1 деңгей 9. Отбасы және оның қазіргі қоғамдағы функциялары.
Жалпы алғанда қазіргі кезде отбасы дегеніміз- бірлесіп ер мен әйел өмір сүретін,туыстық қарым-қатынас орнатылған адамдар тобын айтамыз. Отбасының құрылымы ер мен әйелден және олардан тараған ұрпақтан тұрады. Әйел адамның қызметі үй шаруашылығымен айналысып, бала табу және оған тәрбие беру, ал ер адамның қызметі үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етіп, үйге азық әкелу. Отбасы мүшелерінің әлеуметтік ортамен байланысу функцияларын 5 топтқа топтастыруға болады. Оларға:
Өмір сүруді жақсы деңгейде қамтамасыз ету;
Отбасын сыртқы жағымсыз факторлардан қорғау;
Отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқор болуы, бірін-бірі сыйлай білуі және тыңдай білуі;
Балаларды қазіргі қоғамға сай етіп тәрбиелеу;
Отбасы мүшелерінің жан-жақты дамуына физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік және экономикалық жағдай жасау және қолдау білдіру.
Бұл функцияларды қолдана білген отбасы өз өмірін жақсарта алады. Себебі мұндай топқа жіктеліп, оны ұстана білу қарым-қатынасты нығайтады және бұл қамалды ешкім бұза алмайды.
1 деңгей 18. Отбасының педагогикалық классификациясы
Бүгінгі күнге дейін зерттеушілер отбасылардың толық классификациясын жасай алмады, өйткені олар әртүрлі мәдениеттерден тұрады. Қазіргі заманғы отбасы түрлерінің жіктелуі 40-тан астам сортты қамтиды.
Қазіргі отбасылық қатынастар отбасылардың екі түрімен ұсынылған: типтік және типтік емес.
Қазіргі типтік отбасылар белгілі бір белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді:
Туыстық құрылым: ядролық (балалары бар ерлі-зайыптылар) және кеңейтілген (балалары бар ерлі-зайыптылар және туыстары мен күйеуімен немесе әйелімен бірге тұратын біреу);
Балалар саны: баласыз (бедеу), бір балалы, аз балалы, көп балалы (үш және одан да көп бала).
Құрамы: толық отбасы (әкесі, анасы және балалары бар) және толық емес отбасы (ата-анасының бірі жоқ). Толық емес отбасылар ажырасу, некесіз баланың туылуы, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы немесе олардың бөлек тұруы нәтижесінде пайда болады;
Отбасының географиялық жағдайы: қалалық, ауылдық, шалғайдағы отбасы (қол жетпейтін аудандарда және қиыр солтүстікте тұрады).
Табиғаттағы өзгерістермен реттелетін тыныш, ауылдағы өмір ағымы қаладағы жылдам, ритақты өмір мен жұмыстан өзгеше. Қала көптеген әлеуметтік топтармен және халықтың жоғары ұтқырлығымен сипатталады, ал ауылда таптық құрылым біртекті.
1деңгей )6сұрақ
Халықтық педагогика идеяларын отбасы тәрбиесі тәжірибесінде пайдалану.
Тәрбие тыл бесіктен бала өмірге келген сәттен бастап беріледі.
Баланы тәрбиелеу баланы сүю оған сенім білдіру , үлкенге өнеге көрсету , шыдамды , мейрімді болуды , басқа адамдарды сыйлауды үйрету бағыт бағдар беруі ол ата- ананың парызы десекте болады. Ата бабаларымыздан бері келе жатқан салт дәстүрлерге үйрету, және өз ұрпақтарымызды адалдыққа , ер жүректілікке , байсалдылыққа , батылдылыққа баулып, бойына бар жақсылықты сіңіріп өсіруіміз керек.
Және халықтық педагогиканы отбасыдағы тәрбиеде де қолдану керек. Ата ана өз балаларының бойына кішкентай кезінен өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізді , мәдениетімізді тарихымызды дарытып , сіңіріп өсіруі керек.Ал барлық жақсылықты бойына сіңірген , ненің жаман ненің жақсы екенін түсінетін бала , үлкендерді әрдайым құрметтейтін бала , ешқашан жаман болп өспейді . Сол үшінде ата -ана бала тәрбиесіне аса көп көңіл бөлуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |