1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері.



бет29/55
Дата26.10.2022
өлшемі218,56 Kb.
#154977
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
1. Орталы нерв ж йесі рылымыны жалпы жоспары, рылымы, б лі
Adam anatomiasy 4 tom 1, Генетика т зелгені, дәріс №3
(Уникальность - 90%)
Есту анализаторы деп жүйке, механикалық, рецепторлық бөліктері бар және солар арқылы сырттан келген дыбыстық тербелістерді қабылдап алып, талдай алатын анализатор түрі болып келеді. Есту анализаторының құрылысы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортыңғы және ішкі құлақтар. Ендігі олардың құрылысы мен қызметі жайлы айтып кетсек.
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы кіреді. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыстық тербелісті құлаққа бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз созылған дабыл мембранасымен аяқталады. Дыбыс толқындары есту түтігі арқылы құлақ қалқанына, содан кейін ортаңғы құлаққа таралады. Осыған байланысты сыртқы құлақтың басты қызметі дыбысты қабылдап, ары қарай өткізу болып келеді.
Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан және ол темпаникалық мембрана немесе дабыл жарғағынан кейін басталады. Бұнда ауа болады және Евстахи түтігі арқылы жұтқыншақпен байланыс құрайды. Онымен шектелмей құлақтың бұл бөлігінде буын арқылы байланыс құрған балғашық, төс, үзеңгі деген үш сүйектері бар. Олардың аталуы, олардың пішіндеріне байланысты болады. Балғашықтың жіңішке шеті темпаникалық мембранамен бітісіп орналасса, жуан шеті төс сүйекшесімен байланысқан. Төс сүйекшесі ары қарай қозғала алатындай етіліп, үзеңгі сүйекшесімен байланысқан. Бұл сүйекшелер дыбысты өткізуде өте маңызды рөл атқарады. Ортаңғы құлақтың қуысы арқасында бұл сүйекшелер қозғалап, дыбыстың берілуіне қатысады. Негізінен осы құлақ бөлігінің қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тең болады. Сондықтан атмосфералық қысымның күрт өзгеру кезінде, адамның құлағы бітіп қалады және оны ашу үшін адам жұтынады. Адам жұтынған кезде Евстахи түтігінің арқасында сыртқы атмосфералық қысым ортаңғы құлақтағы қысыммен қайта теңеседі. Бұл құлақтың бөлігі темпаникалық мембранадан жинақталған тербелістерді ішкі құлаққа жеткізу қызметін атқарады.
Ішкі құлақ жайлы айта кетсек, оның пішіні күрделі болғандықтан, оны көбінесе самай сүйегінің сүйек лабиринтіне батырылған мембраналық лабиринт деп атайды. Мембараналық лабиринт кіреберістен, ұлуденеден және жартылай шеңберлі каналдардан тұрады. Мембраналық лабиринт лимфа сұйықтықтарына, дәлірек айтса, перилимфа мен эндолимфаға толы болады. Сонымен қатар, ондағы ең маңызды құрылым ретінде, иірім түтігін айтуға болады. Оны басқалайша ұдудене деп те атайды. Оның анықтамасы, екі жарым иілімнен тұратын жалпақ сүйек арнасы, яғни ол екі мембарана мен сәйкесінше үш арнадан тұрады. Мембраналарды негізгі және вестибулярлық деп ажыратсақ, арналарды жоғарғы, ортыңғы және төменгі деп үшке бөліп қарастырады.
Ендігі есту талдағышы туралы жазып кетсек, ол құлақтың бөлімдеріне байланысты үш бөлімнен тұрады. Ең алдымен шеткі, яғни дыбыстың қабылдануы, кейін өткізгіш бөлімі, дыбыстың өткізілуі және орталық бөлімі, дыбыстың талдануы жүзеге асатын бөлімдер.
Алдымен, шеткі бөлімінде екі түрлі, яғни ішкі және сыртқы түкті жасушалардан тұратын рецепторлар болады. Ең алдымен дыбыс толқындары негізгі мембрананы тербелтіп, эндолимфамен жуылатын қабылдағыш түктерді жарғақты немесе ортаңғы арнаның бойында орналасқан жабынды мембранаға тигізіп, бұл түктер майысады. Осы арқылы рецепторлық потанцеал туындап, сейкес талшықтарынының бойында жүретін қозу пайда болады.
Келесі өткізгіш бөлімі аты айтып тұрғандай, дыбысты өткізуге қатысады. Сондықтан ол найрондардан құралған. Оның бірінші нейроны биполярлы болып келеді және бір жағы, яғни дендриттері Корти мүшесінің сәйкес қабылдағыштарымен байланыс оранатса, екінші жағы, яғни аксон ұшы қозуды сопақша мидың ядросында болатын екінші нейронға жібереді. Кейін ол метаталамустың медиальді имек тәрізді денесі, яғни үшінші нейронға жіберіледі. Ал төртінші нейрон үлкен ми қыртысында болады және қозу төрт төмпешіктің артқы дөңесіне жетіп, сыртқы тітіркендіргішке жауап туындайды.
Дыбысты сезу негізгі орталық бөлімде жүзеге асады. Мұндағы екі есту аймағы, яғни медиальді имек тәрізді денеден келген қозуды қабылдайтын бірінші аймақ және таламустан келген афференттік қозумен белсенді болатын, екінші сезу аймағы. Бұл екі аймақ та үлкен ми сыңарларында, дәлірек айтсақ, самай бөлімнің жоғарғы жағында орналасады.
Сонымен қатар, дыбысты қабылдау жайлы айтып кетсек, жоғарыда айтып кеткендей, негізінен адам дыбысты, дыбыс толқындары арқылы, олардың ұлуденедегі сұйықтықты қозғалтуы және мембраналарды дірілдетуі арқасында сезінеді.
Негізінен дыбысты қабылдау туралы бірнеше теориялар бар. Оларға Г. Гельмгольцтың ұлуденедегі резонанстық қозғалыстар туралы теориясы, Г. Бекеши мен Флетчердің гидродинамикалық теориясын айтуға болады.
(Құрметті, банда мүшелері мұнда тағы осы теорияларды ашып жазып кетсем, тым ұзақ жауап болатын секілді және негізінен бұл теориялар келесі 22 сұрақта жазылып кетілуі тиіс. Сондықтан рк кезінде қосқыларын келсе, сол сұрақтың жауабынан аларсыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет