1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет52/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Әдебиеттер

  1. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  2. Морозов Д.О., Коршунов С.А., Любоведская А.А., Мишуров Н.П., Коноваленко Л.Ю. Современные системы интегрированной защиты сельскохозяйственных растений: науч. аналит. обзор. – М.: ФГБНУ «Росинформагротех», 2019. – 92 с.file:///C:/Users/ww/Downloads/obzorintegrirovannayazashchita.pdf

  3. Өсімдік қорғау туралы заң: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000331_

  4. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  1. Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных для применения в Республике Казахстан на 2013-2022 годы. - Астана, 2013. – 151 с.

  2. Ш.Ш. Бекенова, Г.Т.Есенбекова. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, 2022. - 112 б.

  3. Бекенова Ш.Ш. Тәжірибелік фитопатология және энтомология. Оқу құралы. - Нұр- Сұлтан, 2022. – 175 б.

  4. А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С. Байбусенов, Д.Жақып, Б.Жексенбай. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары: Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарына арналған . – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2016. - 280 б. Онлайн сілтеме: http://extension.kazatu.kz/file_recom/Osimdik_korgaudyn_himiyalyk_kuraldary_up0kyU4s.pdf

  5. Ә.Қ.Тулеева, Б. Жексенбай, Ш.Б. Сейтжанова. Өсімдіктерді қорғау әдістері / ПОӘК. - Астана, 2015. – 142 б.

  6. Защита садовых культур: Учебное пособие / Сост.: Л.Н. Соколова, О.В. Антюхова. – Тирасполь, 2020. – 136 с. obzorintegrirovannayazashchita.pdf

3 тақырып. Техникалық және майлы дақылдардың негізгі зиянкестері. Күресу шараларын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: Техникалық және майлы дақылдардың негізгі зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен танысу және күресу шараларын ұйымдастыру.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, зиянкестер коллекциясы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 – тапсырма: Техникалық дақылдарға зиян келтіретін күнбағыс қан көбелегінің және күнбағыстың мұртты қоңызының, қант қызылшасы зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін білу. Күресу шараларын меңгеру.
2. Майлы дақылдарға зиян келтіретін негізгі зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін білу. Күресу шараларын меңгеру.

Түсініктеме: Кәдімгі қызылша бізтұмсығы- Bothynoderes punctiventris Germ. Қоңыз түсі түссіз қоңыр, басы ұзынша құбырланып келген үстіңгі қанаттарының ортасында қара жолақ тартпа, ал олардың бітер ұшында ақшылдау төмпешігі бар. Ұзындығы 12-16 мм. Жұмыртқалары сопақша, ақ сары түсті ұзындығы 1,2-1,3 мм. дернәсілдердің түсі ақшыл аяқсыз, доға тәрізді шілген басы сары қоңыр. Денесінде көлденең жиынтықтар, ал арқасының бірінші кеудесінің сегментінде жылтыраған көлденең төмпешік бар, ұзындығы 30 см дейін. Қоңыздар топырақ арасында 10-50 см дейінгі тереңдікте қыстайды.


Жер бетіне олар ерте көктемде, қызылша көктемей тұрғанда шығады. Қызылша көктеп шыққанша қоңыздар алаботалы арамшөптермен қоректеніп кейіннен қызылша егісіне көшеді. Зияндылығы өскін шыққан 2-3 жапыраққа дейін қауіпті, қоректеніп біткен соң мамыр айының басында ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстінгі қабатына салады. Өсімталдығы - әрбір ұрғашы қоңыз 60-100 жұмыртқадан салады. Дернәсілдері қызылшаның және алабота туыстасына жататын өсімдіктердің тамырларымен қоректенеді, маусым-шілде айларында дернәсілдері өздерінің дамуын бітіріп топырақтан бесік салып қуыршақтанады. Қуыршақтық фазасы 2-4 апта. Жаңа қоңыздар жер бетіне шықпайды, ендігі көктемге дейін топырақта қыстайды.
Даму мерзімі біржылдық қызылша бізтұмсығы жұмыртқаларын алабота туыстас арамшөптермен зақымдалған жердің барлық жеріне салады. Қант қызылша егістіктері жиі суғарылып тұрғандықтан бізтұмсық дернәсілдері өледі, сондықтан суғармалы егіншілікте бізтұмсықтар қызылша алқабының шегінде болмай тек қана өскіндерге қауіп төндіреді.
ЭЗШ- өскін шыққаннан 2-3 жапыраққа дейін 1 м2-де 0,2-0,3 қоңызы.
Бізтұмсық қоңызының вегетациялық кезеңдегі саны ауа райына тәуелді, жазы жаңбырлы және суық жылдары бізтұмсұқтардың дамуы тежеліп дернәсілдермен қуыршақтар қыстаудың алдында аурулардан қырылады. Ал, жазы –күзі жылы жылдары қызылша бізтұмсығы өзінің дамуын бітіріп үлкен қоңызға айналу фазасына өтіп үлгерді.
Оңтүстік және оңтүстік шығыста қант қызылшасын бізтұмсықтардың басқа да түрлері зақымдайды атап айтқанда кіші тамырлы, ақшылдау, жолақты, шығыстық және басқа.
Қызылша сұр бізтұмсығы–Tanymecus palliatus Fabr. Барлық жақта таралған. Сұр бізтұмсық – полифаг, әр түрлі өсімдіктермен қоректенеді, астық туыстастан басқа. Ол қызылшаның көшеттерін, тұқымынан шыққан көктерін, күнбағысты, көпжылдық шөптерді, көкөніс, бақша және басқада дақылдарды зақымдайды. Өсіп-даму уақыты екі жылға созылады.
Қоңыз – бір түсті сұр, басы қысқаша құбырланып келген (ұзындығы –енімен бірдей) мұртшалары бүгілмелі, қоңыздың ұзындығы 8,5-12 мм (70 – сурет).
Жұмыртқалары доға тәрізді, ақшыл ақшылсары, шамамен ұзындығы 1 мм.
Дернәсілі аяқсыз, құрттәрізді, алғашында ақ, қыстан кейін сарылау, сарыбасты, соңғы сегменті жартылай цилиндірлі төмпешік, ұзындығы-10-12 мм.
Қуыршағы босаңқы, сары –ақ , ұзындығы шамамен 10 мм.
Қоңыздары және әр-түрлі жастағы дернәсілдері топырақ арасында 10-50 см дейінгі тереңдікте қыстайды. Сәуір-мамыр айларында қоңыздар топырақ бетіне шығып әр түрлі өсімдіктермен қоректенеді, бірақ жұмыртқаларын топыраққа салады, шырмауықпен қалуен өсетін жерге өйткені, дернәсілдердің басты қорегі болып саналады. Жұмыртқалау кезеңінің созылуы мамыр-тамыз айлары.
Өсімталдығы - әрбір ұрғашы қоңыз 700 жұмыртқаға дейін. 18-20 күннен кейін дернәсілдер туылады, дернәсілдер әр түрлі өсімдіктердің тамырларымен аударылған жерлерде және одан терең 100 см-де қоректенеді. Дернәсілдер он жастан өтеді, жаздық ортасында қуыршақтары шығады.Тамыз айында жаңа қоңыздар пайда болады, келесі жылдың көктем айына дейін топырақта қалады. Қоңыздар қызылшаның жас жапырақтарын және тұқым жарнағын (ойып зақымдайды), тұқым жарнағының буыны және өсу нүктесін зақымдайды. Осындай зақымдалудың нәтижесі салдарынан өсімдіктер сирек өледі.
Дернәсілдері көпжылдық және екіжылдық арамшөптердің тамырларында дамиды (қалуен, шырмауық, түйетікен және басқалары), қант қызылшасын зақымдамайды.
Қызылшаның өскіндерінде қоңыздың ЭЗШ-гі, күнбағыста - 0,2- 0,3 дана/м2, фазасында 2 - 4 жұп жапырақта - 0,5- 0,6 дана/м2.
іп дамиды. Жалған піллә күйінде топырақ арасында (3-10 см тереңдікте) қыстайды. Шыбындар сәуір айының аяқ кезінде ұшып шығады, әр түрлі өсімдіктердің гүл нектарымен біраз уақыт қоректеніп, көбеюге кіріседі. Жұмыртқаларын қызылшаның және басқа сол туыста
Күнбағыстың қан көбелегі Homoeocosoma nebulella Hd. Жаппай таралған. Монофаг, тек қана күнбағысты зақымдайды.
Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр орта жерінде төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ, қара қоңыр тамшықтары және шашақтары бар жұмыртқасы сүттей ақ, сопақша,0,2-0,3 мм.
Есейген құрт сары-жасыл түсті, арқаны бойлай үш қарақызыл жолақтар өтеді, басы қоңыр, дене тұрқы -15-18 мм.
Бес жастағы жұлдызқұрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Мамыр айының аяғында құрттар қуыршақтанады, көбелектердің ұшуы маусым айының басында байқалады.
Аналықтары жұмыртқаларын біреуден күнбағыстың гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған құрттар гүлдің генеративті бөлігімен қоректенеді.Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсты, топырақта қуыршақтанады. Топырақтың жоғары қабатынан піллә тоқып, соның ішінде қыстайды.Өсімталдылығы 100-300, ең көп салуы 400 дана. Эмбриональды дамуы 3-7 күн.
Бірінші және екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап құрттар паренхеманың ішінен жол жасап, тұқымның ішіне еніп қоректенеді.
3 тапсырма: кестелерді толтыру.



  1. Кесте Қант қызылшасы зиянкестерінің сипаттамасы

    Түрі, тұқымдасы, отряды

    Зақым келтіретін кезеңі

    Зақым келтіретін дақылдары

    Зақымдайтые кезеңі

    Зақымдау белгісі

    ЭЗШ

    Күрес шаралары





















































































  2. Кесте Күнбағыс зиянкестерінің сипаттамасы

Түрі, тұқымдасы, отряды

Зақым келтіретін кезеңі

Зақым келтіретін дақылдары

Зақымдайтые кезеңі

Зақымдау белгісі

ЭЗШ

Күрес шаралары





















































































Кесте 3 – Рапс зиянкестердің ЭЗШ

Зиянкес

Бақылау кезеңі

ЭЗШ

Айқышгүлділер бүргесі-крестоцветные блошки-

Өскін -Всходы

2-3 қоңыз/өсімдікке немесе
м2/ қоңыз 5-тен жоғары

Шалғын көбелегі-Луговой мотылек

Өскін, жас өсімдіктер
Өсу даму кезеңі

5-10 жұлдызқұрт/м2,
м2/ жұлдызқұрт 20-дан жоғары

Рапс егеуіші

Өсу даму кезеңінде

өсімдікте / жұлдызқұрт 2-жоғары болса

Тұқымның жасырын бізтұмсығы

Ауа температурасы 120С шамасында болғанда

1-2 қоңыз/40 өсімдікке

Рапс гүлжегірі

Шанақтану

0,5-3 қоңыз / өсімдікке

Қырыққабат көбелегі-
Капустная совка

Өсу даму кезеңінде

1-3 жұлдызқұрт / өсімдікке

Қырыққабат күйесі-
Капустная моль

Өсу даму кезеңінде

2-5 жұлдызқұрт / өсімдікке

Ақ көбелек- Белянки

Өсу даму кезеңінде

3-5 жұлдызқұрт / өсімдікке

Айқышгүлділер қандаласы-Крестоцветные клопы

Өскін
Өсу даму кезеңінде

0,2 дана./ өсімдікке
1-2 экз./м2

Қырыққабат биті- Капустная тля

Өсу даму кезеңінде

2 колония/м2
60 дарақ/ өсімдікке





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет