1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет22/128
Дата14.04.2022
өлшемі1,44 Mb.
#139186
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128
Байланысты:
2 5375107474514778464
1.1 матрицалар, мадениет, Аудит түсінігі, Словарь этнол.терм.
Вегетатативті функция туралы 
Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты 
денелік және вегетативтік деп екіге бөледі. Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңка еттерімен 
байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге 
жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік 
жүйке жүйесін кейде анимальдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі 
ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Бұл жүйенің аты латынның 
vegetativus - өсу, өсімдік деген сөзінен алынған. Дегенмен де вегетативтік жүйке жүйесі тек 
өсімдіктерге тән істерге ғана емес, ол жануарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге әсер етеді. 
ХІХ ғасырдың басынан- француз физиологы Бишаның кезінен ағзаның қызметтерін 
анималды немесе соматикалық және вегетативті деп екіге бөледі.Анималды немесе 


11 
соматикалық қызметтерге: сыртқы тітіркенулерді қабылдау және қаңқа еттерімен 
орындалатын қозғалыс реакциялары жатады. Вегетативті қызметтерге тұтас ағзада зат 
алмасуы (ас қорыту, қан айналу,тыныс алу, сыртқа бөлу), сондай-ақ өсу және өрбу (көбею) 
қызметтерін жатқызады. Қызметтерді осылай бөлуге сәйкес соматикалық және вегетативтік 
жүйке жүйесін ажыратады. Соматикалық жүйке жүйесі ағзаның экстероцептивті сенсорлық 
және қозғалыс қызметтерін қамтамасыз етеді. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің, 
тамырлардың және тер бездерінің, сондай- ақ қаңқа еттерінің, рецепторлардың және жүйке 
жүйесінің өзінің трофикалық жүйкеленуін қамтамасыз етеді. Вегетативтік жүйке жүйесі 
соматикалықтан өзінің ядроларының ОЖЖ орналасуымен,мидан талшықтарының ошақты 
шығуымен, шеткергі бөлінуінде сенментарлық құрылыстың болмауымен және талыштарының 
диаметрі кіші болуымен ажыратылады. Одан басқа, вегетативті жүйке жүйесі үшін оның 
мидан ішкі мүшелерге баратын талшықтары шеткергі вегетативті түйіндерде міндетті түрде 
үзіліп, осы түйіндерде орналасатын нейрондарда синапстар түзу тән. Ганглиялық нейрон-
дардың аксондары ішкі мүшелерге әсер етеді. Ганглийлер(түйіндер) тек орталық жүйке 
жүйесінен ұлпалар мен мүшелерге серпілістер жіберетін құрылымдар ғана емес. Олар осы 
түйіндерде тұйықталатын, белгілі мөлшерде ОЖЖ тәуелді емес шеткергі рефлекстер 
көмегімен ішкі мүшелердің қызметтерін реттеуге қабілетті шеткері шығарылған 
рефлекторлық орталықтар болып табылады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және 
парасимпатикалық деп екіге бөлінеді. Олар бір бірінен өздерінің мидағы орталықтарының 
орналасуымен, ішкі мүшелерге әсер ету сипатымен ажыратылады. Сондай- ақ, 
парасимпатикалық 
бөлім 
түйіндері 
өздері 
жүйкелендіретін 
мүшелердің 
ішінде(интрамуральды) орналасады, ао симпатикалық бөлім түйіндері аралық бағанда (truncus
sympaticus) орналасқан. Вегетативтік қызметтердің реттелуін бөле отырып, ағзаның тұтас
реакцияларында сенсорлық, қозғалыс және вегетативтік компоненттері өзара тығыз 
байланысты болатынын атап өту керек. Ағза реакциясының қаңқа еттерімен орындалатын 
соматикалық компоненттері, вегетативтіліктен өзгеше, еркін болуы, күшеюі немесе тежелуі
мүмкін; олар реакцияның барлық ағыны бойында сананың бақылауында болады. Вегетативтік 
компоненттер еркін бақыланбайды.Осы негізде вегетативті жүйке жүйесін автономды немесе 
еріксіз деп атайды.Дегенмен, вегетативті жүйке жүйесін автономды деп атау шартты түрде 
ғана. К.М.Быков және оның әріптестерінің көптеген тәжірибелері барлық ішкі мүшелердің 
және барлық вегетативтің қызметтердің шартты рефлекторлық реттелу мүмкіншілігін 
көрсетуі вегетативтің жүйке жүйесімен жүйкеленетін барлық мүшелердің іс әрекетін үлкен 
жарты шарлар қыртысы реттейді деп ойлауға мүмкіндік береді, және ағзаның ағымдағы 
мұқтаждығына сәйкес,ағзаны қоршаған сыртқы және ішкі орталар жағдайының өзгерулерінде 
оның жауап реакциясының сипатына байланысты олардың іс әрекетін үйлестіріп отырады.
Бұл жағдай вегетативті қызметтердің ерікті басқарылу мүмкін екендігін көрсетеді, арнайы 
мақсатқа бағытталған жаттығулардан соң мұны іске асыруға болады (мысалы, үнді 
йогтарының жүйесі бойынша). Вегетативті жүйке жүйесінің орталықтары жұлында және ми 
бағанында орналасады.
1.Ортаңғы мида ВЖЖ парасимпатикалық бөлімінің мезэнцефальды орталығы орналасқан.
2.Жұлында жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің бульбарлық орталығы орналасады, 
олардан эфферентті талшықтар бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелер құрамында өтеді;
3.Жұлынның кеуде және бел сегменттерінде (І –кеуде және ІІ - ІV бел омыртқаға 
дейін)вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің тораколюмбальды орталығы 
орналасқан; олардан вегетативті талшықтар қозғалтқыш нейрондар өсінділерімен бірге жұлын 
сегментінің алдыңғы түбіршіктері арқылы шығады;
4.Жұлынның құйымшақ сегментінде вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің 
сакральды орталығы орналасқан, олардан талшықтар жамбас жүйкелері құрамында өтеді.
Осылайша, вегетативті жүйке жүйесінің орталықтары орталық жүйке жүйесінің төрт 
бөлімінде орналасады. Мезэнцефальды, булбарлы және сакральды бөлімдерінде орналасқан 
ядролар 
вегетативті 
жүйке 
жүйесінің 
парасимпатикалық 
бөлімін 
құрайды, 
ал 
тораколюмбальды бөлімінде орналасқан ядролар симпатикалық жүйке жүйесін құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет