1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет21/41
Дата31.05.2022
өлшемі2,31 Mb.
#145641
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз. 2 (копия)

Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.


Тақырыбы: Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
6.1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама.
6.2. Педагогикалық жүйенің құрамдары.
6.3. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке байланысы және қарым-қатынасқа бағыттылығы.
6.4. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері.
Дәріс тезисі: Педагогикалық жүйенің құрамдары. Жалпы алғанда басқару – белігілі бір жағдайда нәтиже шығаруға байланысты топтың, ұйымның, және жеке адамның іс-әрекетіне ықпал ету болып табылады. Яғни, шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Қоғамдық ортада адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болған жұмысты істеу үшін басқару қажеттігі туындайды. В.Г.Афанасьевтің пайымдауынша: «Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық жәнен рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады» деп келтіреді. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты (түлектің мінсіз бейнесі) жүйеқұраушы құрылым ретінде. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және қарым-қатынасқа бағыттылығы. Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. Әдістемелік жүйенің мақсаты. Педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруформасы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны. Мәдени-білім беру ортасы. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру технологиясы. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері.
Бекіту сұрақтары
1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
2. Педагогикалық жүйенің құрамдары қандай?
3. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке байланысы және қарым-қатынасқа бағыттылығы дегенімзі не?
4. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері қандай?


Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.
Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
7.1."Диагностика" ұғымының мәні. Педагогикалық диагностика түсінігі.
7.2. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы.
7.3. ТПҰ - ның жұмыс істеу әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат - диагностиканың негізі.
7.4.ТПҰ - ның әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері.
Дәріс тезисі: Білім беру процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика - бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.
“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана таңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс - тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Басқарудың негізі – басқару шешімдерінің қабылдануы және орындалуы. Белгілі бір ұйымды басқару нәтижелі болу үшін ұйымда нәтижелі басқару жүйесі құрылуы тиіс. Осыған сәйкес біз, педагогикалық менеджменттің зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырамыз:
Бірінші топ – экономикалық әдістер немесе экономикалық ынталандыру әдістері. Бұл нақты шығындар мен нәтижелерді салыстыру арқылы орындаушыға әсер ететін әдістер жүйесі (материалдық ынталандыру, қаржыландыру мен несие беру, жалақы, пайда мен баға). Мұнда негізгі басқару әдістер есебінде еңбек ақы төлеу мен сыйақы беру жүйесі болып табылады. Менеджердің жалақысы ұйымның жалпы нәтижесімен байланысты. Екінші топ – әкімшілік әдістер, бұл тікелей әсер ететін, міндетті түрде орындалатын, дерективтік әдістер. Олар тәртіпке, жауапкершілікке, билікке негізделген. Әкімшілік әдіске төмендегілер жатады: ұйымдастырушылық, жобалау, регламенттеу, нормалау. Әкімшілік әдістер келесі формалар арқылы жүзеге асады: бұйрықтар, ережелер, нұсқаулар, командалар т.б. Үшінші топ – педагогикалық-психологиялық әдістері, Мұнда басқару процесінде адамдарға, олардың қарым-қатынастарына назар аударылады. Бұған келесілер жатады: моральдық (өсиет) көтермелеу, өнегелік сөздер, әлеуметтік жоспарлау, мысалы, адам арасындағы жеке және топтық қарым-қатынастарды реттеу, ұжымда психологиялық климатты қалыпты ұстау. Төртінші топ – қоғамдық ықпал әдістері, басқаруға жұмысшыларды кең көлемде тарту, білім беру үдерісіндегі негізгі мәселелерді шешуде және оларды болдырмау жолдарын қарастыруда ашық ұжымдық талдау арқылы демократиялық бастамаларды дамыту, ұжым мүшелерін әдістемелік оқумен қамту және салауатты шығармашылық бәсекелестікті дамыту. Бұл әдістер тұлғаның беделін, қызығушылығын арттыруға, әрбір оқушының, педагогтың еркіндігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Басқару әрекетінің деңгейлеріне байланысты педагогикалық менеджмент әдістерін топтастыруға болады: Тұлғалық – микродеңгей, жұмысшының нақты жұмыс орнына сәйкестік міндеті шешіледі; Топтық – мезодеңгей, ұжымда жұмысшыларды тиімді орналастыру мәселесі шешіледі; Әлеуметтік – макродеңгей, басқарудың «элитарлық» тобын құрудың әлеуметтік тетіктерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет