1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет54/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Есептеу әдістері. Пияздың зиянкестерінің сандарын анықтау үшін, өсімдіктердің зақымдану дәрежесіне, өсірілетін дақылдарға кезеңділік есеп жүргізіледі.
Тексеру төрт мезгілде 4 рет жүргізіледі. Бірінші тексеру көктемде, пияздың өскіндерінің шыға салысымен, екінші тексеру жаздың басында, үшінші тексеру өнімді жинау алдында сол әдістеме бойынша жүргізеледі.
Төртінші тексеруді өнім жиналып біткеннен кейін зиянкестердің қыстауға кеткен сандарын анықтау үшін жүргіземіз.
Алдыңғы тексеру жұмыстары, егістіктен шахмат тәртібі бойынша орналасқан қатардан жарты метрлік кесінділер түрінде 16 сынама алады. Әр сынамадағы өсімдіктерді мұқият қарайды, зиянкестің түрін, дамуын, орташа тығыздығын және зақымдану дәрежесін анықтаймыз. Соңғы тексеруде, егістіктен шахмат тәртібі бойынша орналасқан, өлшемі 50х50 см болатын 10 топырақ сынамасы алынады.

2. Кестелермен жұмыс.


1 – кесте Қырыққабат және сәбіз зиянкестерінің сипаттамасы

Зиянкестің атауы, жүйелі орны



Зақымдау кезеңі мен зақымдау типін сипаттау

дернәсілі

қуыршақтары

Ұрпақ саны

Қыстау кезеңі, өыстайтын жері

Күресу шаралары











































Бақылау сұрақтары:


1. Айқышгүлді дақылдарының зиянкестері, олардың жүйелі орындарын атап көрсет.
2. Айқышгүлді дақылдардың жапырақ кеміргіш зиянкестерінің зияндылық шегін атаңыз.
3. Айқышгүлді дақылдардың өнуі үшін қандай зиянкестер қауіпті?
4. Айқышгүлді дақылдардың зиянкестерінің қыстау кезеңін және қыстайтын орындарын атап көрсет.
5. Айқышгүлді дақылдардың зақымдау кезеңдерін атап көрсет.
6. Қырыққабат бітесінің тіршілік формалары.
7. Қандай көп қоректі зиянкестер көкөніс дақылдарына зиян келтіреді?
8. Қандай арнаулы зиянкестер көкөніс дақылдарын зақымдайды?
9. Пияз шыбыны мен пияздың ызылдақ шыбыны арасындағы қандай айырмашылық бар?
Әдебиеттер

  1. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  2. Өсімдік қорғау туралы заң: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000331_

  3. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  4. Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных для применения в Республике Казахстан на 2013-2022 годы. - Астана, 2013. – 151 с.

  5. Ш.Ш. Бекенова, Г.Т.Есенбекова. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, 2022. - 112 б.

  6. Бекенова Ш.Ш. Тәжірибелік фитопатология және энтомология. Оқу құралы. - Нұр- Сұлтан, 2022. – 175 б.

  7. А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С. Байбусенов, Д.Жақып, Б.Жексенбай. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары: Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарына арналған . – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2016. - 280 б. Онлайн сілтеме: http://extension.kazatu.kz/file_recom/Osimdik_korgaudyn_himiyalyk_kuraldary_up0kyU4s.pdf

  8. Ә.Қ.Тулеева, Б. Жексенбай, Ш.Б. Сейтжанова. Өсімдіктерді қорғау әдістері / ПОӘК. - Астана, 2015. – 142 б.

Защита садовых культур: Учебное пособие / Сост.: Л.Н. Соколова, О.В. Антюхова. – Тирасполь, 2020. – 136 с. obzorintegrirovannayazashchita.pdf
5 тақырып. Астық дақылдарының және бұршақ тұқымдас дақылдардың негізгі аурулары. Күресу шаралары.

Сабақтың мақсаты: Астық дақылдарының және бұршақ тұқымдас дақылдардың негізгі ауруларымен танысу және күресу шараларын ұйымдастыру.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, аурулар коллекциясы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 – тапсырма: Астық және бұршақ дақылдарына залал келтіретін негізгі аурулардың ерекшеліктерін білу. Күресу шаралары меңгеру.

Жұмыстың барысы: Қатты немесе дымқыл қаракүйе.Қоздырғышы –Tilletia secalis Kuhn. Ауру белгілері дән балауызданып пісіп келе жатқанда байқалады.Залалданған масақтар күңгірт-жасыл реңімен ерекшелінеді,масқашаларда дән орнына қаракүйе түйіршектері түзіледі. Масақша қауыздары толық жабылмай, ішінен жұқа үлбірмен көмкерілген қаракүйе түйірлері көрініп тұрады. Телиоспоралардың пішіні шар тәріздеснемесе сопақтау, көлденеңі18-22 мкм,реңі күңгірт-қоңыр,сыртқы қабықшасы сәл торланған. Инфекция топырақта сақталуы мүмкін және тұқым арқылы таралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет