1. Отбасын педагогикалық психологиялық сүйемелдеу курсының негізгі ұғымы


деңгей 7: Балабақшада ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыс формалары мен әдістері



бет35/37
Дата06.02.2023
өлшемі99,96 Kb.
#167642
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
пед псих эссе

3 деңгей 7: Балабақшада ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыс формалары мен әдістері.
Баланы тәрбиелеу ата-ананың парызы болып табылады. Мектепке дейінгі баланың тәрбиесінде ата-ана сонымен балабақшада маңызды рөл атқарады. Балабақшадағы тәрбиеші мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас болады. Бала тәрбиелеуде ата-аналардың білімі жеткіліксіз болып жатады. Сондықтан балабақшада ата-аналардың педогогикалық-психологиялық сауатсыздығын жою мақсатында, олардың мәдениетін көтеру бойынша іс-шаралар өтіледі. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын таба білу тәрбиеші міндеті. Тәрбиешілердің көп жүргізетін әдіснамасы бұл сауалнама, анкеталық сұрақтар әдісі. Бұл әдістер тиімді, себебі ата-аналардың ойын, пікірлерін білуге көмектеседі. Тәрбиешілер өзінің ұсыныстарын білдіре алады. Заман талабына сай бала тәрбиелеудегі ерекшеліктерді, түрлі тақырыптар бойынша ұсыныстарды айтады. Солай ата-аналардың тәрбиедегі мәдениетін арттырады. Және педагогог пен бала арасындағы қарым-қатынас жақсара түседі. Үй жағдайында ата-ана әрдайым өз баласына ұстазды сыйлау керегін, бұзық болмауын әрдайым айтып отыру керек. Солай баланың психологиясы жақсы қалыптасып, бала мен ұстаз арасындағы өзара қарым-қатынас жақсара түседі. Педагогтың міндеті өзара балансты ұстай білу, қиындықтар туындаса ұрыссыз шеше білу қажет. Қорытындылай келе, үш тұлға бірін-бірі өзара араласу деңгейін жақсы ұстана білсе, онда мектепке дейінгі бала тәрбиесіне жақсы мақсатта қол жеткіземіз. Яғни бала мектепке барғанда тәрбиелі, ұстамды, үлкенді сыйлай білетін азамат болып жетіледі.
12.Отбасы тәрбиесі және әлеуметтік тәрбие
Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажетті жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық, кай жас кезенінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше. Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі орасан зор. «Баланы таба білсен, баға да біл», «Баланы сүйсен, тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» деген мақал-мәтелдер баланы кұр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатынын дәлелдейді. Сондықтан әр ата-ана өз міндетін білуі керек.Ал, әлеуметтік тәрбие – бұл әркімнің жеке басының әлеуметтік қалыптасуына, өзін-өзі басқарудың тиісті мәдениетін сіңіруге бағытталған белгілі бір әлеуметтік-мәдени жағдайда нақты адамның мақсатты тәрбиелік қызметі . Тәрбиенің әлеуметтік мәні баланың қандай да бір жасанды ортаға емес, белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүруге дайындалуында. Бұл факт адамға белгілі бір мәдениет пен моральдық белсенді позицияны беру, оның белгілі бір қоғамда, әлеуметтік-мәдени ортада өзін-өзі жүзеге асыруға қажетті әлеуметтік күштері мен потенциалын дамыту қажеттілігін талап етеді. Мұндай оқыту жеке адамға сәйкес мәдениетті беруді және оның ассимиляциялануын қамтамасыз етуді қамтиды. Адам қоршаған ортаның мәдениетін қаншалықты игерді, оны қаншалықты қабылдайды немесе қабылдамайды деген секілді .



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет