Даяна: Онда сенің апаң тоқым қағар жасайды екен ғой.
Арнұр: Ол не ?
Даяна: Жас жігіт алыс жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал
сойылып, ойын – сауық, өлең айтылады.
Сұлтан: Егер ағам маған сыйлық әкелсе , ең жақсысын саған беремін,
өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.
Даяна: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-
ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны « базарлық » деп атайды. Бұл
жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
Сұлтан:Даяна , манадан үндемей тұрған мына досың кім ?
Даяна: Бұл – Мадина. Жаңадан көшіп келген көршіміз.
Сұлтан: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар « Ерулік »
береді . Мұны әжем айтқан.Мадинаны бәріміз қонаққа шақырады
екенбіз ғой .Жүріңдер біздің үйге.
( Бәрі шығып кетеді. )
1 – жүргізуші : Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
Достарыңызбен бөлісу: |