1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет49/73
Дата08.02.2022
өлшемі1,93 Mb.
#123469
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Байланысты:
Руханият

 
Қазақ филологиясы кафедрасы 
Тақырыбы: 
Фольклордың бастау бұлағы мен халықтық тағылымы. Күлтегін, Тоныкөк, Білге 
қаған жазбаларындағы ел бірлігі тақырыбы
 
Сағат саны:

Тақырыптың негізгі сұрақтары: 
1.
Фольклордыңтанымдық, эстетикалық және утилитарлық (қолданбалы) қызметі. 
2.
Қазақ фольклорының поэтикасы мен тарихилық сипаты. 
3.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр. 
4.
Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. 
Әдістемелік нұсқау:
Венн диаграммасы.
Күтілетін нәтиже. 
Студент жасай алады:
 

оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру; 

салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау
белгілеу; 

өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен); 

ойлау логикасын дамыту; 

таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі 
Жүзеге асыру қадамдары 
1-қадам: ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан 
шеңберге жазу
2-қадам: дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытуға ортақ қасиеттерді жазамыз. 
3–қадам: ерекшеліктерін топта салыстыру. 
4- қадам: салыстыру нәтижесіне презентация жасау. 
 
Тақырыбы: 
Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным. 
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік 
Сағат саны: 

Тақырыптың негізгі сұрақтары: 
1.
Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында айтылған ой-тұжырымдардың құндылығы.
2.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліг» жинағындағы шешендік шеберлік. 
3.
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы даналыққа құрылған қазына.
4.
Қожа Ахмет Яссауидің ғибратқа толы толғаулары. 
5.
Ахмет Югнакиде дала табиғатына лайық ой-пікірлері. 
6.
«Көшпенділер философы» Асан қайғының толғаулары. 
7.
Жыр, жырау, толғау деген сөздердің мағыналық байланысы мен ерекшеліктері. 


35 
8.
Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық толғамдар. 
Әдістемелік нұсқау:«Семантикалық карта» әдісі.
Күтілетін нәтиже. Студент 
жасай алады:
 

бұрын меңгерілген білімді обьектінің анықталған семантикалық сипатына қарай салыстырады;

анықтайтын обьектінің қандай семантикалық сипатқа ие болатынын болжайды; 

семантикалық картадағы мақұлдау немесе түзету белгілеріне қарап, анықталатын обьекті 
туралы болжамы жайында рефлексия жасайды; 

мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады;

ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады; 

таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі. 
 
Тақырыбы:
ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият.Хакім Абайдың 
адамгершілік мұраттары
 
Сағат саны: 
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 
1.
1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. 
2.
Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық 
нысанасы.
3.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған 
мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.
4.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары, өлең құрылысы, сөз өрнегі. 
5.
Абайдың қара сөздері. 
6.
Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері. 
Әдістемелік нұсқау:«Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» (сурет бойынша) 
әдісі
.
 
Күтілетін нәтиже.
Студент жасай алады:
 

талдайды, болжайды, қиялдайды; 

әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді; 

жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады; 

өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды; 

таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі. 
 Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: оқытушы мәтіннен бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады. 2-қадамдары: 
«а»нұсқасы:
«миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және мәтінде бұл терминдер 
қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі.
«б»нұсқасы: оқушыларға 
топта немесе жеке 
берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жазу 
ұсынылады.
3-қадам: берілген мәтінмен танысу барысында «өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» 
салыстыру. 4-қадам: студенттер берілген тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен 
үйлесімсіздікті талдау.
Тақырыбы:
Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі

Қ.Жұбановтың қоғамдық-
ағартушылық қызметі мен ғибратты ғұмыры. 
Сағат саны: 
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.
А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы. 
2.
Ә.Бөкейхановтың публицистикаларындағы ұлттық руханият мәселесі. 
3.
«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
4.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты еңбегіндегі «ар ілімі» идеясы.
5.
Қ.Жұбановтың өмірі мен қызметі. 
6.
Профессор Қ.Жұбанов – сан қырлы талант иесі. 
7.
Жұбановтану мұрасының зерттелуі мен зерделенуі. 
8.
Жұбановтар әулеті. 
Әдістемелік нұсқау:
Ұйымдастыру бөлімі

Топтарға бөлу. «Алты қалпақ» әдісі.


36 
Күтілетін нәтиже.
Студент жасай алады: 

ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай білу; 

ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай білу; 

ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасай 
білу; 
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған телпегін «өлшеп көріп» берілген проблема бойынша 
өз көзқарастарын айтады: 
«Ақ телпек» 

СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді);
«Сары телпек» 

СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады);
«Қара телпек» 

СӘТСІЗДІК (оқып жатқан проблеманың сәтсіз тұстарын айтады);
«Көк телпек»

АНАЛИТИКАЛЫҚ (талдау жасайды, топтар не үшін? Неге? Неге байланысты? 
деген сұрақтарға жауап іздейді);
«Жасыл телпек»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («ақылға сыйымсыз» идеялар мен болжамдар айтады );
«Қызыл телпек» 

СЕЗІМТАЛ (топ оқиғаны оқу барысында, бастан кешірген сезімдерін 
тұжырымдайды). 
2-қадам: әр топтың жасаған жұмысы барысында телпек түріне байланысты атқарған қызметі 
бойынша презентацияға дайындық. 
3-қадам: топтардың жұмыстары бойынша презентация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет