1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет51/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Зиянды нысаның атауы

Латынша атауы

Зақым келтіретін дақылдары

1

Азиялық сүген және қара сүгеннің түрлері







2

Американдық ақ көбелек







3

Жұпсыз жібек көбелек







4

Калифорниялық қалқаншалы сымыр







5

Комсток сымыры







6

Қауын шыбыны







7

Шығыстың жеміс жемірі







8

Жеміс ағаштарының бактериалды күйігі







9

Картоптың алтын түстес нематодасы







10

Арамсояу







11

Жатаған у кекіре







12

Жусан жапырақты ойраншөп







13

Көпжылдық ойраншөп







14

Тікенекті алқа







2 кесте – Сыртқы карантинге жататын ағзалар тізімі



Зиянды нысаның атауы

Зиянкестер.

1

Азиялық мақта көбелегі

2

Азиялық көпқоректі дән қоңызы

3

Алма шыбыны

4

Алма зер қоңызы

5

Алмұрт қан көбелегі

6

Американдық беде минері

7

Андылық картоп бізтұмсығы

8

Апельсин қалқаншалы сымыры

9

Ақ жиекті қоңыз

10

Батыс жүгері (диабротика) қоңызы

11

Батыс (калифорниялық) гүл трипсі

12

Египеттік мақта көбелегі

13

Жапондық қоңызы

14

Жапон таяқша тектес сымыры

15

Жапон балауызды жалған сымыры

16

Жеміс бізтұмсығы

17

Түйнектің бүрге қоңызы

18

Жерортатеңізі жеміс шыбыны

19

Капр қоңызы

20

Картоп күйесі

21

Картоп қоңызы- түйнек бүргесі

22

Картоп қоңызы- бүргесі

23

Қызанақ жапырақ үнгісі

24

Қызанақ жапырақ миналаушысы

25

Қытайлық дәнек қоңызы

26

Мақта күйесі

27

Оңтүстік американдық жапырақ миналаушысы

28

Оңтүстік американдық үнгі шыбыны

29

Пальма трипсі

30

Темекі ақ көбелегі

31

Темекі ақ қанаты

32

Төртдақты дән қоңызы

33

Тұт ағашының қалқаншасы

34

Сібірлік мақта көбелегі

35

Үлкен мандарин шыбыны

36

Үнді бұршақ бізтұмсығы

37

Филлоксера

38

Цитрус ақ көбелегі

39

Цитрус миналаушы күйесі

40

Цитрус ақұнтақ сымыры

41

Шабдалы жеміс жемірі

42

Шығыс сібірлік қылқанды сүген

43

Шығыс цитрус қалқаншалы сымыры

44

Інжір балауызды жалғансымыры

Жұмырқұрттар.

45

Бозарған картоп жұмырқұрты

46

Қарағай ағашының жұмырқұрты

47

Қарағай діңінің жұмырқұрты

48

Колумбиялық тамырдың галлды жұмырқұрты

Аурулар.

49

Андылық картоп бедерлілігі

50

Алхоры шаркасы

51

Бақытгүл аскохитозы

52

Бақытгүл ақ таты

53

Бидайдың шырышты бактериозы

54

Бидайдың үнділік қаракүйесі

55

Еменнің кебуі (сосудистый микоз)

56

Жүгері диплодиозы

57

Жүгері жапырақтарының оңтүстік гельминтоспориозды дағы

58

Жүгерінің бактериалды солуы

59

Жүгерінің бактериалды солуы (вилт)

60

Жүгерінің оңтүстік гельминтоспориозы

61

Жүзімнің алтынреңді сарғаюы

62

Шабдалының латентті мозаикасы

63

Картоптың Андылық теңбілі

64

Картоптың қоңыр шірігі

65

Картоп қаракүйесі

66

Картоп рагы

67

Картоптың сарғаюы

68

Күнбағыстың фомопсисі

69

Күріштің бактериалды күйігі

70

Күріштің жолақты бактериозы

71

Қызылшиенің жапырағының жонғылануы

72

Қызынық бактериозы

73

Қарағай бұтақтары мен ағашының ісігі

74

Мақта антракнозы

75

Таңқурай мен бүлдіргеннің тамыр фитофторозы

76

Техастық тамыр шірігі

77

Шабдалы ашалы мозаикасы

Арамшөптер.

78

Барқытты шырмауық

79

Египеттік стрига

80

Жіптесін итошаған

81

Калифорниялық күнбағыс

82

Карольдік алқа

83

Кірпікті күнбағыс

84

Қолтықты аюбадана (көпжылдық ива)

85

Стригалар

86

Сары стрига

87

Сирек гүлдің сызық жапырақтысы

88

Сызық жапырақты алқа

89

Сұңғылалы стрига

90

Үшбөлікті ойраншөп

91

Үш гүлді алқа

92

Ойықты шырмауық

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарантинді ағзаларды анықтау әдістері

  2. Ішкі карантиндік ағзаларды атаңыз

  3. Карантиндік ағзаларға қарсы күрес шаралары

  4. Карантиндік ағзалардың енуі қалай жүзеге асады?

Зертханалық – ІССАНАЛЫҚ сабақтар

1 тақырып. Пестицидтерддің жіктелуі. Өсімдіктердің зиянды ағзаларын анықтау әдістері.


Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан қорғау үшін қолданылатын пестицидтердің химиялық топтары бойынша жіктелуімен, әсер ету механизмі және ағзаға ену әдісімен танысу. Зиянды ағзаларды анықтау әдістерін оқып үйрену.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 - тапсырма: Пестицидтердің жіктелуімен танысып 1, 2, 3, 4 - кестелерді толтыру.
2- тапсырма: Ауыл шаруашылық дақылдарға зиян келтіретін зиянкестер, аурулар, арам шөптермен танысу және анықтау әдістерін меңгеру. ЭЗШ.
Түсінік: Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – Пестицидтер - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар.
Пестицидтердің жіктелуі. Пайдаланылатын мақсаттарына 
қарай пестицидтер жоғарыда атап өткеніміздей, мынадай бірне-
ше санатқа жіктеледі: 
– инсектицидтер – насекомдарды; 
– гербицидтер – арамшөптерді; 
– родентицидтер – кемірушілерді; 
– нематоцидтер – топырақтың паразиттік құрттарын; 
– аскарицидтер – зиянкес кенелерді; 
– фунгицидтер – өсімдіктерді саңырауқұлақ ауруларынан 
қорғау үшін қолданылады. 
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін зиянкестерді анықтау және есепке алу әдістері
Зиянды бөжектерді есепке алу әдістері олардың тiршiлiк ету ортасына байланысты өзгеріп отырады. Топырақта мекендейтін бөжектерді есепке алу қазба жасау арқылы жүзеге асырылады. Ең көп таралған топырақ 0.25м2 үлгі өлшемі (50х50 см). Қазу тереңдігі есепке алынған бөжектерге байланысты. Есептеуде шегірткенің күбіршегіне, шалғын көбелегінің қуыршағына 10 см тереңдік жеткілікті. 30-35 см тереңдікте көбінесе аса қауіпті бөжектерге, ал 1 м тереңдікте көбінесе топырақта терең қыстауға кететін бөжектерге жасалады. Әр есепке алуда 10 сынама жасалады. Топырақтан бөжектерді алу қолмен іске асырылады.
Топырақтың бетінде жүретін бөжектерді анықтауда жер тұзақтары пайдаланылады. Шыны банканы топырақтың астына көміп, үстіңгі беті 1-2 см шығып тұруы қажет және оған 2-4 % формалин құяды. Содан соң ені 5-7 см болатын үстіңгі қабатына дейін жететін жер валигі жасалады. Атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін тұзақтың үстінен 3-5 см жететін шыны немесе темір пластинкалар орнатылады. Тұзақтарды 7-10 күнге қояды.
Өсімдік бетіндегі тіршілік ететін бөжектерді есепке алу алаңдарында жасалады, оған 50х50 см жұқа рейкаларды және сым рамкаларды қолданады. Рамканы егіске орналастырады, одан кейін оның ішін жақсылап қарап шығады
Өсімдік бетіндегі бөжектерді қақпатормен сермеу арқылы аулайды. 10-25 рет сермейді, жекелеген жағдайда 50-100 рет сермейді.
Өсімдік ішіндегі бөжектерді анықтау үшін, оларды ашу арқылы анықтайды.

1 кесте - Қолдану объектісі бойынша пестицидтердің жіктелуі



Пестицидтердің топтары

Қолдану объектілері

Препарат мысалы

Акарицидтер







Альгицидтер







Арборицидтср







Афицидтер







Бактерицидтер







Вермицидтер







Вирусоцидтер







Гербицидтер







Инсектицидтер







Инсектоакарицидтер







Ларвицидтер







Лимацидтер моллюскоцидтер







Нематицидтер







Овицидтер







Родентицидтер (зооцидтер)







Фунгицидтер









2 кесте - Ағзаға ену әдісі бойынша пестицидтердің жіктелуі



Пестицидтердің топтары

Ену әдістері

Препарат мысалы

Ішекке әсер ететіндер







Жанаспалы әсер ететіндер







Жүйелі әсер ететіндер







Фумигациялы әсер ететіндер







З кесте - Әсер ету сипаты бойынша пестицидтердің жіктелуі

Пестицидтердің топтары

Әсер ету сипаты

Препарат

Антифиданттар







Аттрактанттар







Феромондар (жыныстық еліктіргіштер)







Десиканттар







Дефолианттар







Қорғанышты әсер ететіндер







Емдік әсер ететіндер







Түбімен жойып әсер ететіндер







Тандап әсер ететіндер







Жалпы жойып әсер ететіндер







Хитин синтезін тежеушілер (ИСХ)







Ювеноидтар







Кайромондар







Өсімдіктердің өсуін реттегіштер







Ретарданттар







Жаппай әсер ететіндер







Репелленттер







Хемостерелянттар







4 кесте - Химиялық топтары бойынша пестицтидтердің жіктелуі

Пестицидтердің топтары

Препарат мысалы

Бейорганикалық қосылыстар




Шығу тегі табиғи заттар (биопестицидтер)




Органикалық жасанды қосылыстар




Бақылау сұрақтары



  1. Пестицидтердің жіктелуі.

  2. Пестицидтер химиялық топтары бойынша қалай жіктеледі?

  3. Өсімдік зиянкестерін анықтау жолдары.

  4. Зиянкестерді есепке алу әдістері

  5. Зиянды бөжектер санын анықтау қалай жасалады.



Әдебиеттер

  1. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  2. Технологические приемы и средства защиты полевых культур от болезней, вредителей и сорняков (НАУЧНОЕ РУКОВОДСТВО): ФГБНУ НИИСХ ЦЧП им. В.В. Докучаева, авторы – составители: Велибекова Е.И., Турусов В.И., Мосолова М.М. – Воронеж: издательство «Истоки», 2018. – 337 с. niidokuchaeva.ru

  3. Морозов Д.О., Коршунов С.А., Любоведская А.А., Мишуров Н.П., Коноваленко Л.Ю. Современные системы интегрированной защиты сельскохозяйственных растений: науч. аналит. обзор. – М.: ФГБНУ «Росинформагротех», 2019. – 92 с.file:///C:/Users/ww/Downloads/obzorintegrirovannayazashchita.pdf

  4. Өсімдік қорғау туралы заң: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000331_

  5. Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных для применения в Республике Казахстан на 2013-2022 годы. - Астана, 2013. – 151 с.

  6. Бекенова Ш.Ш. Тәжірибелік фитопатология және энтомология. Оқу құралы. - Нұр- Сұлтан, 2022. – 175 б.

  7. А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С. Байбусенов, Д.Жақып, Б.Жексенбай. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары: Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарына арналған . – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2016. - 280 б. Онлайн сілтеме: http://extension.kazatu.kz/file_recom/Osimdik_korgaudyn_himiyalyk_kuraldary_up0kyU4s.pdf

  8. Ә.Қ.Тулеева, Б. Жексенбай, Ш.Б. Сейтжанова. Өсімдіктерді қорғау әдістері / ПОӘК. - Астана, 2015. – 142 б.

2 тақырып. Астық дақылдарының және бұршақ тұқымдас дақылдардың негізгі зиянкестері. Күресу шаралары.

Сабақтың мақсаты: Астық дақылдарының және бұршақ тұқымдас дақылдардың негізгі зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен танысу және күресу шараларын ұйымдастыру. Міндеті: Ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіретін зиянкестердің морфологиялық және биологиялық ерекшешліктерін зерделеу. Кестені толтыру.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, зиянкестер коллекциясы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022


1 – тапсырма: Астық және бұршақ дақылдарына зиян келтіретін негізгі зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін білу. Күресу шаралары меңгеру.

Жұмыстың мазмұны:


Бидай трипсі Нaplothrips triticі. Қазақстанда жаппай таралған. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Бидай дақылын зақымдайды.
Имагосы. Ересек бөжектері ұсақ, түсі қара, денесі жіңішке ұзын, екі жұп жіңішке қанаттары шеттерінен ұзын шашақтар, құрсағының ең соңғы сегменті түтікше тәрізді созылған, денесінің ұзындығы 1,5-2 мм.
Жұмыртқасының түсі сұр-қызғылт, ұзын-сүйір, ұзындығы 0,5-0,6 мм
Балаңқұрттары - ұсақ, түсі алғашында қызғылт, содан кейін қызыл болады, 2,2 мм.
Ересек балаңқұрттар жаздық, күздік бидайдың аңыздары және топырақ түйірлерінің арасында, өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Топырақтың жоғарғы қабаты 80 С-қа дейін қызған кезде оянады. Балаңқұрттар аңыздағы сабақ ішіне еніп осы жерде 1-2 апта қоректенбей, қозғалмай пронимфа және нимфаға айналады.
Оңтүстікте ересек трипстер сәуірдің аяғымен мамыр айының ортасында шығады. Олардың максималды саны күздік бидай дақылының масақтану кезінде байқалады. Осы мезгілде трипстер масақтарға баттасып жабысып, олардың түсі қара сияқты болып кетеді. Сосын трипстер жаздық бидай егістігіне ұшып ауысады. Күздік бидай егілмейтін солтүстік аймақта трипстер жаздық бидай егістігінде, дақылдың түтіктену, масақтанудың басталуы фазасында жаппай байқалады.
Жұмыртқаларын масақ қабыршағының ішкі жағына немесе масақтың өзегіне топтастырып салады. Жұмыртқалауының мерзімі бір айға дейін созылады, трипстің өсімталдылығы 20-25 жұмыртқаны құрайды. Туылғанына 6-7 күн өткен балаңқұрттар масақ қабыршақтарынан және масақтың гүлді қабығының солін сора бастайды. Нәтижесінде масақты шығару тежеледі, масақтың түрі өзгеріске түседі. Қатты зақымданған түйіннен дән байланбайды. Сонымен қатар трипс жапырақты және сабақты зақымдайды, соның әсерінен жапырақтың түрі өзгеріске ұшырайды және дақтар пайда болады. Балаңқұрттар дәнде сүттеніп балауыздану фазасының соңына дейін, дәннің толық пісуіның басталуы фазасына дейін қоректенеді. Ылғалдылығы 35% -дан төмен кеуіп қалған дәнде трипстер қоректене алмайды, дәнді тастап қыстауға кететін орнын тауып кетеді.
Бидай трипсі дәннің салмағын, масақтың дән байлау қабілетін, дәннің тұқымдық сапасын төмендетеді. Өнімнің шығыны 20-40%-ды құрауы ықтимал.
Бидай трисінің ЭЗШ – сабақтану-масақтанудың басталуы кезінде 300 дарақ/10 аулағыш қақпатордың сермеуіне 1 сабаққа 10 трипс; дән байлау кезінде – 45-50 балаңқұрт/масаққа.
Астық бітелері Aphididae. Қазақстанда жаппай таралған. Бидайды, арпаны және басқа астық туыстастарды зақымдайды. Едәуір зиян келтіретін түрлері мыналар: кәдімгі астық бітесі – Schizaphis graminum Rond., үлкен астық бітесі – Sitobion avenae F., арпа бітесі –S. brachicolus Mordv. Кәдімгі астық бітесі Schizaphis graminum – қанатсыз тірі ағза туатын аналық, ұзындығы 2,7-2,9 мм-ге дейін, шөп тәрізді жасыл, құрсағының жоғарғы бетінде анық ұзын жасыл сызықшасы бар. Мұртшалары алты буынды, құйрығы жақсы дамыған, сөл соратын түтікшелері құйрығынан ұзынырақ, аталықтарының қанаты бар. Арпаның, сұлының, бидайдың, тарының, күріштің және астық туыстас шөптердің жапырағында, сабағында және жапырақ қынабында қоныстанады.
Үлкен астық бітесі Sitobion avenae – қанатсыз, негізгі бөлігі сарыжасыл немесе сарыбурыл, аяқтары, мұртшалары, сөл сорғыш түтіктері және құйрықтары ұзын. Денесінің ұзындығы 2,5-3 мм аралығында. Астық туыстастардың жапырағында, сабағында, масағында өмір сүреді, үлкен тобыр құрмайды, қимылы бәсең. Бірінші кезекте сұлыны, сосын қара бидайды, арпаны, бидайды, сонымен қатар басқа астық туыстастарды қоныстайды.
Арпа бітесі Brachycolus noxius – қанатсыз, денесінің негізгі бөлігі жіңішке, созылған, сарғыш-жасыл түсті. Сөл соратын түтікшелері өте кішкентай, мұртшалары денесінің ұзындығының жартысынан қысқа. Басы, кеудесі, аяқтары және сөл соратын түтіктешелері бозғылт-бурыл.
Ересек бітенің денесінің ұзындығы 2,5 мм шамасында. Топтасып, сұр балауыз өңезбен қапталған, бидайдың және арпаның түтікшеге бүріскен жоғарғы жапырақтарында өмір сүреді.
Бұл бітелер мәдени күздік және жабайы астық туыстастарда жұмыртқа фазасында қыстайды. Көктемде жұмыртқалардан балаңқұрттар туылады, олар қоректеніп өседі және бірнеше қабығын тастағаннан кейін тірі ағза туатын қанатсыз негіз құраушы – аналыққа айналады. Жаздық дақылдардың өскін кезеңінде балаңқұрттардың арасында қанатты бітелер – таратқыштар пайда болады. Шөптерден және күздіктен жаздық егістікке ұшып ауысады, онда балаңқұрттар туылып топтасады. Өсімдіктерде бітелердің максималды санының өсуі әдетте оңтүстікте астықтың сабақтану-масақтанудың басталуы фазасына, солтүстікте балауызданып пісуі фазасына сәйкес келеді. Жаз мерізімінде астық туыстастарда дамып, 15 ұрпақ беруі мүмкін. Дақылдың пісуі фазасында өсімдік қатайып, оның ұлпалары кеуіп қалады, қоректену жағдайы төмендейді, бітелердің саны азаяды. Қайтадан қанатты таратқыш аналықтар топтасып жас сөлді астық туыстастарға көшеді. Қыркүйек – қазан айларында жыныстық дарақтар пайда болады – аталықтар және аналықтар, олар ұрықтанудан кейін қыстайтын жұмыртқалар салады. Жұмыртқа салғаннан кейін жылдық өмір сүруі аяқталады. Ересек дарақтар алғашқы аяздан өледі.
Бітелер қоныстанған өсімдіктер өспей қалады, жоғары дәрежеде зақымданған жағдайда олардың жапырақтары бұралады және кебеді, масақ дамымай, дән семіп қалады.
ЭЗШ – бидайдың сабақтану – масақтанудың басталуы фазасында 10% қоныстанғанда 10-20 дарақ/сабаққа, 20-30 біте/масаққа немесе 50 біте/10 аулағыш қақпатордың сермеуіне.
Кеміргіш зиянкестер. Астықтың жолақты бүргесі - Phyllotreta vittula Redt. Барлық жерлерде таралған, сонымен қатар көп таралуы және зияндылығы республикамыздың солтүстік бөлігінде анықталып отыр. Астық туыстас дақылдарды зақымдайды.
Қоңызының ұзындығы 1,5-2 мм, қара түсті, басы және арқасының алдыңғы жағы жасылдау немесе көгілдір реңді металдай жылтыр. Үстіңгі қанаттарында ұзын салалы сары жолақтар бар. Мұртшаларының бірінші 4 бөлігі мен сирақтарының түк бөлігі сары, артқы сандары жуан, жақсы секіреді.
Жұмыртқасы сопақ, ақшыл-сары, ұзындығы 0,5 мм.
Балаңқұрттарының түсі ақ, сирек түктері бар, ұзындығы 3,5-5 мм, үш жұп көкірек аяқтары болады. Құрсағының соңғы сегменті хитинді және соңғы жағында мықты жоғары қарай иілген тістер болады
Қоңыздары егістік аралығында, жыраларда, өсімдік қалдықтарының астында, сонымен қатар топырақтың жоғарғы қабатында 5 см-ге дейін тереңдікте қыстайды. Көктемде ауа температурасы +7 +90С болған кезде оянып, сол қыстау орнынан шыққан жерлерінде қоректенуді бастайды, одан кейін күздік және жаздық дәнді дақыл егістіктеріне көшеді. Солтүстік өңірде қоңыздардың біразы мамыр айының соңы – маусым айының басында шығады. Жұмыртқаларын топырақың жоғарғы қабатына 1-3 см тереңдікке салады. Өсімталдылығы 60-70 жұмыртқаға жетеді. Эмбрионалды дамуы шамамен 25 күнге созылады. Туылған балаңқұрт дәнді дақылдар мен жабайы астық туыстас өсімдіктердің ұсақ тамырларымен қоректеніп, өсімдікке аса үлкен зиян келтірмейді. Қоректенуін тоқтатып топырақтағы үйшігінде қуыршақтанады. Қуыршақтану сатысы 10-19 күнге созылады. Солтүстікте қоңыздардың жаңа ұрпағы шілденің ортасында пайда болады. Мәдени және жабайы астық туыстас шөптердің жас жапырақтарымен қоректенеді. Қоңыздары тамыз-қыркүйек айларында мәдени және жабайы астық туыстас шөптері бар орындарға қыстауға кетеді.
Көктемде қоңыздар өскіндердің жапырақтарының үстіңгі жағындағы паренхимасын тістеп-қырнап зақымдайды. Бүрге зақымдаған өсімдік нашар өсіп, олардың өсуі тежеледі, түптенуі төмендейді. Егер өскіндердің жапырақ бетін 50%-дан жоғары зақымдаған жағдайда өнімнің 20%-на дейін, ал 75% зақымданған жағдайда өсімдік толық қурап өліп қалады. Ерте себілген егістіктерде кеш себілген егістіктерге қарағанда қатты зақымдайды. Көктем ыстық, құрғақ болған жылдары бүргенің зияндылығы жоғары болады. Өте жоғары дәрежеде күздік қара бидай, арпа, жаздық бидайды зақымдайды, ал сұлы, жүгері дақылдарын төмен дәрежеде зақымдайды. Астықтың жолақты бүргесі сонымен қатар көпжылдық астық туыстас шөптерді, қант қызылшасы, қыша, қырыққабат өскіндерін де зақымдайды.
ЭЗШ – бидайдың өскін фазасында 300-400 қоңыз/100 аулағыш қақпатордың сермеуін немесе 300-400 қоңыз/м2 және 1 қоңыз/өсімдікке.
Гессен шыбыны Mayetiola destructor Say. Екі қанаттылар (Diptera) тобының астық шыбындары (Cecidomyiidae) туыстасына жатады. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының далалық аудандарында таралып зияндылығы жоғары болады. Жаздық бидайдың жұмсақ сорттарын едәуір жоғары, ал қатты сорттарын және арпада зияндылығы төмен болады. Зиянкес қоныстанған өсімдік өсуі тежеледі (төмен болады), сабақ буындары буылдыр қисық болып өседі. Бидайды орып, жүйекті жинаған кезде бұл сабақтар ілінбей жерде қалады, сондықтан зиянкестен келетін тікелей шығынның негізгі бөлігі болып табылады. Бір зиянкес сабақта қоректенген жағдайда дән салмағы 20-30% төмендейді.
Имагосының түсі күңгіртсұр, кішкентай басы және ұзын 17 буынды мұртшалары бар, кішкене масаға ұқсас. Денесінің ұзындығы 2,5-3,5 мм. Көкірегі қарасұр түстес. Қанаттары қара, 3 көлденең түтікшесі бар. Ауыз қуысы қызғылт, аналығының құрсағы жұмыртқа түрінде үшкір, ал аталығының құрсағы цилиндр тәрізді. Аяғы ұзын, қызыл Жұмыртқасының ұзындығы 0,5 мм, цилиндр пішінді, қызыл-қоңыр түсті, жылтырап тұрады.
Балаңқұртының ұзындығы 4,5 мм-ге дейін, қызғылт-сары, арқасында жасылдау жолақтары көрініп тұрады. Денесі 13 сегментке бөлінген. Артқы сегменті шорт доғаланған, ал соңғы сегментіндегі 2 жанама қалқаншаларда 4 кішкене жіпше тәрізді сорғышы бар.
Жалғанпіллә немесе пілләсі сарғылт-қоңыр, пішіні және түрі зығырдың дәніне ұқсайды.
Дәнді дақылдардың аңызында балаңқұрттары піллә ішінде қыстайды. ауа райы жағдайына байланысты негізінен бір-екі, кейде 3 ұрпақ береді. Балаңқұрттары мамырдың басында қыстау орындарында қуыршаққа айналады. Көктемгі ұрпақ шыбындарының ұшуы мамырдың екінші жартысынан бастап, маусымның басына дейін жалғасады, бұл мезгіл дәнді дақылдардың өскіндерінің жаппай шығу кезеңімен сәйкес келеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты диапаузаға кетуі мүмкін. Жұмыртқаларын жапырақтың үстіңгі жағына тізбек етіп бірнеше дана салады. Орташа өсімталдылығы 200-250 жұмыртқа. Эмбрионалды дамуы 4-7 күнде аяқталады. Жаңа туылған балаңқұрт 5-6 сағаттан кейін жапырақ қынабына жылжып, содан кейін ішкі негізгі бөлігіне енеді, осында қоректеніп, сабаққа жабысады. Қоректенуін тоқтатып, бірінші ұрпақ балаңқұрттары піллә құрастырады. Аналықтары 5 күн өмір сүреді, осыншама уақытта жұмыртқалары дамиды, балаңқұрттары 15-25 күн аралығында, піллә шамамен 10-12 күнде дамиды. Температура жоғары және ылғалдылық төмен болған жылдары маусым айында – шілде айының басында 1-ші ұрпақ балаңқұрттарының басым бөлігі келесі жылдың көктеміне дейін диапаузаға кетеді. Ауа райы қолайлы болған жағдайда (қоңыр салқын температура, жауын-шашын) зиянкестің екінші ұрпағы дамып, шыбындардың ұшуы шілденің екінші онкүндігінде жүреді. Екінші ұрпақ балаңқұрттары негізі бидайдың 3-ші буынына қоныстанады. Абиотикалық факторлардан басқа гессен шыбынының дамуын және санын реттеуге тоғышарлармен залалдануы үлкен әсер етеді, тоғышарлар жылда балаңқұрттарды 10-нан 40%-ға дейін жояды.
Шыбынның балаңқұрттары жапырақ қынабына еніп сабақтағы шырынымен қоректенеді. Балаңқұрт бидайда түтіктенуден масақтану кезеңіне дейін зақымдайды. Өсімдікті ерте зақымдағанда - өсімдік қурап қалады, ал кеш зақымдағанда – сабақтың өсуі тежеледі, өзгеріске ұшырайды, өнім төмендейді. Гессен шыбынының көктемгі ұрпағының зияндылығы жоғары болады, себебі балаңқұрттары бидайдың сабағын түтіктенгенге дейін зақымдайды. Осы мезгілде зақымданған негізгі сабақ қурайды, оның орнына қосымша сабақ өседі. Өскіннің 2-3 жапырағы фазасында зақымданған жағдайда өсімдік қурап өліп қала ЭЗШ: егін себілгенге дейін 1 м2 –де 8-10 данадан жоғары тірі піллә; толық өскін – түптенудің басы фазаларында жұмыртқалары өсімдікте 30%-дан жоғары қоныстанған жағдайда.
2 – тапсырма: 1,2,3,4 - кестелерді толтыру.



  1. Кесте Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне сипаттама

Түрі, жүйелік орны.
Қысқаша биологиясы

Зиян келтіретін мерзімі

ЭЗШ

Қыстайтын фазасы, жері

Қолданылатын күрес шаралары

Алдын алу

жою








































  1. Кесте Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестеріне сипаттама

Түрі, жүйелік орны.
Қысқаша биологиясы

Зиян келтіретін мерзімі

ЭЗШ

Қыстайтын фазасы, жері

Қолданылатын күрес шаралары

Алдын алу

жою






































  1. Кесте Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестеріне сипаттама

Түрі, жүйелік орны.
Қысқаша биологиясы

Зиян келтіретін мерзімі

ЭЗШ

Қыстайтын фазасы, жері

Қолданылатын күрес шаралары

Алдын алу

жою






































  1. Кесте Бұршақ тұқымдас дақылдардың зиянкестеріне сипаттама

Түрі, жүйелік орны.



Зақымдайтын дақылы, зиян келтіретін мерзімі

Зияндылығы



Қысқаша биологиясы

Қолданылатын күрес шаралары































  1. Сорғыш зиянкестерге қандай насекомдар жатады?Шалғын көбелек қандай туыстасқа жатады?

  2. Сабақ іші зиянкестерге қандай насекомдар жатады?Шалғын көбелек қандай туыстасқа жатады?

  3. Кеміргіш зиянкестерге қандай насекомдар жатады?Шалғын көбелек қандай туыстасқа жатады?

  4. Ауылшаруашылығы өсімдіктерінен шалғын көбелегінің жұлдызқұрттары көбінесе қандай дақылдарды зақымдайды?

  5. Шалғын көбелегінің ЭЗШ-гі қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет