18-нұсқа
1.Кірме сөзді анықтаңыз
А) Қышқыл
В)* Бәтеңке
C) Ғарышкер
D) Желім
Е)Алыс
2.Бірыңғай ашық дауыстыларды белгілеңіз
А)*А,ә,о,ө
В)Ы ,е,і,э
С) Х ,т ,ф ,һ
D) А ,ұ ,ү ,и
Е) О,ө,и,у
3.Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз
А)Ж
В)Ф
С)Т
D)*Ң
Е)У
4.Жалпы есімді табыңыз
А)Майра
В)Құлагер
С)Қарағанды
D)*Көл
Е)Алматы
5.Негізгі сын есімді көрсетіңіз
А)*Терең
В)Табыскер
С)Ұйқышыл
D)Жазғы
Е)Киімшең
6.Жинақтық сан есімді табыңыз
А)Үш-үштен
В)Жиырма екі
С)Жүз
D)*Бесеу
Е)Оннан үш
7.Жіктеу есімдігін көрсетіңіз
А)*Сіздер
В)Осы
С)Бір
D)Өзім
Е)Сол
8.Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз
А)Қаладан қашық
В)Орындалған арман
С)Судан таза
D)*Балалармен әңгімелесу
Е)Жасыл жайлау
9.Хабарлы сөйлемді анықтаңыз
А) Неге үндемейсіз,әже
В) Домбыра,бостандықты жырла
С) *Білім-адамның қанаты
D)Астана
Е) Қолыңды тарт
10. Көп мағыналы сөзді аңықтаңыз
А)Олар
В) Ертең
С) *Жол
D) Жүретін
Е) Болды
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
А) Күллі ғалам
В) Нашар кісі
С) Дауыссыз дыбыс
D) *Айызы қану
Е) Күн көзі
12. Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсетіңіз
А) Арбалы
В) *Арбакеш
С) Арбада
D) Арбасын
Е) Арбаға
13. Бұйыра,талап тілек етіле айтылу мағынасын білдіретін рай түрін табыңыз
А) Ашық
В) Шартты
С)* Бұйрық
D) Жабық
Е) Қалау
14. Сын-қимыл(амал) үстеуі қандай сөз табымен тіркесетінін белгілеңіз
А)* Етістік
В) Сын есім
С) Шылау
D) Зат есім
Е) Есімдік
15. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз
А) Ерінбей еңбек етуге дағдылан.
В) Айт,айт,Шөжеке!Уа,төресін өзің айт.
С) *Бірақ Шымырбайдың қойшы деген аты ғана.
D)Асқанға аспан аласа.
Е)Оның мойнына су құйылып тұр.
16. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А)* Айран,сүт,қымыз-бәрі де ұлттық тағамдар.
В) Жылқы мен түйе сүтінен қатық ұйытылмайды.
С) Қатыққа еш нәрсе қоспай ішеді.
Д) Айран- ұйытылған сүт.
Е) Айранды пісіп,сары май шайқайды.
17. Ыңғайлас салалас құрмаласты табыңыз.
А) Ол еңбекқор еді.
В) *Таң атты,мен ояндым.
С) Клубта бірде кино болады,бірде концерт болады.
Д) Ән салынды,бірақ домбыра сазы естілмеді.
Е) Қалаға мен барамын, не Асан барады.
18. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Мүмкін,сәл кідіре тұрарсыз ?
В) Немене,риза емеспісің ?
С) Амал қанша,осылай болды.
Д) *Алма,алманы әкел.
Е) Сөйтіп,ол Домалақ ана атанды.
19. Шешендік сөздің Отаны саналатын елді көрсетіңіз.
А) Египет
В) Ассирия
С) *Эллада
Д) Үндістан
Е) Вавилон.
20. Бірігу арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз.
А) *Бүрсігүні
В) Жазғы
С) Оның киімі
Д) Қысы-жазы
Е) Оқыттыр.
21. Қосымшалы қос сөзді табыңыз.
А) Бұрқ-бұрқ
В)* Бала-шағаны
С) Ұн-мұн
Д) Ұзын-қысқа
Е) Мінез-құлық.
22. Көмекші етістікпен келген еліктеуішті табыңыз.
А) Алба-жұлба
В) Анда-санда келіп тұр.
С) Үйді-үйімізге тараймыз
Д)* Жалп-жалп етті.
Е) Құрт‑ құмырсқа көп.
23. Сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұндай жұмысқа енді баруға да болады.
А)* Жақсыз
В) Жақты
С) Атаулы
Д) Толымды
Е) Құрмалас
24. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз
А) Бөлтірік қашайын деп еді , күзен желкесін қырқып алды.
В) Тоқта деймін,тоқташы.
С)* «Салыстырудың қай‑қайсысы да кемшіліксіз болмайды»,‑ дейді неміс мақалы.
Д) «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Е) Ей,тентек қарындасым !
25. Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
А)* Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын.
В) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты.
С) Дегенмен,мен жаңылмаппын.
Д) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды.
Е) Тек не бұйырсаң да ,тезінен бұйырғайсың.
Достарыңызбен бөлісу: |