1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет50/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Ішкі карантин
Қазақстан Республикасының өсімдік карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі республиканың жер аумағында өсімдіктің ішкі карантині бойынша шаралар кешенін іс жүзіне асырады. Ол зиянкестердің, өсімдік аурулары қоздырғыштарының, арамшөптердің республикадағы жоқ аудандарға зақымдалған аудандардан енуінің алдын алуға; карантиндік нысандарды дер кезінде анықтауға, оларды оқшаулау және жою; ауылшаруашылығы өнімдері мен басқа да карантиндік тексеруге жатқызылған материалдар өндіру, дайындау, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату кезінде өсімдік карантині жөніндегі ережелер мен шараларды бақылаудың орындалуын және оны ұйымдастыруға бағытталған.
Өсімдіктің ішкі карантинінің негізгі міндеттерінің бірі – республикадағы жер аумағының карантиндік жағдайын анықтау.
Республика жерінде карантиндік ағзалар ошақтарын дер кезінде тауып, олармен күрес ұйымдастыру және олардың одан әрі таралуын болдырмау үшін ауылшаруашылығы жерлерін, өсімдік тектес өнімдер сақталатын және өңделетін, карантинге жатқызылатын өнімдер келіп түсетін бекеттер және оған шектесіп жатқан жерлерін жүйелі түрде зерттеп отырады. Тексеру және қарау жұмысына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасының құрлық Мемлекеттік шекарасымен шектесіп жатқан аудандардың егістері мен ауылшаруашылығы және басқа өсімдіктер отырғызылған жерлер;
- тұқым, өсімдік және басқа өсімдік тектес өнімдер шет елден олар арқылы әкелінетін теңіз, өзен кемежайлары, әуежайлар, темір жол және автожол станциялары, сондай-ақ тас жолдар мен темір жолдарының бойлары;
-еліміз ішінде пайдалану және экспортқа шығару үшін тұқымдық жадығаттар мен отырғызу материалдарын өсіру, көбейту және сатумен айналысатын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің егістігі мен екпе ағаштары;
- шет елден жеткізілген және республикамыздың карантиндік тексеруге жатқызылған аудандарынан әкелінген тұқымынан және отырғызу материалдарынан, егілген барлық егістік пен екпе ағаштар;
карантиндік зиянкестер, өсімдік аурулары мен арамшөптер таралған, сондай-ақ оларға жақын аудандардың ауылшаруашылық және басқа жерлері;
- республикамыздың карантин қойылған аудандарынан немесе шет елден әкелінген өсімдік тектес өнімдер сақталатын және өңделетін орындар, элеваторлар, қойма ғимараттары, онымен бірге оларды әкелген көлік құралдары.
Ауылшаруашылығы, ормандық немесе басқа да жерлерден өсімдіктің карантиндік зиянкестері, ауру қоздырғыштары және арамшөптер байқалған уақытта Қазақстан Республикасында өсімдік карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің органдары табылған залалды ошақтарды оқшаулау және жою жөнінде шұғыл шаралар қолданулары керек және әкімшілік органдарына тиісті аумаққа карантин қою жайлы ұсыныс жасайды. Өсімдік карантині жөніндегі Мемлекеттік нұсқаушы дереу карантиндік зиянды ағзалар ошақтарының табылғаны жайлы табылған ошақтардың таралуының алдын-алу және шұғыл жою үшін, сонымен қатар халықты құлақтандыра отырып, тиісті жерлерге карантин қою жөнінде аудан әкімдігіне хабарлайды.
Жергілікті ауылшаруашылығы органдары мен Қазақстан Республикасы өсімдік карантинін қамтамасыз ететін Мемлекеттік жүйенің жоғары органдарын хабардар етеді. Карантиндік ереже енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу және оны алып тастау жөніндегі шешімді өкілетті органның ұсынуымен:
1) екі және одан да көп облыс жерінде болғанда – Қазақстан Республикасының үкіметі; 2) облыс, қала, аудан жерінде болғанда – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы орган қабылдайды. Карантин қойылғаны жайлы шешім қабылданған соң ҚР ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекция көмитеті кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, шаруашылық басшыларын, жалпы азаматтарды карантиндік шектеулер енгізілгені және карантиндік ағзаларды оқшаулау және жою бойынша қажетті шаралар жүргізілетіні жөнінде хабардар етеді, кәсіпорын, мекеме, ұйым шаруашылық басшыларының, азамат­тардың карантиндік шектеулер мен шараларды бұлтартпай орындауларын қатаң бақылауға алады.
Карантин қойылған жерлерден тұқым, өсімдік және өсімдік тектес өнімдер карантиндік қызмет шарттары мен ережелері сақталған жағдайда ғана шығарылады.
Карантин қойылған шаруашылықтардан карантиндік нысандар жоқ өзге шаруашылықтарға егу және отырғызу мақсатында пайдалану үшін тұқым және отырғызу материалын карантиндік сертификатсыз шығаруға тиым салынады.
1 кесте – Ішкі карантинге жататын ағзалар тізімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет