Әдебиет: [1-16]
Апта 1
Тақырып: Өсімдік материалдарымен жұмыс жасау принципі.
Жұмыстың мақсаты: Өсімдік материалдарымен жұмыс жасау принциптерімен танысу. Ботаника ғылымының зерттеу әдістерін меңгеру.
Тапсырма:
Уақытша препарат жасауға керекті құрал-жабдықтармен танысып, уақытша препараттар жасаудың әдісін талдау.
Тұрақты препараттармен танысып, оларды микроскоп арқылы қарау.
Микроскоп құрылысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау, жұмыс жасап жаттығу.
Қорытынды.
Апта 2-3
Өсімдік ұлпаларының орналасуы және құрылыс ерекшеліктері
Жұмыстың мақсаты: Өсімдік материалдарымен жұмыс жасау принциптерімен танысу. Ботаника ғылымының зерттеу әдістерін меңгеру.
Тапсырма:
1. Түзуші ұлпа құрылысы мен функциясы.
Өркен апексінің суретін салып, белгілірін қой.
2. Алғашқы және соңғы жабындық ұлпа. Дара және қосжарнақты өсімдіктердің (қазтамақ, құртқашаш) жапырағының үлпекқабатының суреттерін зерттеп, үлпекқабат жасушаларының ерекшеліктерін атап көрсет.
Дара және қос жарнақты өсімдіктердің жапырағында лептесіктердің орналасу ерекшеліктері мен түктерінің құрылысын анықта.
Дара және қосжапырақты өсімдіктердің үлпекқабат жасушаларын, лептестіктің құрылысын және түк түрлерінің суретін сал.
3. Механикалық ұлпа: колленхима, склеренхима, склереида.
Асқабақ сабағы мен бегония сағағының оқулықтан суретін талдап, колленхима мен склеренхиманы тап. Колленхима үлпекқабат астында орналасса, склеренхима құрсауы сабақтың ортасына қарай орналасады. Колленхиманың түрін анықтап, склеренхимамен салыстыр.
Алмұрттың жемісін тігінен жарып, қайыршақ жасушаларды тап. Олар алмұртты қақ жарып қарағанда бозғылт түсті нүктелер түріне жай көзге көрінеді.
Механикалық ұлпалардың суретін салып, қорытынды жаз.
4. Өткізгіш ұлпа. Өткізгіш - талшық шоқтары.
Ксилема және флоэманың өткізгіш элементтерінің суретін салып, қорытынды жаз.
Қорытынды.
Апта 4
Достарыңызбен бөлісу: |