Сабақ жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні/Дата/Date:18.03.17
Сабақ/занятие/lesson:Сыныптан тыс тәрбие сағаты
Сынып/Класс/Class: 2”б”
Тақырып/Тема/Theme: Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі
Сабақтың мақсаты/Цель занятия/The lesson’s aims:
Білімділік/Образовательный/Educational. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйретуДамытушылық/Развивающая/Developing:оқушылардың сөйлеу машығын, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік/Воспитательная работа/Bringing up: . Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі/Вид занятия/The lesson’s type: Өнер сабағы
Көрнекілігі/Оборудования/Equipment: стикерлер,бейнебаян,әріптер,плакат,суреттер,презентация,шарар,музыка
Барысы:
1-жүргізуші:Арнұр
Армысыздар,жамағат
Ару көктем,әз наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу-
Біздер үшін бақ бүгін.
2-жүргізуші:Толғанай
Наурыз келді нұрландырып дүниені,
Жерге басын алтын тәжді күн иді.
Бүкіл әлем жаңарып түрленеді,
Кәрі дала жасарып гүлденеді.
Жан дүниемде ғажап сезім оянды,
Ой да,қыр да алуан түске боянды.
Бейбарыс:
Жер әлемді жайнатып , әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Мансур Б.: Наурыз шығыс халықтарының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде әсіресе көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Ескі ауыртпалықтың бәрі қыспен кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн.
Әлия: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау» жаңа, «рыз» күн деген сөздерден шығып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл күні – күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Б.Арлан:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Айбын:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік те.
Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Достарыңызбен бөлісу: |