1. Ғылыми басқару Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері – «фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филдаелбфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
2. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірі мен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті Европалық ғалымы деп есептелінеді.
3. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. «Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды.
4. Бихевиористтік мінез құлқы мектебі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психологиямен социологияның дамуы зерттеу әдістерінің жетілдіруі жұмыс орнында мінезқұлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Аржирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас Мак Грегор, Фредерих Герцберг, Бихевиористтік мінезқұлық мектебінің басқада өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің мотивацияның билік пен бедел сипатын ұйымдық құрылымдарын, ұйымдастырудағы жетекшіліктң, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмысы сапасының алуан түрлі жайларын зерттеді
Дәріс 2. Халықаралық Олимпиадалық Комитет Дәріс жоспары: 1 ХОК
2 ХОКтың президенттері
3 ҰОК
Олимпиадалық қозғалыстың жоғары басқару органы 1894 жылы 28 июньде құрылды. ХОК-тың міндеті олимпиадалық ойындарды дер кезінде, уақытылы өткізу әрі оның тұрақты түрде жетілдіріп отырылуы, әуесқой спорт ұйымдарының жарысын қолдап, ынталандыру, әуесқойлар спортын өркендетуге басшылық жасау, барлық елдер спортшыларының достығын нығайта беруге ықпал ету болып табылады.
ХОК – үнемі іс үстіндегі ұйым. Оған өз елінде ұлттық олимпиадалық комитеті бар олимпиадалық қозғалысқа үлес қоса алатын лайықты адамдар сайланады. Көбіне бір елден бір ғана адам мүше бола алады. Ал кейде олимпиадалық қозғалысқа үлкен үлес қосатын ірі елдерден немесе олимпиада болып өткен елдерден екі адамға дейін мүше бола алады. 1966 жылға дейін ХОК-ке мүше болғандардың кандидатурасы өмір бойы сақталатын еді. 1966 жылдан бастап ХОК-тің мүшелері 72 жастан кейін отставкаға кететін болып шешілді.
ХОК өз мүшелері ішінен бір президент, үш вице-президент сайлайды (оның біреуі Европа құрлығынан болады). ХОК-тің мұнан басқа бес мүшесі болады. Осы тоғыз адам ХОК-тың атқару комитетін құрайды. ХОК-тың президенті 8 жылға, кейбір жағдайларда тағы да 4 жылға сайлануға правосы бар. Ал ХОК-тың басқа мүшелері 4 жылға сайланады. ХОК-тың сессиясы әр жыл сайын өтеді. Тек олимпиада ойындары болатын жылы екі рет өткізіледі.
Олимпиада кезінде жарыс нәтижесін шығару олимпиадалық ойындар программасына кіретін спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерациясына жүктеледі. ХОК ең жоғары төрешілер алқасы болып табылады. Олимпиада программасына кірген спорт түрлері бойынша ХОК Халықаралық Спорт Федерацияларын таниды. Соларға жарысты өткізу міндетін жүктейді.
Осы заманғы Халқаралық Олимпиадалық Комитетінің (1894-1896 ж.) тұнғыш президенті олимпиадалық ойындардың ту тіккін Отаны – Грецияның азаматы, ақын Деметриус Викелас болды.Мұның өзі Грецияға көрсетілген құрмет еді. Пьер де Кубертэн бас секретарь болып сайланды, 1896 жылы Пьер де Кубертэн (Франция) ХОК – тың президенті болып сайланды. Ол осы міндетті 1925 жылға дейін атқарады, 1937 жылы 2 сентябрь күні Лозанне қаласында ХОК – тің екінші президенті, барон Пьер де Кубертэн дүние салды. Оның өсиеті бойынша денесі Олимп өңірінде жерленді. Оның қабыры басындағы ескерткіште мынадай сөздер жазылған: Оның тірі кезінде жүрегі ертедегі осы орын деп соқты, енді ол осынау қасиетті Олимпия топырағында мәңгілік тыныштық құшағына енді.
ХОК-тың үшінші президенті болып граф А. де Бале-Латур (Бельгия) сайланды. Олимпиядалық ойындар қозғалысына 16 жыл ( 1925-1945 жылдар) жетекшілік етті. Бұл кезең олимпиядалық ойындар қозғалысындағы өте ауыр белес еді. Граф А. де Бале-Латур 1940 жылы қайтыс болды.
ХОК-тың төртінші президенті болып, жеңіл атлеттердің халықаралық одағының председателі Зигфрид Эдстрем (Швеция) сайланды. Ол 1952 жылға дейін Халқаралық Олимпиядалық Комитетке жетекшілік етті. 1952 жылы оның орнына ХОК президенті болып Э . Брендедж (АҚШ) сайланды. Ол бұл міндетті 1972 жылға дейін атқарады. 1972 жылы Э . Брендедждың орнына ХОК-тың президанті болып лорд М. Килланин (Ирландия) сайланды.
Олимпиада хартиясы. Олимпиадалық ойындардың ережелері мен негізгі принциптерін Олимпиада Хартиясы деп атайды. Олимпиаданың мұндай уставтық үлгісінің негізі Пьер де Кубертэннің ұсынышы бойынша 1894 жылы Парижде өткен Халықаралық спорт Конгресінде бекітілген болатын. Бұл документ кейінірек сәл өзгертіліп, толықтырылғанымен бұрынғы негізгі мазмұнын толық сақтап келеді.
Олимпиада Хартиясы бойынша Олимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет өтеді. Оған әлемнің бар елінің спортшылары қатыса алады. Жекелеген елге не спортшыға мемлекетінің құрылысына, нәсіліне, дініне және идеялық-сияси сеніміне ешқандай шектеушілік болмайды. Олимпиада қозғалысының басты мақсаты әлемде бейбітшілікті нығайтуға, халықаралық ахуалды жақсартыуға жастардың күш-жігерін жұмылдырып, адамгершілік сезімін жетілдіре түсуіне көмектесуге жағдай жасау болып табылады.
Осы заманғы олимпиадалық ойындар 1896 жылдары басталды. I Олимпиада 1896-1899 жылдары, II Олимпиада 1900-1903 жылдары өтті. Олимпиада белгіленген уақытта өтпей қалса да ретімен санала береді. Мәселен, 1916 жылы VI, 1940 жылы XII және 1944 жылы XIII Олимпиадалық ойындар өтпесе де өз ретін сақтап қалды.
Қысқы олимпиадалық ойындар жазғы олимпиадалық ойындар өтетін жылдың қысында өтеді. Ол 1924 жылы басталды. Жазғы олимпиадалық ойындар 15 күн, ал қысқы олимпиадалық ойындар 10-12 күн ішінде өтуге тиіс. Олимпиаданың өту орнын ХОК белгілейді. Олимпиаданың өту уақытын олимпиада өтетін елдің ұйымдастыру комитеті белгілейді. Оны ХОК белгілейді. Олимпиада ойындарының жарыстары олимпиада өткізу міндеті жүктелген қаладағы стадиондарда не қала маңындағы спорт құрылыстарында өтеді. Кәсіптік спортпен шұғылданатындар олимпиадаға қатыстырылмайды. Әр елдің спортшысы тек өз елінің жалауы астында ғана жарысқа қатыса алады. Олимпиадалық ойындар да, әлем біріншіліктерінде бір елдің құрама командасында жарысқа шыққан спортшы келесі ойындарда басқа елдің командасы құрамында жарысқа қатыстырылмайды. Олимпиадаға қатысушыларға жас жөнінен ешқандай шек қойылмайды.
Халықаралық Спорт Федерациялары. ХОК олимпиадалық ойындарды өткізу барысында оның спорттық, техникалық жағынан басшылық жасауды әр спорт түрі бойынша Халықаралық Спорт Федерациясына жүктейді. Мәселен, хоккей, футбол, жеңіл атлетика, суға жүзу т.с.с. Халықаралық Спорт Федерациялары олимпиадалық ойындардың хартиясына сәйкес бұл міндетті барынша әділетті де принципті тұрғыда өткізуге бар мүмкіндікті жұмылдырады.ХОК қазір 80-нен астам Халықаралық Спорт Федерациясының 26-сын іс жүзінде таныды. Бұл спорт түрлері түгел дерлік Олимпиадалық ойындар программасына енгізілді. ХОК сонымен бірге мұның сыртында 7-8 спорт түрлері бойынша Халықаралық Спорт Федерациясын танып отыр. Алайда олардың кейбірін (әуе спорты, бейсбол, болулинг, су шаңғысы, роликті коньки, теннис т.б.) олимпиадалық ойындар программасына кіргізген жоқ.
Олимпиадалық конгрес. 1894 жылы Парижде бірінші конгрес өтіп, онда осы заманғы олимпиадалық ойындардың теориялық негізі қаланып, Халықаралық Олимпиадалық Комитет (ХОК) құрылды.
Конгрес ХОК, НОК және Халықаралық Спорт Федерацияларының өкілдері қатысып, олимпиадалық ойындарды өткізу жөніндегі аса маңызды мәселелерді шешеді. 1914 жыл мен 1930 жылдар арасында конгрес 9 рет шақырылды. Онда осы заманғы олимпиадалық ойындарды өткізу, оның Хартиясы мен ережелерін толықтыру сияқты күрделі мәселелерді талқылады, ХОК-тың құрамын сайлады. 1931 жылдан 1972 жылға дейін Олимпиадалық конгрес өткізілген жоқ. Бұл көбіне Пьер де Кубертэннің ХОК-тың президенттігінен кетуіне де біршама байланысты болды. Олимпиадалық ойындардың халықаралық қозғалысына ХОК тікелей басшылық жасайды.
1973 жылы социалистік елдер өкілдерінің бастамасын бүкіл дүние жүзінің прогресшіл спортшылар қауымы қолдап, олимпиадалық конгрес өткізу қайтадан қолға алынды.