2-жүргізуші: Наурыз тойындағы тағамдарға көбінесе ақ жағы басым болады, өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп ақ молаяды.
1-жүргізуші: Наурыз көжеге соғымнан алынып арнайы сақталып қойған сүр ет, қазы қосып пісіріледі. Оған кем дегенде жеті түрлі дәм қосылады, өйткені қазақта жеті саны киелі болып есептелінеді.
Әже: ( 1)
Ашық болсын қас-қабақ,
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Әже: (2)
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
«Наурыз көже» таратылады.
1-жүргізуші: Айгерім, сен білесің бе, қазақтың салт-дәстүрімен қатар ұлттық ойындары да бар.
2-жүргізуші: Иә, «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Көкпар», айта берсек өте көп.
1-жүргізуші: Ендеше кезекті ұлттық ойындардан құралған қызықты биге берейік...
Би биленеді.
2-жүргізуші: Келесі кезек ұлттық ойындарда. Ол үшін ортаға мұғалімді шақырайық.
Ұлттық ойын: «Арқан тарту», «Қол күрес» т.б.
1-жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп өнген
2-жүргізуші: Бабалар бұлағынан нәр алған
1-жүргізуші: Даналар өсиетінен тәрбие алған
2-жүргізуші: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Екеуі бірге: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
1-жүргізуші:
Береке күннен күнге таса берсін,
Ырыс-құт басымыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Қайрақтымыз ілгері аяқ баса берсін.
2-жүргізуші:
Жылан жылы, ұрпаққа шуағыңды бер,
Үмітті, шаттығы мол шығады үндер.
Мерейі үстем болып мектебімнің,
Мереке құтты болсын, көрермендер!
1-жүргізуші: Жылдан жылға аман-есен жете берейік!
2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Балаларды қоғамдық маңызыды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.Балар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмікндік береді. ә!рине, сондықтан да коллектив ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Атап айтқанда, ұжым-мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсендің, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-4 сыпынтарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:
Оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
Бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде болатындығымен;
Танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.
Қазіргі таңда ұжымды дамыту, оқушылардың белсенді әрекеттерін дамыту, жеке тұлғаны дамыту маңызды істердің бірі. Көрнекті педагогтар К.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Макаренко, М.Жұмабаев оқушыны дамытуға бағыт-бағдар беріп отырған. Кеңестік психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Апанов, В.Давыдов, Л.Занков, В.Крутецкий, М.Мұқанов, Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері танымдық іс-әрекетте жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз. (Қазақстан мектебі-14-71,2005-56 б).
Қазіргі педагогикалық психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренің, Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Ұжымдық танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:
1) Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру;
2) Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру;
3) Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |