1. Пән жөнінде ақпарат



бет2/14
Дата22.05.2022
өлшемі1,65 Mb.
#144488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Sillabus-KKZT 2020.docx 2
jusipova-pedagogikalyk-sheber, docx1537370059, SIK rus variant 2019-2020 Aubakirova neistor 1 .docx
Құзіреттіліктері: Педагогикалық, коммуникативтік, зерттеушілік.
Оқыту нәтижелері:
1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша білім берудің жаңартылған мазмұны аясында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру және жетілдіру үшін қажетті психологиялық-педагогикалық әдістер, әдістер мен құралдар жүйесін қолданады;

2.Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін көрсетеді;


3.Өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетіп, сыни қарайды; тарихи өткенге сыни қарап, дәлелді мағлұматтардың негізінде қазіргі қоғамдық мәселелерді шешу жолын түсіндіреді; мәдениетаралық диалог пен рухани мұраны сақтаудың әлеуетін арттырады.
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау тәсілдерін меңгереді, қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын талдайды; Қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудағы тарихи білімнің рөлін негіздейді;
5. Қоғамның демократиялық құндылықтарды толеранттық өзара келісушілікті азаматтық ұстаным тұрғысында қабылдайды;
6. Оқу-зерттеу жобаларын жасайды;
7. Командада және өз бетінше жұмыс істей білуді, бірлескен ынтымақтастық атмосферасын құруда көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді, кәсіби қызметті басқаруға дайындығын байқатады.


3.Пререквезиттер: «Қазақстан тарихы» мектеп курсы
4.Постреквезиттер: Қоғамдық сананы жаңғырту, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану.


5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пәннің тақырыптарының аталуы

апталар

Сабақтың түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

Сабақтың түрлері бойынша аудиториялық емес сағаттар саны

Барлығы (с.)

Дәрістер (с.)

Пр/сем.

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

1

Пәнге кіріспе

1

2

1

2

5

10

2

Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

2

2

1

2

5

10

3

Азаматтық-саяси қайшылықтар.

3

2

1

2

5

10

4

Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы

4

2

1

2

5

10

5

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары

5

2

2

1

5

10

6

Қазақстандағы «қайта құру» саясаты.

6

2

1

2

5

10

7

Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы

7

2

1

2

5

10

8

Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

8

2

1

2

5

10

9

Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі

9

2

1

2

5

10

10

Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы

10

2

1

2

5

10

11

Рухани жаңғыру және дамудың қоғамдық –саяси келешегі

11

2

1

1

5

10

12

Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты

12

2

1

2

5

10

13

Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел

13

2

2

1

5

10

14

Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға

14

2

2

1

5

10

15

Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы

15

2

2

1

5

10




Барлығы

15

30

20

25

75

150

6. Дәрістік сабақтардың мазмұны


Тақырып 1. Пәнге кіріспе
Дәріс тезистері. Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары.
Тақырып 2: Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
Дәріс тезистері. Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.
Тақырып 3: Азаматтық-саяси қайшылықтар.
Дәріс тезистері. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскери коммунизм саясаты. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы. Қазақстан және Орта Азия республикалары жерлерін ұлттық-территориялық межелеу.
Тақырып 4: Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы
Дәріс тезистері. Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты. Қазақ Автономиялық Республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары. ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы халықтың сауатсыздығын жою (жетістіктері, кемшіліктері, жүзеге асыру жолдары). ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы. Қазақстандағы халықтар депортациясы: тарихы және тағдырлары. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет