жиналған ақпаратты өңдеу және компьютерде өңдеуге дайындау;
өңделген ақпаратты талдау.
Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау (бақылау) зерттеу
социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі шектеулі инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеуі терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (арнайы әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).
Сипаттамалық зерттеу.
Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Сипаттамалық зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.
Аналитикалық зерттеу
зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат етпейді, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді
Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теориялық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.
Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.

Зерттеу объектісін белгілеу
Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады. Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.
Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді). Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы).

Зерттеу пәнін белгілеу
Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады. Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийіне айналады.