1. Пән туралы ақпарат



бет3/6
Дата08.11.2023
өлшемі34,75 Kb.
#190405
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силлабус Педагог қызметкер.қ.мен б,заңды мүдделерін қорғау пәні.2023-24 оқу ж.ылы

Пәннің қысқаша мазмұны.
Курстың мақсаты: Студенттер арасында қазіргі заманғы педагогикалық ұжым қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы білімнің тұтас жүйесін қалыптастыру.
Оқытудың жоспарланған нәтижелері
Пәнді игеру нәтижесінде түлек төмендегі құзіреттерге ие болуы керек:
- қызметтің түрлі салаларында базалық құқықтық білімді пайдалану қабілеті;
- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын білуге, иеленуге дайын болу
кәсіби қызметті жүзеге асыруға ынталандыру ;
-нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру саласының актілерімен кәсіби қызметке дайындығы;
- құқықтық оқыту бойынша кәсіби міндеттерді орындау қабілеті және білім беру ұйымдарының барлық түрлеріндегі балалар мен ересектерге құқықтық тәрбие беру .
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы меңгеруі керек:
- білім беру құқықтық қатынастарының ерекшеліктерін;
- құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерді білуге;
Пәнді оқу нәтижесінде істей алуы керек;
- кәсіби қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдануға;
- білім беру саласындағы қызметтің нәтижелерін құқықтық тұрғыдан талдау жасау және бағалауға;
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
1.Дәріске міндетті түрде қатысу.
2.Практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысу. 1 сабақты босатқанда студенттің рейтингінен 2 балл шегеріледі. Дәлелді себеппен қалып қойған сабақ (тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда) жеке тапсырмалар түрінде өтеледі.
3.Оқу процесіне белсенді қатысу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен тесттерді шешу, практикалық жұмыстарды өз бетінше орындау).
4.Дәрістік, практикалық сабақтарға арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмыс бойынша тапсырмаларды орындауға арналған дәптерлерді ұқыпты жүргізу.
5.Аралық бақылауды тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта тапсыру.
6.Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта СӨЖ міндетті түрде орындалуы
7.Студенттердің оқу-әдістемелік үрдісті жетілдіру бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мен іс-шараларына белсенді қатысуы.
Академиялық құндылықтар:
1. СӨЖ-қа өзіндік шығармашылық көзқарасы.
2. Барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру.
3. Академиялық тәртіп пен этиканың негізгі ережелерін білу.
4. Кеңес алу үшін, өткен материалдар бойынша қосымша ақпарат алу үшін және СОӨЖ кезеңінде өз оқытушыңызға жүгініңіз.
5. Плагиатты, жалған құжатты, шпаргалкаларды пайдалануға, білімді бақылаудың барлық кезеңдерінде есептен шығаруға, оқытушыны алдауға және оған дәлелсіз қарым-қатынасқа жол бермеу.
6.Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша консультациялық көмек ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет