1. Пән туралы ақпарат



бет2/39
Дата11.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#111185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
1783286179372 Ботаника силл 607 2020-2021 (1)

3. Пререквизиттер

Орта мектептің биология пәні



4. Постреквизиттер

Өсімдіктер биотехнологиясы, микробиология.



5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының атауы

апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар

лығы (с.)



Дәріс (с.)

Пр/сем./

зертх-қ./



студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)



Кіріспе

1

1

1

1

3

6



Өсімдіктер жасушасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері

1

1

1

1


3

6



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ұлпалары

2-3

4

4

4

12

24



Ұрық, тұқым және өскін морфологиясы

4

1

1

1

3

6



Тамыр және тамыр жүйесі

4

1

1

1

3

6



Өркен және өркен жүйесі

5

1

1

1

3

6



Жапырақ морфологиясы және анатомиясы

5

1

1

1

3

6



Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрлысы

6

2

2

2

6

12



Өсімдіктердің репродуктивтік биологиясының морфологиялық негіздері

7

1

1

1

3

6



Гүлдің құрылысы. Мегаспорогенез және микроспорогенез

7-8

4

4

4

12

24



Жемістер

8

1

1

1

3

6



Өсімдіктердің тіршілік формалары және экологиялық топтары

9

1

1

1

3

6



Балдырлардың биологиясы және систематикасы

9

2

2

2

6

12



Саңырауқұлақтар тәрізді организмдер және нағыз саңырауқұлақтар

10

2

2

2

6

12



Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер

11

2

4

2

6

14



Ашықтұқымдылар бөлімі

12

2

2

2

6

12



Гүлді немесе жабық тұқымды өсімдіктер бөлімінің жалпы сипаттамасы

12

1

1

1

3

6


Магнолипсидтер немесе қос жарнақтылар класы

12-13

6

6

6

18

36


Лилиопсидтер немесе дара жарнақтылар класы

14-15

6

4

6

18

34




БАРЛЫҒЫ:




40

40

40

120

240


6. Дәріс сабақтарының мазмұны



Тақырып 1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің шығу тегі және олардың анатомия-морфологиялық жіктелуі

Органикалық дүние жүйесіндегі жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің орны. Прокариоттар және эукариоттардың негізгі ерекшеліктері. Өсімдіктер және жануарлар, олардың ұқсастығы және айырмашылығы. Балдырлардың және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің құрылымдық ұйымдасуының типтері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер шығу тегі туралы гипотезалары. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің құрылыққа шығуына байланысты анатомия-морфологиялық жіктелуі. Өсімдіктердің сыртқы құрылымының күрделіненуі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктің денесінің ішкі құрылысына жіктелуі.


Тақырып 2. Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері

Клетка құрылымының биологиялық маңызы, оның мөлшері және сыртқы пішіні. Цитоплазманың клетка тіршілігіндегі маңызы. Цитоплазманың жалпы сипаты мен қозғалысы. Вакуоль жүйесі, оның клетка тіршілігіндегі рөлі. Плазмолиз, деплазмолиз.

Пластидтер, олардың құрылыстық ерекшеліктері және биологиялық маңызы. Хлоропластар, олардың құрылысы, лейкопластар және хромопластар. Пластидтердің өзара бір түрінің екенші түріне айналуы.

Клеткадағы органикалық және минералдық заттардың жинақталу түрлері және топтасуы. Алғашқы және қайта синтездеу туралы түсінікке клетканың қорлық қоректік заттары. Алмасудың соңғы өнімдері. Минералды қоспалар.

Клетка қабықшасы. Клетка қабықшасының қызметі мен маңызы. Қабықшаның химиялық құрамы мен молекулалық ұйымдасуы. Плазмодесмалар. Клеткааралықтар. Саңылаулар және олардың түрлері. Клетка қабықшасының пайда болуы және өсуі. Клетка қабықшасындағы өзгерістер.
Тақырып 3. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ұлпалары.

Жіктелу негізі. Түзуші ұлпалар (меристемалар). Жалпы сипаттама. Меристеманың өсімдік денесіндегі орналасуына байланысты типтері. Меристема клеткаларының өсуі және жіктелуі. Меристемалық клеткалардың биологиялық маңызы.

Жабындық ұлпалар. Эпидерма. Құрылысы және қызметі. Эпидерманың негізгі клеткалары. Устьицалар. Трихомалар. Тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы. Екінші жабындық ұлпа. Жасымықшалар. Қыртыс. Фотосинтезге қатысушы ұлпалар. Құрылысы және қызметі. Өсімдіктер денесінде орналасуы. Қорлық ұлпалар. Құрылысы және қызметі. Ауалық (аэренхима) ұлпалар. Сорушы ұлпалар: ризодерма, веламен, астық тұқымдастары ұрығындағы жарнақтың сорушы қабаты, тоғышар (паразит) өсімдіктердегі гаусторилер, гидропоттар. Заттардың өтуін реттеуші ұлпалар: эндодерма, экзодерма. Бөліп шығарушы ұлпалар. Метаболизмнің алғашқы өнімдері. Екінші өнімдері. Секреторлық клеткалар. Экзогендік құрылымдар (безді түктер, шірнеліктер, гидатодтар және жәндіктермен қоректенетін аз қорытатын «бездері»). Эндогендік құрылымдар (идиобластар, көп клеткалы қуыстар, сүт жолдар, шайыр жолдар және т.б. құрылымдар). Арқаулық ұлпалар. Колленхима, склеренхима. Колленхима түрлері (бұрышты, табақшалы және борпылдақ). Склеренхима түрлері (талшық, склеридтер). Өсімдік денесіндегі арқаулық ұлпалардың таралуы. Өткізгіш ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар туралы түсінік. Ксилема және оның басты элементтері. Флоэма және оның басты элементтері. Трансфузиялық ұлпа. Талшықты өткізгіш шоқтар және олардың типтері.
Тақырып 4. Ұрық, тұқым және өскін морфологиясы

Ұрықтың құрылысы. Тұқымның қоректік заттардың орналасуына қарай түрлері және құрылысы. Тұқымның өнуі. Тұқымның толастық кезеңі. Тұқымдардың өну жылдамдығына қарай топтарға бөлінуі, олардың өнімділігін сақтауы. Өскіндер құрылысы. Өскіннің ілгері дамуы. Өскіндер түрлері.


Тақырып 5. Тамыр және тамыр жүйесі.

Тамыр, оның шығу тегі, қызметі (сіңіруші, синтез жасаушы, бөліп шығарушы, бекітуші және т.б.). Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысындағы негізгі ерекшеліктер. Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың соңғы құрылысы. Тамырлар жүйесі және оларды зерттеу әдістері. Тамырлар жүйесін классификациялау туралы көзқарастар (Саnnоn, 1911, Голубев, 1962, Байтулин, 1979). Тамыр жүйелерін зерттеу әдістері. Тамырдың түрлене өзгеруі.


Тақырып 6. Өркен және өркен жүйесі

Өркеннің морфологиялық бөлшектенуі. Буын және буынаралықтар. Бүршіктер, олардың құрылысы, орналасу ерекшеліктері және өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Бұтақтану, оның типтері және биологиялық мәні. Өркеннің төбелік өсуі. Өркеннің меристемалық төбесінің құрылысы мен қызметі, жапырақтардың орналасу заңдылығы. Жапырақтардың деңгейлік категориялары. Әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия және анизофилия). Жапырақ мозаикасы.


Тақырып 7. Жапырақ – сабақтың бүйір мүшесі

Жапырақ. Өркеннің бүйірлік мүшесі, оның морфологиялық бөлшектенуі және қызметі. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысы. Мезофилл, оның құрылысы және әртүрлі өсімдіктер жапырағындағы орналасуы. Жапырақтың жүйкеленуі, талшықты өткізгіш шоқтарының құрылысы. Сыртқы орта жағдайының жапырақтың анатомиялық құрылысының қалыптасуына әсері. Жапырақ онтогенезі, жапырақтар өмірінің ұзақтығы. Жапырақтың түсуі және оның биологиялық маңызы.


Тақырып 8. Сабақ – өркеннің негізгі мүшесі

Сабақ – өркеннің өсі, оның қызметі және морфологиялық ерекшеліктері. Сабақтың анатомиялық жалпы құрылысы. Ондағы алғашқы ұлпалардың орналасуы. Сабақ және жапырақтар өткізгіш ұлпаларының байланысы. Прокамбийден алғашқы ұлпалардың пайда болуы. Сабақтың алғашқы құрылысы. Стела теориясы. Стелалар классификациясы (прото, актино-, сифоно-, диктио-, эу- және атактостелалар), олардың эволюциясының басты факторлары. Алғашқы өткізгіш ұлпалардың орналасуы, перицикл және эндодерманың тұрақталуы. Жапырақтар мен қолтық бүршіктердің стела құрылыстық ерекшелігінің

қалыптасуындағы мәні. Камбий жұмысы. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы. Соңғы өткізгіш ұлпалардың пайда болуы.

Көпжылдық ағаш өсімдіктер сабағының анатомиялық соңғы құрылысы. Камбий қызметінің нәтижесінде сүрек және тіннің үстеме өсуі. Сүрек құрылысы. Ядролық сүрек, заболонь. Соңғы тіннің (флоэманың) құрылысы, сүрек және тіннің жастық өзгерістері, қыртыстың қалыптасуы.

Сүрек және тін өнімін халық шаруашылығында пайдалану. Даражарнақтылар сабағының құрылысы. Өркен жүйесінің қалыптасуы. Үстемелеп өсу. Бұтақтардың аналық өске орналасуына қарай варианттары: акротония, мезотония, базитония.

Вегетативтік мүшелердің мамандануы және түрлене өзгеруі. Метаморфоз туралы жалпы түсінік. Өркен метаморфоздары. Каудекс және партикула туралы түсінік, өркеннің жерасты түрленуі және өркеннің жер бетіндегі түрленуі. Жапырақтар метаморфоздары. Тамырлар метаморфоздары. Эпигеогенді және гипогеогенді тамырсабақтар туралы түсінік.

Өсімдіктер морфогенезінің жалпы заңдылықтары. Бірдей қызмет атқаратын бірақ шығу тегі әртүрлі (аналогия) және шығу тегі бірдей (гомология) мүшелер және полярлық, симметрия, корреляция, регенерация және басқа да ұғымдар туралы түсінік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет