Тақырып 18. Магнолипсидтер немесе қос жарнақтылар класы
Жалпы сипаттама. Даражарнақтыларға қатысы. Класс тармақтарына бөлінуі. Магнолиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Вегетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылыстарындағы қарапайым белгілер.
Қатарларға бөлінуі.
Магнолиягүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Дегенериялар, Магнолиялар тұқымдастары. Негізгі өкілдері, олардың құрылысындағы қарапайым және мамандану белгілері. Географиялық таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Иллициумгүлділер немесе Бадьянгүлділер қатары. Иллициумдар немесе Бадьяндар және Шизандралар тұқымдастары. Гүлдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Лавргүлділер қатары. Монимиялар, Каликантустар, Лаврлар тұқымдастары. Гулдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Географиялық таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Тұңғиықгүлділер қатары. Жалпы сипаттама, биологиялық ерекшеліктері. Тұнғиықтар тұқымдасы. Вегетативтік органдардың, гүлдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Лотосгүлділер қатары. Лотостар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Вегетативтік органдардың, гүлдің және жемістің құрылысы. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Ранункулидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі.
Сарғалдақгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Барбаристер, Сарғалдақтар тұқымдастары. Құрылыстарындағы қарапайым және мамандану белгілері. Гүлдің және жемістің эволюциясы, биологиялық ерекшеліктері. Жергілікті флорадағы өкілдері. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Көкнәргүлділер қатары. Көкнәрлер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Гүлдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Тұқымдас тармақтарына бөлінуі. Негізгі өкілдері. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Кариофиллидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Қалампыргүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Кактустар, Қалампырлар,
Амарантустар (Щирицалар) тұқымдастары. Вегетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылыс ерекшеліктері. Таралуы, экологиясы. Негізгі өкілдері. Алабұталар тұқымдасы. Экологиялық, морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Таралу облыстары. Алабұталардың алуантүрлілігі және эндемизмі. Негізгі өкілдері. Жергілікті флорадағы өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Тарангүлділер қатары. Тарандар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Гүлдің эволюциясы. Негізгі өкілдері. Географиялық таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Гамамелидидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі.
Троходендронгүлділер қатары. Троходендрондар, Тетрацентрондар тұқымдастары. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Гүлдің, гүлшоғырының, жемістің құрылысы. Системадағы орны. Таралуы.
Казуаринагүлділер қатары. Казуариналар тұқымдасы. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Гүлдің, гүлшоғырының, жемістің құрылысы. Системадағы орны. Географиясы, экологиясы.
Шамшатгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Шамшаттар тұқымдасы. Гүлдің, гүлшоғырының ерекшеліктері. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Қайыңгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Қайыңдар тұқымдасы. Гүлдің, гүлшоғырының ерекшеліктері. Таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Жаңғақгүлділер қатары. Жаңғақтар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Гүлдің, гүлшоғырының, жемістің құрылыс ерекшеліктері. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Диллениидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Диллениягүлділер қатары. Диллениялар тұқымдасы. Жалпы сипаттама.
Системадағы орны. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері.
Шайгүлділер қатары. Шайлар, Клузиялар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Гүлдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Шегіргүлгүлділер (Фиалкагүлділер) қатары. Шегіргүлдер (Фиалкалар), Карикалар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Вегетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылыс ерекшеліктері. Системадағы орны. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Жыңғылгүлділер қатары. Жыңғылдар тұқымдасы. Жалпы сипаттама.
Экологиялық ерекшеліктері. Жергілікті флорадағы өкілдері.
Талгүлділер қатары. Талдар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Гүлдің эволюциясы. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері. Системадағы орны.
Асқабақгүлділер қатары. Асқабақтар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Вегетативтік органдардың, гүлдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Негізгі өкілдері. Системадағы орны.
Кеуелгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Кеуелдер (Каперстер) тұқымдасы. Вегетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылыс ерекшеліктері. Капусталар (Крестгүлділер) тұқымдасы. Морфологиялық, биохимиялық ерекшеліктері. Тұқымдардың, жемістердің құрылысы. Резедалар тұқымдасы. Қатар өкілдерінің географиялық таралуы. Негізгі өкілдері және олардың шаруашылық мәні.
Құлқайыргүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Жөкелер (Липалар), Стеркулиялар, Бомбакстар (Баобабтар), Құлқайырлар тұқымдастары. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Негізгі өкілдері. Қатар өкілдерінің табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Қалақайгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Қарағаштар, Тұттар, Кенептер, Қалақайлар тұқымдастары. Вегетативтік органдардың, гүлшоғырының, гүлдің, жемістердің құрылысы. Таралуы. Негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Сүттігенгүлділер қатары. Сүттігендер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Экологиялық, морфологиялық ерекшеліктері. Гүлдің эволюциясы. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері.
Розидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Тасжарғангүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Системадағы орны.
Тасжарғандар, Жасаңшөптер (Крассулалар), Қарлығандар (Гроссулариялар) тұқымдастары. Экологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Гүлдің және жемістің эволюциясы. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Раушангүлділер қатары. Раушандар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Гүлдің және жемістің эволюциясы. Тобылғылар, Раушандар Алмалар, Алхорлар тұқымдас тармақтары. Географиялық таралуы. Жергілікті флорадағы негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Бұршақгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Бұршақтар тұқымдасы. Цезальпиниялар, Мимозалар, Бұршақтар тұқымдас тармақтары. Морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері. Гүлдің және жемістің эволюциясы. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Зығыргүлділер қатары. Зығырлар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Негізгі өкілдері және олардың шаруашылық мәні.
Қазтамақгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Саумалдықтар және Қазтамақтар тұқымдастары. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Гүлдің және жемістің эволюциясы. Таралуы. Негізгі өкілдері.
Итшомыртгүлділер (Крушинагүлділер) қатары. Жалпы сипаттама. Итшо- мырттар тұқымдасы. Вегетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылысы. Негізгі өкілдері және олардың шаруашылық мәні.
Жидегүлділер қатары. Жиделер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Жергілікті флорадағы өкілдері және олардың шаруашылық мәні.
Жүзімгүлділер қатары. Жүзімдер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Ве- гетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылысы. Шаруашылық мәні.
Селдерейгүлділер (Аралиягүлділер) қатары. Жалпы сипаттама. Аралиялар, Сельдерейлер тұқымдастары. Морфологиялық, анатомиялық, биологиялық, биохимиялық ерекшеліктері. Негізгі өкілдері. Жергілікті флорадағы өкілдері. Табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Ворсянкагүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Үшқаттар, Валерианалар, Ворсянкалар тұқымдастары. Гүлдің және жемістің құрылыс ерекшеліктері. Географиялық таралуы. Негізгі өкілдері.
Ламиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Алқагүлділер қатары. Алқалар тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Мор-
фологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Таралуы. Негізгі өкілдері.
Айлаулықгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Айлаулықтар (Бурачниктер) тұқымдасы. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Шаруашылық мәні.
Сабынкөкгүлділер қатары. Жалпы сипаттама. Жолдықтар (Подорожниктер), Сабынкөктер (Норичниктер) тұқымдастары. Анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктері. Гүлдің эволюциясы. Таралуы. Негізгі өкілдері.
Тауқалақайгүлділер қатары. Тауқалақайлар (Ерінгүлділер) тұқымдасы. Морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері. Таралуы. Негізгі өкілдері, олардың шаруашылық мәні.
Астеридтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қос жарнақтылар системасындағы орны. Қатарларға бөлінуі.
Қоңыраушагүлділер қатары. Қоңыраушалар тұқымдасы. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Негізгі өкілдері.
Астрагүлділер қатары. Астралар (Күрделігүлділер) тұқымдасы. Анатомиялық, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Гүлдің, гүлшоғырының, жемістің құрылысы. Тұқымдас тармақтарына бөлінуі. Таралуы. Қатар өкілдерінің табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні. Жергілікті флорадағы негізгі өкілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |