35
8.
Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық толғамдар.
Әдістемелік нұсқау:«Семантикалық карта» әдісі.
Күтілетін нәтиже. Студент
жасай алады:
бұрын меңгерілген білімді обьектінің анықталған семантикалық сипатына қарай салыстырады;
анықтайтын обьектінің қандай семантикалық сипатқа ие болатынын болжайды;
семантикалық картадағы мақұлдау немесе түзету белгілеріне қарап,
анықталатын обьекті
туралы болжамы жайында рефлексия жасайды;
мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады;
ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Тақырыбы:
ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият.Хакім Абайдың
адамгершілік мұраттары
Сағат саны:
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.
1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері.
2.
Шернияз, Шортанбай,
Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық
нысанасы.
3.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының
шығармаларына өзек болған
мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.
4.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары, өлең құрылысы, сөз өрнегі.
5.
Абайдың қара сөздері.
6.
Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері.
Әдістемелік нұсқау:«Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» (сурет бойынша)
әдісі
.
Күтілетін нәтиже.
Студент жасай алады:
талдайды, болжайды, қиялдайды;
әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;
жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;
өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: оқытушы мәтіннен бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады. 2-қадамдары:
«а»нұсқасы:
«миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және мәтінде бұл терминдер
қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі.
«б»нұсқасы: оқушыларға
топта немесе жеке
берілген сөздерді
қатыстырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жазу
ұсынылады.
3-қадам: берілген мәтінмен танысу барысында «өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны»
салыстыру. 4-қадам: студенттер берілген тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен
үйлесімсіздікті талдау.
Тақырыбы:
Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі
.
Қ.Жұбановтың
қоғамдық-
ағартушылық қызметі мен ғибратты ғұмыры.
Сағат саны:
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.
А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы.
2.
Ә.Бөкейхановтың публицистикаларындағы ұлттық руханият мәселесі.
3.
«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
4.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты еңбегіндегі «ар ілімі» идеясы.
5.
Қ.Жұбановтың өмірі мен қызметі.
6.
Профессор Қ.Жұбанов – сан қырлы талант иесі.
7.
Жұбановтану мұрасының зерттелуі мен зерделенуі.
8.
Жұбановтар әулеті.
Әдістемелік нұсқау:
Ұйымдастыру бөлімі
.
Топтарға бөлу. «Алты қалпақ» әдісі.
36
Күтілетін нәтиже.
Студент жасай алады:
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай білу;
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай білу;
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме
жасай
білу;
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған телпегін «өлшеп көріп» берілген проблема бойынша
өз көзқарастарын айтады:
«Ақ телпек»
СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді);
«Сары телпек»
СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады);
«Қара телпек»
СӘТСІЗДІК (оқып жатқан проблеманың сәтсіз тұстарын айтады);
«Көк телпек»
АНАЛИТИКАЛЫҚ (талдау жасайды, топтар не үшін? Неге? Неге байланысты?
деген сұрақтарға жауап іздейді);
«Жасыл телпек»
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («ақылға сыйымсыз» идеялар мен болжамдар айтады );
«Қызыл телпек»
СЕЗІМТАЛ (топ оқиғаны оқу барысында, бастан кешірген сезімдерін
тұжырымдайды).
2-қадам: әр топтың жасаған жұмысы барысында телпек түріне
байланысты атқарған қызметі
бойынша презентацияға дайындық.
3-қадам: топтардың жұмыстары бойынша презентация.
Достарыңызбен бөлісу: