1. Пән туралы ақпарат


ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы



бет6/23
Дата17.10.2022
өлшемі61,12 Kb.
#153385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
силлабус БПҮТ мен П

ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
1-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістің жүйе құрушы компоненттері
1-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мəні мен құрылымы
«Мұғалімнің іс-əрекет объектісі» жəне «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин жəне т.б.). Педагогикалық үдеріс əлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-əрекетінің объектісі. Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапақасиеттері. Мұғалім мен оқушылардың əрекеттестігі іс-əрекет субъектісі ретінде (субъект-субъектілі қатынас) – педагогикалық үдерістің маңызды сипаттамасы. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері (білімділік, тəрбиелік, дамытушылық). Педагогикалық үдерістің оқу жəне оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты. Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық – педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, əдістер мен тəсілдер). Педагогикалық үдерістің тəрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі. Тұтас педагогкалық үдеріс теориясы туралы білім – мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің негізі.
Негізгі ұғымдар: мұғалім іс-əрекетінің объектісі, педагогикалық үдеріс, «педагогтар – оқушылар» жүйесі, субъект-субъектілі қатынастар, педагогикалық жағдаяттар, педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері, тəрбиелік механизмдер, кəсіби құзыреттілік.
2-тақырып. Тəрбиенің мақсаты, оның əлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Мақсат - ғылыми категория жəне тұлғаның идеалдық моделі. Тəрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы. Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы. Тəрбиенің мақсаты - нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тəрбие мақсаты туралы мəселелер. Тəрбиенің мақсаты – жанжақты жəне үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру. Тəрбие мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтар, мəдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, тəрбие үдерісін ізгілендіру жəне демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізіндегі қазіргі анықтамалары. Əлемдік жəне ұлттық мəдениет – тəрбие мақсатын анықтаудың əдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тəрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне əсері. Педагог құзыреттілігінің мақсатты үдеріске əсері.
Негізгі ұғымдар: тəрбиенің мақсаты, əлемдік мəдениет, ұлттық мəдениет, жалпыадамзаттылық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет