1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет21/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика
9 klass kaz, Хирургиядаң емтиханға арналған сұрақтар тізімі, cedrik, идеялар фабрикасы, Адал, Tanbaeva.presentation1, дурсталган
Топтық жылдамдық (u) деп жеке монохромат толқындар қосылысу нәтижесінде пайда болған күрделі толқынның тербеліс максимумы таралатын жылдамдық айтылады. Есептеп келгенде бір бағытта таралған толқын ұзындықтары мен таралу жылдамдықтарының мәндері бір-біріне өте жақын екі синусоидалық толқыннан құралған бір топ толқынның топтық жылдамдығы былай өрнектеледі
Жарық толқындары ұзындығы немесе тербелістер жиілігі арқылы сипатталатыны белгілі. Бірақ жарық көзінің қозғалысы одан таралған жарық тербелістері жиілігіне әсер етеді. Бақылаушымен салыстырғанда жарық көзі қозғалмай тыныш тұрған жағдайда байқалатын жарық тербелістері жиілігімен ол бақылаушыға қатысты қозғалғанда байқалатын жарық тербелістері жиілігі бірдей болмайды; жарық көзі мен бақылаушы аралығы жақындағанда қабылданатын тербелістер жиілігі артады, олар бір-бірінен қашықтағанда қабылданатын тербелістер жиілігі кемиді (Допплер принципі).
Эйнштейн постулаттары. А. Эйнштйен 1905 жылы мынадай екі постулат ұсынды:

  1. Берілген жүйенің тыныш тұрғандығын немесе тұрақты жылдамдықпен қозғалып бара жатқандығын сол жүйенің ішінде жасалған тәжірибе арқылы біліп болмайды

  2. Ж арықтың вакуумдағы жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйесінде бірдей және тұрақты шама болады. Басқаша айтқанда, жарық жылдамдығы жарық көзі мен бақылаушы қозғалысына тәуелді емес.

Л оренц түрлендірулері. Бір-бірімен салыстырғанда түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста болатын К және К/ санақ жүйелерін алайық, олар инерциалдық санақ жүйелері болсын. К/ санақ жүйесі К санақ жүйесіне қатысты х осі бойымен  жылдамдықпен қозғалсып бара жатсын. Бастапқы моментте екі жүйенің координата бастары дәлме-дәл келіп тұрған болсын және олардың y пен y/ , z пен z/ осьтері өзара параллель болсын.
Координаталардың өзара байланысын бейнелейтін осы формулалар Галилей түрлендіру формулалары деп аталады.

К санақ жүйесінен К/ санақ жүйесіне көшкенде бұл жүйелердің координаталары және олардағы уақыт мезеттері араларындағы байланысты Эйнштейн постулаттарына сүйеніп дәлелдеп мына формулалар түрінде жазуға болады:


Бұл формулалар Лоренцше түрлендіру немесе салыстырмалылық теориясының түрлендіру формулалары деп аталады.
Лоренц түрлендірулерінің салдарлары:



Бекіту сұрақтары

  1. Жарық жылдамдығын өлшеу әдістерін атаңыз

  2. Жарық жылдамдығын астрономиялық құбылысты бақылау арқылы өлшеу әдістерін атаңыз

  3. Жарық жылдамдығын өлшеудің лабораториялық әдістерін атаңыз

  4. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығыдегеніміз не?

  5. Допплер құбылысын түсіндіріңіз

  6. Эйнштейн постулаттарын тұжырымдаңыз

  7. Лоренц түрлендірулері және оның салдарлары

  8. Масса мен энергияның байланысы қандай?

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Т.Н. Нұрахметов, Б.М. Садыкова. Оптика. –Алматы, 2014.

  3. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2004.

  4. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  5. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ



9 дәріс
Тақырыбы: Жарық дисперсиясы.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Жарық пен заттың өзара әсері. Жарық дисперсиясы. Қалыпты және аномаль дисперсия. Рождественский әдісі. Дисперсия теориясының негізі. Вавилов-Черенков эффект. Жарықтың жұтылуы. Бугер-Ламберт заңы. Сыну көрсеткіші мен жұту коэффициентінің толқын ұзындығына тәуелділігі. Спектрдің түрлері. Спектрлік анализ
Дәріс тезисі
Жарық дисперсиясы деп n сыну көрсеткішінің жарық жиілігіне (λ толқын ұзындығына) тәуелділігін айтады (немесе жарық толқынның фазалық жылдамдығының осы толқын жиілігіне тәуелділігі).
Ақ жарық шоғының призмадан өткен кездегі спектрге жіктелуі дисперсияның салдары болып табылады. Дисперсия тек монохромат емес толқын таралғанда пайда болады.
П ризмадағы жарық дисперсиясын қарастырайық. Айталық, монохромат сәуле α1 бұрышымен сыну көрсеткіші n және сыну бұрышы А призмаға түссін. Призманың сол және оң қабырғаларынан екі рет сынғыннан кейін сәуле φ бұрышына ауытқиды: φ=(α1-γ1)+(α2-γ2)= α1+α2-A
Егер А және α1 бұрыштары аз болса (яғни, α2 , γ1жәнеγ2 аз болады), онда және . γ1+γ2= A болғандықтан, α2 =nγ2=n(A- γ1)=n(A- α1/n)=nA-α1, бұдан α1+α2= nA.
Сол себептіφ =A(n-1)сәулелердің призмадан ауытқу бұрышы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым призманың сыну бұрышы үлкен болады.
- шамасы заттың дисперсиясы деп аталады. Барлық мөлдір заттар үшін сыну көрсеткіші толқын ұзындығы өскенде кемиді:
(суретке қараңыз). Мұндай дисперсия қалыпты (немесе теріс) деп аталады. Қатты жұтылу сызықтар мен жолақтар маңындағы қисықтың жолы n(λ)дисперсия қисығы аномальды дисперсия деп аталады. Призмалық спектографтардың жұмыс істеу принципі қалыпты дисперсия құбылысына негізделген. Сәулелердің призмадан ауытқу бұрышы сыну көрсеткішіне тәуелді, ал ол өз кезегінде толқын ұзындығына тәуелді. Сол себепті призма ақ жарықты спектрге жіктейді, бұл жағдайда қызыл сәулелер (толқын ұзындығы ұзын) азырақ, ал күлгін сәулелер (толқын ұзындығы қысқа) көбірек бұрышқа аутқиды.
Бекіту сұрақтары

  1. Жарықтың дисперсия құбылысы дегеніміз не?

  2. Жарық пен заттың өзара әсері қандай?

  3. Сыну көрсеткішінің жарықтың тербеліс жиілігіне тәуелділігін түсіндіріңіз

  4. Қалыпты және аномаль дисперсия дегеніміз не?

  5. Жарықтың жұту құбылысы дегеніміз не?

  6. Бугер-Ламберт заңының формулировкасы?

  7. Вавилов-Черенков эффектін түсіндіріңіз

  8. Спектрдің қандай түрлерін білесіздер

  9. Спектрлік анализ дегеніміз не?сапалық және мөлшерлік спектрлік анализ дегеніміз не?

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет