Т. С. Баизбаева Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 6-7 сынып оқушыларының биология пәні бойынша берілетін орта білім мазмұнының базалық деңгейі негізінде жасалды. «Өсімдіктер»



бет1/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,37 Mb.
#33769
  1   2   3   4   5   6   7   8







Қаралды

Бекітемін

Келісемін

ӘБ отырысында, № _____ қаулы

Мектеп директоры:

Оқу ісінің меңгерушісі:

ӘБ жетекшісі:

_______________ Т. Баизбаева

______________ К. Жакьянова

______________ Т. Калеев

2014 ж. «____» _______________

2014 ж. «____» _______________

2014 ж. «____» _______________


ФАКУЛЬТАТИВ

Пән: Биология

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мұғалім: Калеева Гульназ Валерьевна

Сағат саны: 34, аптасына 1

Құрастырған:  «Павлодар ауданының Красноармейка ОЖББМ» ММ биология пәнінің мұғалімі Г.В. Калеева

Әдістемелік бірлестік

отырысында қаралды:
Хаттама:

Педагогикалық кеңісте бекітілді:

Мектеп директоры: Т.С. Баизбаева

Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 6–7 сынып оқушыларының биология пәні бойынша берілетін орта білім мазмұнының базалық деңгейі негізінде жасалды.

«Өсімдіктер» және «Жануарлар» бойынша оқытуда мақсат етіп отырғандықтан және оқушылардың биологияға деген қызығушылықтарын арттыру үшін бағдарламаға жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасында берілген тақырыптарға қосымша ақпараттар енгізілді.

Кейбір тақырыптар қосымша сұрақтармен толықтырылды.

Әрбір тақырыптан соң жинақтау сабақтары белгіленді


Түсінік хат
1. Негізгі орта білім деңгейіндегі биология курсы «Өсімдіктер», «Жануарлар» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне, ғылыми көзқарасты, сонымен қатар өзін-өзі еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.

Оқытудың мақсаты:

а) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және адамның табиғаттағы рөлін түсіну;

ә) өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер патшалықтарының өзіндік ерекшеліктері және жалпы алғанда тіршіліктің аса жоғары мәні туралы білімнің құндылығын түсіну;

б) нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу мүмкіндігіне қолжеткізу;

в) оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың Бөлімдері, Кластары, Тұқымдастары, түрлері туралы пікір қалыптастыру;

г) «Өсімдіктердің жіктелуі», «Жануарлардың жіктелуі» ұғымдарын қалыптастыру;

д) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастарының адам өміріндегі рөлін ашып көрсету;

е) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастары, түрлері мен іріктемелері, қол тұқымдары бойынша теориялық материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.

2. Тірі табиғаттың құрылым деңгейлерінің ретіне сай өсімдіктер әлемі бағдарламада мына ретпен орналастырып оқылады: Өсімдіктер Дүниесі (Төменгі сатыдағы өсімдіктер, Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармақтары), Вирустар Дүниесі. Прокариоттар Дүниесі; Саңырауқұлақтар және симбиоздық организмдер Дүниесі. Оқушылардың білімдерін тереңдету және ой-өрісін кеңейту үшін бағдарламада практикалық жұмыстар енгізілген.

3. Биология пәнінен факультатив бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 6 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат;

2) 7 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат;

Жануарлар дүниесі



Жануарлар дүниесінің дамуы



Байқоңырдағы қоян.

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтансияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.


Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

Қазіргі жануарлар дүниесі

Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, СауырТарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.



Дала жануарлары



Ақ барыс.

Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі.



Орманды дала жануарлары

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. Қасқыр ментүлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда қарғаның түрлері, былдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.



Шөл даланың жануарлары

Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауға шығады. Күндіз жүретін аңдар тым ерте және кешкі мезгілде ғана далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта түбінде жатады. Шөл хайуандары жүйрік келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады, құстары да қонбай, алысқа самғап ұша алады. Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар (суыр, құм тышқандары, торғайдың кей тцрлері) ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстықта ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.


Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы болып келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне қарай бейімделе дамыған. Құмды шөл далаларда әр түрлі бұталы өсімдіктердің, сексеуілдің, ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты, соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жертесер, сарышұнақтың, құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, кұстардан сексеуіл жорға торғайы кездеседі. Жылан, кесірткесиякты жорғалаушылар шөлді далаларда көп. Құстар сексеуіл бұтақтарына ұя салады, олардың ішінде дала бүркіті, бөктергі, аққұйрық сауысқан бар.
Даланың аңдары бір зонадан бір зонаға ауысып, кейде сол жерлерді мекендеп қалады. Жайық өзені бойы мен Каспий маңы ойпатында Еуропадан ауысқан орман сусары, тоғай барысы, Үстіртте оңтүстік және батыс облыстарға тән үстірт қойы (үстірт муфлоны), сілеусін және т.б. жануар түрлері ұшырасады.

Таулы аймақ жануарлары



Кене.

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатынпісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасынан өтпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, байғызды атауға болады. Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имектұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен кұстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы орманда бұғы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет