Сабақтың тақырыбы
|
Мақсаты
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жұмыс түрлері.
|
Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау
|
Негізгі дереккөздер немесе ресурстар
|
1
|
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
|
Техника қауіпсіздігін сақтау ережесі мен жұмыс жасау тәртібі туралы білік-дағды қалыптастыру
|
Қауіпсіздік техникасының ережесін білумен бірге оны қатаң түрде сақтайды
|
Жуан-жіңішке сұрақтар, көру, қайталау, есте сақтау. ББҮ
|
|
Электрондық оқулық
|
2
|
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.
|
«Ақпарат» ұғымын өз бетімен ашу, оның сан түрлілігіне мысал келтіру дағдыларын дамыта түсу; Ақпараттық процестердің негізгі этаптарын өз бетімен ұсынуға бейімделуге ықпал ету; Интерактивті жұмыс түрлері арқылы өзіндік ойын қорытуға бейімдеу;
|
Ақпараттың алуан түрлілігін сурет, сигнал, белгі, таңба т.б арқылы ажырата алады, кез-келген ақпаратты өңдеу тәсілдерін сипаттап береді. Мысал келтіре алады.
|
«Көрнекілік» стратегиясы, диалог, жіңішке-жуан сұрақтар, ДЖИГСО, семантикалық карта
|
Бағалау парағы
Үш шапалақ
|
Слайд, суреттер, сұрақтар, слайд, оқулық, ДК, интернет беттері, Электрондық оқулық
|
3
|
Ақпаратты өңдеу тәсілдері.
|
«Ақпарат» ұғымын өз бетімен ашуға ықпал ету арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыта түсу; топтық жұмыс құру арқылы ынтымақтаса жұмыс жасауға бейімдеу.
|
Ақпараттың алуан түрлілігін сурет, сигнал, белгі, таңба т.б арқылы ажырата алады, кез-келген ақпаратты өңдеу тәсілдерін сипаттап береді. Мысал келтіре алады.
|
«Түртіп алу» , Венн диаграммасы, тест, ашық сұрақтар диалог
|
2 жұлдыз, 1 тілек, бағалау парағы, кері байланыс
|
Слайд, сұрақтар, слайд, оқулық, ДК, интернет беттері, Электрондық оқулық
|
4
|
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері. Практикалық жұмыс
|
«Ақпарат» ұғымын өз бетімен ашуға ықпал ету арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыта түсу; ақпараттың өлшем бірлігі, саны туралы білік-дағды қалыптастыру; топтық жұмыс құру арқылы ынтымақтаса жұмыс жасауға бейімдеу. Өз бетінше практикалық жұмысты орындау алуға машықтандыру
|
Кез-келген ақпаратты өлшеп, салыстыра алады. Өлшем бірліктердің ең кішісінен үлкеніне қарай ақпаратты сипаттауға бейімделеді. Ақпаратты түріне қарай оның өлшемін болжай алады.
|
«Түртіп алу», Венн диаграммасы, тест, ашық сұрақтар диалог
|
Бағалау парағы
Үш шапалақ
|
Слайд, суреттер, сұрақтар, слайд, оқулық, ДК, интернет беттері, Электрондық оқулық
|