№4 тақырып: Отбасы әлеуметтануы. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Отбасы, оның әлеуметтік мәні, құрылымы мен қызметі. 2. Отбасының өмірлік циклі және отбасы бірлігі. Неке – тұрмыс түсінігі. Отбасы - қоғамның ұясы немесе шағын әлеуметтік топ. Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы. Бүл түсінік өте үлкен және маңызды болып табылады. Ол баласымен бірге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойынша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс.Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
-Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай.
-Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық – экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметті қазіргі уақытта бірінші орынға көтеріледі, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі – зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. -Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті.
-Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата – аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет.
-Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады.
2. Отбасының өмірлік циклі және отбасы бірлігі. Неке – тұрмыс түсінігі. Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы - биологиялық және әлеуметтік топ. Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы. Бүл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бірге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойынша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс
Отбасының негізі, іргетасы - неке. Неке дегеніміз - екі адамның ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Бұл - дүниеге бала әкелу мен жыныстық қатынасты реттеуді қамтамасыз ететін институционалдық әлеуметтік құрылым. Қазіргі кезде некеге дейінгі некеден тыс немесе бір жынысты қатынасқа көп елдер төзімділік танытып отыр. Дегенмен баланың некесіз тууына қарсылық басым. Кей елдерде некесіз қатынас пен некесіз баланы дүниеге әкелу қатаң жазаланады, ал енді бірінде жаза тым жеңіл.Сонымен бірге неке деген - ерлі-зайыптылардың міндетін заң жүзінде анықтайтын келісім. 1960 жылдары отбасылық міндеттер ер мен әйел арасында қатаң бөлінген болатын. Мысалы, ер адамдар әйелдерін қаржылай қамтамасыз етуі керек еді. Ал әйелдерге үй шаруасы және күйеулеріне жыныстық қызмет көрсету міндеттелді. Еркек пен әйел арасындағы мұндай міндеттер 1970 жылы феминисток қозғалыс пайда болған соң, өзгере бастады.Неке - бала тәрбиесі үшін өте маңызды, өйткені ата-аналарға және өзге туыстарға әлеуметтік қадағалаушы рөлі беріледі. Некелі жұптар балалы болған кезде ата-аналары, ата-әжелері және аға-әпкелері сәбидің жақсы өсуі үшін өздеріне жауапкершілік алады. Ал некесіз дүниеге келген бала бұл жағынан әлсіз. Балаға қамқорлық көрсететін адамдар аз болады, ал қамқор болмаған адамдарды әлеуметтік немесе заңды тұрғыдан жазалай алмайсыз. Сондықтан некесіз дүниеге келген балалардың өлім-жітімі жиі кездеседі.
3. Отбасы дегеніміз не? Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы - биологиялық және әлеуметтік топ. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары өзгереді, онда адам туылады, ол арқылы ұрпақ жалғасады. Отбасы, оның формалары мен функциялары жалпы әлеуметтік қатынастарға, сондай-ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне тікелей байланысты.
Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы. Бүл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бірге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойынша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс.Қорытындылай келгенде,отбасы дегеніміз бұл әлеуметтік институт, қоғамның негізгі бірлігі болып табылады.