2-жүргізуші: «Сөздің көркі –мақал» деген ұғым бар. Келесі кезекті мақал-мәтел жарысына берейік.
Алибек:Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді», сәлем беруге келдім.
Айдос:Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа», тізіңді бүгіп дәм ауыз ти.
«Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
Алибек: «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер», татулық пен ауызбірлікке не жетсін»
Айдос: «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз!
Алибек: «Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
Айдос: «Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады», көңіліміз марқайып қалды ғой.
Алибек: «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер», қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
Айдос: «Тау тауға қосылмас адам адамға қосылар», әлі кездесерміз, сау бол!
1-жүргізушы: Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ақ көз жеткізген боларсыздар.
2-жүргізуші: Наурыз тойына жиналған халайық! Ойын-тойымызды жалғастырайық! Той тойға ұлассын, Бүгінгі күн салт-дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн.
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже кем дегенде жеті түрлі дәмнен жасалады.Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |