1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет22/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика
9 klass kaz, Хирургиядаң емтиханға арналған сұрақтар тізімі, cedrik, идеялар фабрикасы, Адал, Tanbaeva.presentation1, дурсталган
10 дәріс
Тақырыбы: Жарықтың шашырауы.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Жарықтың шашырауы. Тиндаль эффект. Релей заңы. Ми эффекті. Жарықтың молекулалық шашырауы. Жарықтың комбинациялық шашырауы.
Дәріс тезисі
Жарық лайқа ортадан өткенде шашырау нәтижесінде жарық интенсивтігі бастапқыдан гөрі кемиді. Сонымен қатар лайқа ортада жарық жұтылады. Сөйтіп лайқа ортадан өткенде оның интенсивтігі шашырау және жұтылу нәтижесінде, тек жұтылғандағыдан гөрі, көбірек кемиді. Жарық интенсивтігінің бәсеңдеуін мына формуламен өрнектеуге болады:
I=
мұндағы  - жарықтың кемуін сипаттайтын шама, бәсеңдеу коэффициенті деп аталады, d – ортаның қалыңдығы.
Жарықтың лайқа ортада (оптикаша біртекті емес орта) шашырауын алғаш ағылшын физигі Тиндаль бақылап зерттеген. Сондықтан бұл құбылыс кейде Тиндаль-эффект деп те аталады.
Шашыраған жарық интенсивтігі төртке дәрежеленген жарық тербелісі жиілігіне тура пропорционал, немесе төрт дәрежелі толқын ұзындығына кері пропорционал, яғни

Бұл қатынасты теория жүзіндебірінші рет (1871ж.) Релей тағайындаған, сондықтан бұл Релей заңы деп аталады. Бұл заң бөлшек өлшемі R<< болғанда ғана дұрыс рындалады. Жарықтың осылай шашырауы Релейше шашырау деп аталады.
Шашыраудың түрлері. Шашырау сипаты ең алдымен толқын ұзындығы мен бөлшектер мөлшерінің ара қатысына тәуелді болады. Егер бөлшектің сызықтық мөлшерлері толқын ұзындығына қарағанда шамамен кіші болса, онда шашырау осы шашырау түрін зерттеген Д.У. Рэлейдің (1842-1919) құрметіне рэлейше шашырау деп аталады. Егер шыққан фотонның энергиясы жұтылған фотонның энергиясына тең болса , онда Жарықтың шашырауы рэлейлік шашырау д.а.
Ал Жарықтың шашырауы болғанда, энергия сәуле мен заттың арасында бөлінеді де, ол серпімсіз шашырау деп аталады.Бөлшектердің мөлшерлері үлкен болғандағы шашырауды Ми шашырауы деп атайды. Алғаш (1908) дамытқан теория сфералық бөлшектерге ғана қатысты болғанымен «Ми шашырауың термині пішіні дұрыс емес бөлшектер үшін де қолданылады. Кіші бөлшектер үшін Ми теориясы Рэлей теориясының нәтижелеріне алып келеді. Оптикалық біртекті еместіктің маңызды дербес жағдайы дыбыс толқыны таралатын ортаның оптикалық қасиеттерінің біртекті еместігі болып табылады. Осының нәтижесінде кеңістікте ортаның оптикалық біртекті еместігінің гармоникалық үлестірілуі және оптикалық қасиеттердің уақыт бойынша гармоникалық өзгерісі пайда болады.Молекулалардың кванттық қасиеттері, шашыраған жарық жиілігінің түсетін жарық жиілігіне салыстырғанда өзгеруімен сипатталатын, жарықтың комбинациялық шашырауында білінеді. Осы шашыраудың ерекше кванттық табиғатына байланысты ол жеке топқа жатқызылады.
Көп қайтара шашырау. Бөлшек шашыратқан сәулені өз кезегінде басқа бөлшектің шашыратуы мүмкін және т.т. Осы жағдайда шашырауды көп қайтара шашырау дейді. Бұл әрбір кезекті шашыратуда бір рет шашырату заңдарына сәйкес іске асырылады. Ақырғы нәтиже бір мәрте шашыратулардың нәтижелерін бұлардың бірінен кейін екіншісінің ілесуі статистикалық сипаттамаларын ескеріп қосындылаумен алынады.
Бекіту сұрақтары

  1. Шашырау процесі қандай ортада жүреді?

  2. Тиндаль эффект дегеніміз не?

  3. Ми эффектін түсіндіріңіз

  4. Релей заңы

  5. Релейше шашырау қай кезде болады?

  6. Жарықтың молекулалық шашырауын түсіндіріңіз

  7. Жарықтың комбинациялық шашырауын түсіндіріңіз

  8. Комбинациялық шашыраудың негізгі заңдылықтарын тұжырымдаңыз

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет