«Толық тізбек үшін Ом заңы. Резонанс. Қуат. Эксперименталдық және мазмұнды есептер шығару»
(Электрондық оқулық 11 сынып)
І нұсқа
Айнымалы токтың циклдік жиілігі 100π рад/с. айнымалы токтың периоды мен жиілігін табыңдар.
Жауабы:0,02с; 50Гц.
Айнымалы ток желісіндегі кернеудің әсерлік мәні 120В. егер неон шамы әрбір периодта кернеуде жанатын және өшетін болса, ол қанша уақыт жанып тұрады? Жауабы: 0,01с
Катушкадағы кернеу мен ток күші уақытқа байланысты u=60sin(314t+0.25) және i=15sin314t заңы бойынша өзгереді. Осы шамалардың фазалар айырымын анықтау керек. T=1.2*10-2c уақыт мезетіндегі катушкадағы ток күші мен кернеуі неге тең? Жауабы: 0,25рад, -46В, -8,8А.
Сезімтал электрометрмен айнымалы ток тізбегіндегі кернеуді өлшеуге бола ма? Жауабы: болады. Айнымалы ток жағдайында екі жартыпериод ішінде жапырақшалар мен корпус арасындағы өзара әрекеттесу күштері бір жаққа қарай бағытталады, сондықтан бір период ішінде күштің орташа мәні нөлден өзгеше болады және жапырақшалар ажырайды.
Айнымалы токты тұрақты токпен токтың қай әсері бойынша салыстырған ыңғайлыекенін түсіндіріңіздер.
Токтың ... және ... әсерлері оның бағытына..., ал... әсері бағытына ..., айнымалы және тұрақты токтардысалыстыру үшін олардың ... әсерін қолданған дұрыс.
Жауабы: Токтың магниттік және химиялық әсерлері оның бағытына тәуелді болғандықтан, ал жылулық әсері бағытына тәуелді болмайтындықтан, айнымалы және тұрақты токтардысалыстыру үшін олардың жылулық әсерін қолданған дұрыс.
Айнымалы токты түзету
Бұл шалаөткізгіш түзеткіштердің көпірлік сұлбасыбір фазалы токты екіжартылай периодтытүзету үшін қажет.
1)Суретте токтың әр жартылай периодтағы жолын көрсетіңіздер.
2) токтың түзетуге дейінгі және түзетуден кейінгі графиктерін көрсетіңіздер.
№5 практикалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |