1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер


Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы



бет25/41
Дата31.05.2022
өлшемі2,31 Mb.
#145641
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз. 2 (копия)

Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
12.1. Педагогикалық менеджменттын коммуникативтік компоненті.
12.2.Коммуникация түрлері
12. 3. Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде.
Дәріс тезисі: Шәкірттер мен ұстаздарды басшының іскерлігі мен мәдениеті, білімі оған жақындастыра түседі. Іскерліктің құрамды бөлімдеріне жататындар: мақсатқа жетуге ұмтылушылық, ізденгіштік, қарым қатынаста икемділік, сезімталдық, басқаны өзіне тарта алушылық, парасаттылық, еңбекқорлық, тұрақтылық, бастаған істі соңына жеткізушілік, ақырында іс пен сөзде азаматтық ерлік болып табылады. Педагогтар директордың адамгершілік жағынан өзін үнемі жетілдіруіне, оның ұйымдастырушылық қабілеті мен талантының ұштала түсуіне әсер етеді және оның формализмге, тәкаппарлыққа бой ұруына мүмкіндік бермейді. Мектеп директоры оқу тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілік атқарады. Оның міндеттеріне кіретіндер: - кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми теориялық және психологиялық педагогикалық деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу, оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу; - оқу-тәрбие процесінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау; - оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру;- оқушылардың өзін өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қатынас жасау. Коммуникация түрлері ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес. Коммуникациялық үдерістын басшысы ретінде мұғалімнің рөлі. Коммуникация процесінің элементтері. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде. Жалпы этикалық принциптері және іскерлік қарым-қатынас сипаты. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми және бейресми қарым-қатынас түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Білім беру мекемесінің басшысының ұжыммен қарым-қатынас этикасы.
Бекіту сұрақтары
1.Педагогикалық менеджменттын коммуникативтік компоненті қандай?
2.Коммуникация түрлері қандай?
3. Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде қалай қарастырылады?
Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с


Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару.
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
13.1. Қақтығыс – әлеуметтік-қоғамдық құбылыс.
13.2. Педагогикалық және теориялық қақтығыс туралы түсінік.
13.3. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстарды басқару ерекшеліктері.
Дәріс тезисі: «Конфликт» ұғымының мәні және пайда болу себептері. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік кризистік процестер адамдардың психологиясында кері әсер етіп, олардың бойында ашушаңдық, қатігездік және т.б. жағымсыз қасиеттер тудырады. Әсіресе мектеп қабырғасындағы оқушылар арасындағы дау-дамай мәселесі өзекті болып саналады. Конфликт (латын тілінен аударғанда «confictus» – қақтығыс, қарама-қарсы көзқарастардың, қызығушылықтардың, тілектердің қақтығысы; асқынып қаупі бар келіспеушілік, дау, ұрыс деген мағынаны) береді. Конфликт жағдаяты қақтығыс фрагменті, оның дамуының тұтас суреттелуі, белгілі бір уақыттағы дау-дамайдың фотографиялық түсірілімі. Конфликтінің негізгі сатылары: - конфликт жағдаятын қатысушылардың біреуі болса да сезінуі; - ашық даудың басталуы, оның дамуы, шешілуі (күштінің женуі, бөлінуі, достасу т.б.).Конфликт қарама-қарсы бағытталған мотивтердің, пікірлер мен қанағаттандырылуы үшін ресурсы шектеулі қажеттіліктің негізінде пайда болатын қайшылық жағдайы. Конфликт екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласуы болып табылады. Бір адам өз пікірінің қалайда мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді. Конфликтіні шешу жолдары. Ежелгі ойшылдардың мұраларында «Дені сау тәнде, дені сау рух болады» деп келтірілген. Балаларда барлық ішкі күштер мен психикалық процестер тепе-теңдік сақталған «дені сау психикасы» болуы қажет. Ол адам әрекетінің және мінез құлықпен қызметтің адекватты сыртқы жағдайлардың қамтамасыз етеді. Шығыстың ойшылдары психикалық денсаулығына сәттіліктің 90, тіпті кейде 100% тәуелді екенін айтады. «Жағымсыз импульстер» ашу, қорқыныш, үрей, қызғаныш, пессимизм және біздің оқушыларымызға тән басқа да ішкі жағдайлар психикасының белгілі бір дәрежеде ауруға ұшырағанның белгісі.Адамзаттың 80%-ы қорқыныш пен үрейде өмір сүруде. Осыдан келіп жүрек, ішек ауруларының көбеюі байқалуда. Еліміздің балалар және жасөспірімдердің физиологиясы ғылыми зерттеу институтның мәліметтеріне қарағанда бірінші сынып оқушыларының денсаулығына 30%-ға дейін, ал 10-11 сыныптағыларға енді 80-85%-ы физиологиялық ауытқуларда болады екен. Мектеп оқушыларының 67%-да озбырлық, жабығу, ішке және сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптардың бұзылуы арқылы білінетін «Мектептік абыржу» байқалады.
Мұндай ауытқушылықтардың пайда болуына бірден-бір себепші болып табылатындар бұл ішкі жан дүниесінің рухани қанағаттанбаушылығы, пайда болған конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдарын білмеу, оның негізінде, болатын тұлғалық, тұлға-аралық келіспеушіліктер, стресс т.б. сипаттамаларды айтуға болады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша барлық аурулардың 45%-ы осы ішкі жайсыздықпен, стресспен байланысты болады.Олай болса, педагогтардың және мектеп оқушыларының мұндай қасіретке ұшыратпауын қадағалау қажеттілігі туындайды. Бұл бағыттағы негізгі күш педагогтарымыздың мойнына түсетіні сөзсіз. Олардың кез келген жағдайда пайда болатын келеңсіз жайттарды уақытында шешіп, алдын алып отырулары мен конфликтілік жағдаяттарды басқара алу біліктерін жетілдіру алдынғы қатарлы мәселелерге шығады. Орта мектеп оқушыларының 14-15 жас арасындағы конфликт мәселесі және конфликтіні шешу барысында делдалдық әрекет жасау маңызды іс болып табылады. Оқушылар арасындағы конфликтілер, олардың лидерлікке ұмытылысынан және жеке тұлғалық қарым-қатынастарының өзара жеке бастық қасиеттерінен туындайды.Конфликт – эмоционалды күйзелістердің шешімдерінің қиын қақтығысы болып табылады. Конфликт тұлғаның бәсекелестігінен туындайтын қақтығыстар. Конфликт негізінен кең көлемдегі құбылыс, яғни міндетті түрде бір-бірімен қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылық, ымыраға келмеушілігі деп айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет