1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет18/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
19-нұсқа

  1. Дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А)* Ы, ұ, о.

В) Л, м, н.

С) Х, ң, һ.

D) П, р, ф.

Е) К, т, с.
2. Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған сөзді табыңыз.

А)* Қайрат.

В) Сақтан.

С) Парыз.

D) Тамыр.

Е) Арман.


3. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған жалқы есімді табыңыз.

А) Жасұлан.

В) Әулиеата.

С) Бекболат.

D)* Амангелді.

Е) Сарыарқа.


4. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.

А) Ауыр жүк.

В)* Аласарақ жер.

С) Жап-жарық.

D) Аппақ қар.

Е) Өте үлкен.


5. Жіктеу есімдігі қатысқан сөз тіркесін табыңыз.

А) Бірнеше кітап.

В)* Менің кітабым.

С) Ағамның кітабы.

D) Бес кітап.

Е) Қалың кітап.


6. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.

А)* Сарт-сұрт, арс-арс.

В) Қалбаң-қалбаң.

С) Арбаң, селк-селк.

D) Барды, оқыды, сүртті.

Е) Барша, тегіс.


7. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз.

А) Итті қуды.

В)* Кешке таман жетті.

С) Алтын тіс.

D) Жылтыраған сәуле.

Е) Арқанмен түсті.

8. Сөйлемді табыңыз.

А) Отыз метр.

В) Бала сияқты.

С) Әке-шеше қамқорлығы.

D)* Түн ортасында ауа райы бұзылды.

Е) Үш метрдей қашықтық.


9. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А) Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.

В) Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.

С) Бозбаламын – мен де енді.

D)* Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.

Е) Білім адамның – қанаты.


10. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А)* Сағынтып жастық дәурен желдей өткен,

Жастаулы қалған екен құс жастығым.

В) Жалығу, еріну жоқ, жасу да жоқ.

С) Болып ед жат та болса туысындай.

D) Көкірегі қайғылы, көзі жасты.

Е) Жақсыда жаттық жоқ.
11. Тұрақты сөз тіркесінің басқа атауын белгілеңіз.

А) Неологизм.

В)* Фразеологизм.

С) Термин.

D) Диалект.

Е) Архаизм.


12. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Жанармай.

В) Шоқжұлдыз.

С) Әлдекім.

D)* Бектас.

Е) Қалжыңбас.


13. Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз.

А) 1000-дап.

В) 100-деген.

С)* 10 даған.

D) Қырық-елу.

Е) Сағат 5-терде.


14. Қалау райлы сөзді табыңыз.

А) Әркім өз ойымен отыр.

В) Ғылым таппай мақтанба.

С) Келемін тау ішінде түнделетіп.

D)* Менің қалаға барғым келеді.

Е) Мен болсам ауылда қалдым.


15. Мөлшер үстеуін табыңыз.

А) Лажсыздан, өзінше.

В) Тіпті, өңкей.

С)* Соншалық, онша.

D) Алды-артында, әрі.

Е) Емін-еркін, өйтіп-бүйтіп.


16. Күшейткіш демеуліктер қатарын көрсетіңіз.

А)* –ақ, әсіресе, да.

В) –мыс, -міс, екеш.

С) түгіл, тұрсын, тұрмақ.

D) –ау, -еу, -мыс.

Е) ғана, тек, -ды.


17. Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

А)* Кек, намыс, білім, ақыл көкірек қоймасында дестелеулі.

В) Жиренше де Абайға енді жылы амандасты.

С) Зере Құнанбайға ұрысып, еріксіз бүгін көшетін етті.

D) «Аһ» деп жалын атып отыр.

Е) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.


18. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты.

В) Жаман есепші жанынан төлейді.

С)* Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.

D) Жауын жауса – жер ырысы.

Е) Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық.


19. Публицистикалық стильге қайсысы тән, табыңыз.

А)* Интервью.

В) Повесть.

С) Скетч.

D) Роман.

Е) Поэма.


20. Барлық сөздері басқа тілден енген сөздерден құралған қатарды белгілеңіз.

А) Театр, күрке, ханзада.

В) Секунд, пиала, төсек.

С) Әдебиет, зымыран, жүйе.

D)* Кірпіш, билет, пальто.

Е) Иман, үшбұрыш.


21. Түбірі өзгеріске ұшырап біріккен сөздер қатарын белгілеңіз.

А) Туынды, Сарыөзек.

В) Қонағасы, итбалық.

С)* Сөйтіп, ендігәрі.

D) Жүкаяқ, ата-ана.

Е) Әлдекім, белбеу.


22. Бір түбірдің әр түрлі қосымшада тұрып қайталануын көрсетіңіз.

А) Жүзбе-жүз.

В)* Барар-бармасымды.

С) Тау-тау.

D) Өз-өзінен.

Е) Ат-мат.


23. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі екенін көрсетіңіз.

Ол – еңбек адамы.

А) Сабақтас.

В) Атаулы.

С) Салалас.

D)* Жақты.

Е) Жақсыз.
24. Қыстырма сөзге тән қатарды белгілеңіз.

А)* Оқшау сөздің бір түрі.

В) Толық мағынасы бар сөз.

С) Көңіл-күйді білдіреді.

D) Біреудің назарын аударушы сөз.

Е) Өкінуді білдіретін сөздер.


25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

А) –Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал, деді Байжан.

В) «Япыр-ай мықты екенсіз ақсақал:» деді Байжан.

С)* –Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал!– деді Байжан.

D) –Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал:- деді Байжан.

Е) –Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал!,- деді Байжан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет