1. Отбасын педагогикалық психологиялық сүйемелдеу курсының негізгі ұғымы


Психологиялық кедергілерді жеңуге ықпал ету. Психологиялық сүйемелдеу процесінің негізгі кезеңдері



бет2/37
Дата06.02.2023
өлшемі99,96 Kb.
#167642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
пед псих эссе

Психологиялық кедергілерді жеңуге ықпал ету. Психологиялық сүйемелдеу процесінің негізгі кезеңдері:

  • бала мен оның отбасын диагностикалық сүйемелдеу.

  • Баланы сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен байланыс орнату.

  • Баланың даму ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы, психикалық дамудың ауытқуларының алдын алу.

  • Ата - аналар қолданатын тәрбие моделін анықтау және олардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау ( отбасының әлеуметтік-психологиялық картасын жасау).



  1. Қазақтың дәстүрлі отбасының ерекшеліктері

Дәстүрлі қазақ отбасын әрдайым дерлік ер адам басқарды, әдетте жасы үлкен, бірақ капиталистік қатынастардың енуімен ол өз билігін қандай да бір жолмен күнкөрістің негізгі өндірушісі болған адаммен бөлісті.Қазақ отбасылары сондайақ ырымдарға, салт-дәстүрлерге, дін т.б көптеген нәрселерді ұстанатын халықпыз. Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер өз ұрпақтарын атау тұрғысынан, адамның жасына қарай мәртебесінде, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу қағидаттарында көптеген ерекше ерекшеліктерге ие. Отбасылық қатынастар арнайы иерархияға негізделді және туыстық қатынастарға, белгілі бір тұқымға немесе руға жататындығына көп көңіл бөлінді. Бала тәрбиесі және баланың өсуіне байланысты әртүрлі рәсімдер діни сипатта болды, мұнда мұсылман және көшпелі дәстүрлердің симбиозы сезіледі.
1-деңгей
2) «Отбасын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» курсының мақсаты-міндеттері
Отбасын педагогикалық және психологиялық сүйемелдеу пәнінің мақсаты: болашақ педагогтерге отбасы тәрбиесінің маңызы туралы ұғым қалыптастыру, оларды отбасымен бірлесіп жұмыс жасауға, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға дайындау, білім саласындағы -педагогикалық кәсібилігін дамыту. Яғни, әр болашақ маман әлеуметтік, тіптен психогиялық тұрғыдан өзін дамытып барып, баламен содан кейін, оның отбасымен ара-қатынасын реттеуге кірісуі қажет. Бұл дегеніміз студенттердің отбасы мәселесінде теориялық білімін қалыптастырып, шыңдауы, Практика жүзінде іске асыра алуларына сенім тудыру.
Негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ:
1. Отбасы тәрбиесінің мәні, әдістері,механизмі,бағыттары туралы ғылыми білімдер қалыптастыру
2. Отбасы тәрбиенің әлеуметтік-педагогикалық заңнамалық негіздерін зерттеу
3. Дамуы процесінде ауытқушылығы басым не болмаса бар балалар тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтап, жұмыс істеу
4. Баланың психикалық, физикалық , тұлғалық дамуында отбасындағы берілген тәрбиенің маңызын ашып көрсету.
Яғни, тәрбиенің бастапқы қадамын бала отбасы төңірегінде қалыптастырады. Сол үшін болашақ студенттер пәннің маңызын түсінуге және нәтижесінде ғана әрекет жасауға тиіс
5) «Отбасын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
«Отбасын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» пәнінің басқа ғылымдармен байланысына тоқталатын болсақ, ең алдымен философия-  бұл баланы идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
● Психология – баланың мінез-құлқын қалай тәрбиелеу керектігі жайлы әдістері мен олардың тәсілдерін іздестіреді.
● Адам физиологиясы – бала организміндегі тыныс алу секілді қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық тұрғыдан ерекшеліктерін қарастырады.
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
● Әлеуметтану – баланы дамыту оны тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика саласы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы ақпараттарды әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
Өзінің даму жағдайында бұл сала айрықша кемелдену деңгейінде, тек көрсетілген ғылымдардан басқа экономика, медицина,тарих сынды ғылымдармен ұштасып байланысуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет