Мақсаты: арнаулы сабақтарды оқып үйрену және мамандығы бойынша жұмыс істегенде қажет болатын сұлбатехника және электроника негіздерін оқып білу.
Міндеттері: пәнді оқып үйрену үрдісінің соңында студент
білуі керек:
- тұрақты, айнымалы және үш фазалы токтардың электр
тізбектерінің теориялық негіздерін;
- магниттік тізбектердің теориялық негіздерін;
- трансформатор мен электірлік машиналардың әсер ету принциптері
мен құрылғыларын;
-метрологияның маңызды тұрғыларын және электірлік өлшеулердің
негізгі әдістерін, әсер ету принциптерін, құрылғысын, өлшеуіш
құралдарының метрологиялық және қолданымдық сипаттамаларын;
- электрондық құрылғылардың жаңа элементті базаларын, шала
өткізгіштік аспаптардың және интегралдық сұлбалардың параметрлері
мен сипаттамаларын;
-сандық электроника мен микропроцессорлық негіздерін.
игеру керек:
а) электртехниканың тізбектеріндегі негіздігі заңдар мен
қатынастарын электр тізбектерін есептеуде және талдауда қолдануды;
- тұрақты, айнымалы және үш фазалы токтардың электр тізбектерін
есептеу және оларды талдаудағы қатынастар мен негізгі заңдары қолдана
алуы;
Электр сұлбаларын оқи білуі және электр жабдықтарының негізгі
түйіндерін қолданылуын түсіне білу;
- негізгі электрлік шамаларға өлшеулер жүргізе алуы;
- өлшеудің қателерін бағалай алуын және электр өлшеуіш
аспаптарына тексеру жүргізе алуы;
- электронды сұлбалардағы жұмыс үшін анықтамалық әдебиеттерді
қолдана отырып, шала өткізгішті аспаптарды және интегралдық
сұлбаларды таңдай білуі.
ұғымы болуы керек:
- өлшеу жүйелері жайлы;
- шала өткізгіштік аспаптардағы электрондық сұлбалардың негізгі
принциптері жайлы;
- мамандық саласы бойынша электірлік және электрондық
жабдықтарды қолдану жайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |