Сәлемдесу рәсімі:
Алибек:
Армысың, шапағатты күніміз (Күнге қарайды)
Армысың, мейірімді жеріміз (Қолдарын жерге жақындатады)
Армысың, Табиғат Анамыз (Басын иеді)
Келді сізге өзіңіздің балаңыз (Өздерін көрсетеді).
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бір-бірін көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту – парыз.
Аяжан: Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, ендеше тамашалайық.
Сұлтан: Ассалаумағалейкүм!
«Мен адаммын.
Адамдығымды білдіремін.
Алланың нұры жаусын!».
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Каримбек: Уағалейкүммассалам!
«Мен де адаммын.
Адамдығымды білдіремін.
Сізге де Алланың нұры жаусын».
Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін.
(Екі бала төс қағыстырып амандасады.)
1-жүргізуші:
Наурыз күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленеді.
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық. (Шашу шашылады)
2-жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қапты. Қане, оларды қошеметпен қарсы алайық.
Арслан: Қызыр баба)
Оу, аман ба, жарандар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар,
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық, тұрыңдар!
(Көңілді әуен естіледі, бәрі орындарынан тұрып күнді қошеметтеп қарсы алады.)
Әлия:(Күн): Сәлем, ата-аналар,
Айналайын балалар!
Қызыр баба аман ба,
Жаса жайлы заманда.
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу ықты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты.
Әне, Наурыз келеді,
Ән салып, билеп береді.
Би: қыздар
Мадина ( Наурыз):
Сәлем, анам алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның.
Уақытыма ризамын,
Бақытыма шалқыдым.
Барша жұртым аман ба? (Жұртқа қарап)
Жандос (Қожанасыр):
Амансың ба, Күн ана!
Алаулай бер, құлама.
Өлмес Қожанасырмын,
Келмес ойды жасырғам,
Қабілетке шорқақпын,
Әділетке бас ұрдым.
Достарыңызбен бөлісу: |