (Rob. et Desm.). Дәнді дақылдардаSeptoria туысына жататын морфологиялық қасиеттері мен ие-өсімдіктерге мамандануы бойынша ерекшеленетін 10-ға жуық саңырауқұлақ түрлері белгілі. Бидайда жоғарыда келтірілген түрлермен қатарS. gramineum Desm. ,S. didickeana Bayd. et Picb., S. triticianaкездесуі мүмкін.Ауру белгілеріқоздырғыш түріне байланысты пішіні мен мөлшері әр түрлі келетін, сұрғылт, қоңырқай, күңгірт-қоңыр, хлорозды теңбілдер немесе дақтар ретінде байқалады. Мәселен,S. triticiсаңырауқұлағымен залалданған бидай жапырақтарындакөбінесе орталық жүйкені бойлай орналасқан қоңырқай немесе ортасы сұрғылт келетін жолақтар түзіледі. Олардың көлемі біртіндеп ұлғайып, некроздыүлкен дақтарға айналады,бір-бірімен ұласып, нәтижесінде жапырақтар біртіндеп қурайды. Кейінірек дақтарда және масақ қауызындасызықша бойына қатарласа орналасқан, нүкте тәріздес жай көзбен көрінетін көптеген пикнидалартүзіледі.Олардыңпішінішар немесе эллипс тәріздес, диаметрі75-270 мкм,жоғарғы ұшында сопақ саңылаушасы бар. Бір пикнидада 20мыңға жуық конидиялар түзіледі, олардың тұрқы түзу немесе сәл иілген, жіп тәріздес,реңі түссіз,3-7 жасушалы, мөлшері 36-98 х 3,5-5 мкм .
S. nodorum бидайдың барлық мүшелерін– жапырақтарды, сабақ буынаралықтарын, масақтың қауызы мен ішінде түзілген дәндерді залалдайды. Өсімдіктердің өсу кезеңінде ауа-райы құрғақ болсаауруға шалдыққан мүшелерде пикнидалар мен конидиялар түзілмейді. Олар жиын-теріннен кейінгі бидай қалдықтарында күз және көктем айларында пісіп жетіледі.Пикнидалар жабынды ұлпа астында тереңірек орналасады, реңі күңгірт-қоңыр, пішіні шар тәріздес немесе сопақтау, диаметрі 40-250 мкм,жоғарғы ұшында саңылаушасы бар. Конидиялартаяқша тәріздес, түзу немесе сәл иілген, 1-3 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 18-33х2-4 мкм. Олар тамшы ылғал болса өне бастайды.20-250С температурадаS. tritici2-3 сағаттан кейін өнетін болса, S. nodorumүшін 12-14 сағат қажет.Өсімдік қалдықтарында қыстап шыққан пикнидалар көктем айларында пісіп-жетіліп,пикноспоралар сыртқа шашырап, ауа ағынымен егіске таралады. Еліміздің солтүстік өңірінде ауру жаздық бидайда көбінесе шілде айының ортасына қарай, өсімдіктер масақтана бастағанда байқалады. Шілде мен тамыз айларында жаңбыр мол жылдары пикноспоралар өсімдіктің өсу кезеңінде түзіліп, пісіп жетілуі мүмкін.Маусым мен шілде және тамыздың бірінші онкүндігінде жаңбыр мол жауған, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары(70-80%)және гидротермикалық коэффициент 1-1,5 аралығында болған жылдары ауру қатты өршиді.Бидай бір танапқа қайталана егілген жағдайда, әсіресе дарадақылда ауру ертерек байқалып, орның даму қарқыны жоғары болады. Инфекция тұқым арқылы таралуы және жабайы астық тұқымдастарда сақталуы мүмкін.Арнайы жүргізілген зертханалық және танаптық төжірибелер аурудың таралуында оларайтарлықтай рөл атқармайтынын көрсетті.
Жапырақтар мен сабақтардың некроздалуысалдарынан хлорофилл мөлшері және олардың мезгілінен ерте қурауынан өсімдіктердежүретін фотосинтез екпінділігі және басқада физиологиялық және биохимиялық үрдістердің қарқыны төмендейді. Осыған байланысты масақтарда байланған дән саны мноның салмағы азаяды. Масақ қауызының ауруға шалдығуымен дән түсімділігінің арасында жоғары корреляциялық байланыс бар. Егер күздік бидайдың масақтары ауруға төменгі дәрежеде шалдықса 1000 дәннің салмағы – 1,9-4,6 %, орташа болса 10-12, қатты шалдыққан жағдайда 19,3-27,9 %-ға дейін төмендейді.