1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Педагогикалық қызмет стильдері \ А. К. Маркова, А. Я. Никонова\



бет24/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)

49. Педагогикалық қызмет стильдері \ А. К. Маркова, А. Я. Никонова\
Педагогикалық іс-әрекеттің стильдері туралы неғұрлым толық нақты көріністі А.К. Маркова мен А.Я. Никонова ұсынды. Осы авторлардың көрсетуінше, мұғалім еңбегіндегі стильдерді ажыратудың негізіне келесі негіздемелер жатқызылған: стильдің мазмұндық сипаттамалары (мұғалімнің өз еңбегінің процесіне немесе нәтижесіне бағдарлануға басымдылық беруі, мұғалімнің өз еңбегіндегі бағдарланушы және бақылаушы-бағалаушы кезеңдерін күшейтуі); стильдің динамикалық сипаттамалары (икемділік, тұрақтылық, ауысқыштық және т.б.); нәтижелілік (мектеп оқушыларындағы білім мен оқу дағдыларының деңгейі және оқушылардың пәнге қызығушылықтары). Осы негізде авторлар қазіргі заман мұғалімін сипаттаушы даралық стильдердің төрт түрін бөледі

  1. Эмоционалды–импровизациялық стиль (ЭИС). ЭИС-ті мұғалімді оқыту процесіне басымырақ бағдарлану ажыратады. Мұндай мұғалім жаңа материалды логикалық, қызықты түсіндіреді, алайда түсіндіру процесінде көп жағдайда оның оқушылармен кері байланысы болмайды

  2. Эмоционалды-әдісқойлық стиль (ЭӘС). ЭӘС-ті мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлау, жоғары шапшаңдық, рефлексивтіліктен ішкі түйсіктің басымдылығы тән. Оқытудың процесі мен нәтижесіне бірдей бағдарлана отырып, мұндай мұғалім оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлайды,

  3. Пайымдаушы-импровизациялық стиль (ПИС). Пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалімге оқыту процесі мен нәтижесіне бағдарлану, оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлау тән.

  4. Пайымдаушы-әдісқойлық стиль (ПӘС). Оқыту нәтижесіне басымырақ бағдарлана отырып және оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлай отырып, пайымдаушы-әдісқойлық стильді мұғалім педагогикалық іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін пайдалануда ескішілдік танытады.



50 . Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
Оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысын да қамтиды.
Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс, немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлі түрлерін түсінед
Мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысын да қамтиды. Неғұрлым аз зерттелген және де оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты оқушының, студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы, және де өзіндік ұйымдасуы, өз бетіншелігі, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологиялық сапалары байқалады. Үйренушінің Өз бетінше жҰмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта қҰрудың негізі ретінде қызмет етеді. Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптан тыс мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлі түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).
Өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана «оқудан тыс» деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады: оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің басымдылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет