Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі: - бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Емтихан сұрақтары Зоологияның зерттеу объектісі мен мақсаты.
Ғылыми жүйедегі зоологияның орны.
Зоологияның қысқаша даму тарихы.
Зоологияның негізгі бөлімдері.
Хордалылар типінің негізгі белгілері.
Хордалылар типінің систематикасы.
Хордалылардың омыртқасыз жануарлар типтерімен ұқсастығы мен айырмашылығы.
Басқаңқасыздар тип тармағының жалпы сипаттамасы.
Ланцетниктің көбеюі мен дамуы.
Хордалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Личинка хордалылар тип тармағының жалпы сипаттамасы.
Асцидиялар классы. Құрылысы мен биологиясы, көбеюі мен таралуы.
Сальпылардың жеке және колониальды формалары.
Метагенез және оның биологиялық маңызы.
Личинка хордалылар эволюциясындағы регресс пен прогресс.
Омыртқалылар тип тармағына жалпы сипаттама.
Омыртқалы жануарлардың жабынының құрылысы және оның туындылары.
Қан айналу жүйесінің морфологиялық эволюциясы.
Тыныс алу жүйесінің морфологиялық эволюциясы.
Ас қорыту жүйесінің бөлімдерінің морфо-функционалдық сипаттамасы.
Зәр шығару жүйесінің морфологиялық эволюциясы.
Ішкі секреция бездері және олардың ролі.
Омыртқалылардың көбею жүйесінің морфологиялық эволюциясы.
Омыртқалылардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің эволюциясы.
Ми бөлімдері және жұлынның салыстырмалы морфо-функционалды сипаттамасы.
Бас ми нервтері және олардың мүшелердің шеткі бөлімдерімен байланысы.