1.Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің педагогикамен психология пәндерімен байланысы. Дене мүшелері, ұлпалары және жеке жасушаларының құрылысын қарастырып, олардың қызметін дұрыс анықтай отырып, оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы цитология және гистология ғылымдарымен байланысты екенін білеміз.
Дене мүшелерінің өсу –даму заңдылықтарына, дене құрылысына, қызметтеріне яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастыра отырып, адам анатомиясы және физиологиясы ғылымдарымен тығыз байланыста. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәні педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Себебі, педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
2.Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы. Мұғалім оқушы денесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, гигиеналық ұсыныстар мен жас нормаларын білуі керек, күнделікті педагогикалық қызметте сауықтыру шараларының кешендерін қолдануы керек, өйткені балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту көбіне осыған байланысты.
Мектеп гигиенасы медициналық, педагогикалық, психологиялық және техникалық ғылымдардың ұсыныстарын қолданады. Өз кезегінде, ол мұғалімдерге оқу-тәрбие процесін, оқушылардың күн тәртібі мен демалысын, тамақтану жағдайларын ұйымдастыру бойынша ғылыми негізделген гигиеналық нормативтер береді. Мектептер мен балалар мекемелерін салу және жабдықтау кезінде гигиеналық талаптарды ескеру қажет. Мектеп гигиенасы сонымен қатар қоршаған ортаның зиянды факторларын жою немесе әлсірету және балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, оқуы мен тәрбиесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.