1. Психикалық үрдістер туралы түсінік



бет23/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#175592
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
1. Психикалы рдістер туралы т сінік

31. Дағды: Сөйлеуді басқару.
"Сұхбатты басқару" дағдысы: ақпарат жинау, науқастың көзқарасын белсенді анықтаудан тұрады.Көзқарас типтеріне:пациенттің идеялары,күтуі,қорқынышы жатады.Ақпарат жинауда:ашық және жабық сұрақтар қолданылады.Ашық сұрақтар-пациенттің сұраққа жан-жақты жауап беруіне және сұраққа әртүрлі,өзіне ыңғайлы тәсілменен өзінің жағдайын айтуға ыңғайлы. Мысалы:Қалай? Неге? Қалайша? Қандай жағдайда? Жабық сұрақтар-көбіне көп нақты бір жауап айтуға негізделген сұрақтар түрі. Жабық сұрақтар қойғанда дәрігерде дайын гипотезалар болады: Сіз учетта тұрасыз ба? Қандай дәрілер іштіңіз? Сіз күнделікті қысымыңызды өлшеп отырасыз ба? Маңызды кеңес:интервьюді ашық сұрақтардан бастаған жөн және «Сосын?,Тағы да?» деген сұрақтарды қойып отырған жөн. Науқастың көзқарасын белсенді анықтау:
● Проблемалар-пациент дәрігерге келуінің негізгі мақсатын айтады.
● Идеялар-өзінің диагнозының себептерін,өз жағдайын жақсы түсінеді.
● Күтілетін іс-әрекет:мен дәрігерден не күтемін?
● Қауіптену: Пациент өзінің жағдайының асқынған жағдайынан қорқуы\қауіптенуі
● Әсер ету:Бұл жағдай менің өміріме қалай әсер етеді, менің өмірімде не өзгереді?-деген сұрақтың болуы.

32. Дағды: Эмпатияны қолдану.
Қарым-қатынас жасау барысында дәрігердің басты психологиялық қасиеті-бұл эмпатия көрсетуі, яғни бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасып, терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда «қатысуы» болып табылады. Эмпатия ұғымында медициналыққызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылынауқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.
Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:
1. Идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия.
2. Интеллектуалды процестерге негізделген (салыстыру, талдау) танымдық эмпатия.
3. Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия.
-Эмоционалды түрде ортақтасу - науқаспен психологиялық контакт орнатуға, ол туралы толық, әрі нақты мәлімет алуға, науқасқа жазылатынына деген сенімді ұялатуға, науқастың дәрігер кәсібилігіне деген сеніммен қарауына көмектеседі;
- Дәрігердің эмпатиясы - науқастың субъективті сезімдерінің, аурудың объективті клиникалық сипатына сәйкес келмеген жағдайында көмектеседі.
Эмпатияның вербальды компонентін көрсетуге арналған «Эмпатия» мнемоникалық схемасы - N.U.R.S.E дағдысы №3
Name - атау немесе эмоцияны қайталау - «Сіз қобалжулы көрінесіз»
Understand - эмоцияны түсіну үшін - «Сіз өз денсаулығыңыз туралы бұндайды білу өте қиын»
Respect - құрмет көрсету - «Бүгін сіз тест жолақтарымен және инсулин инъекциясымен өте жақсы жұмыс жасадыңыз».
Support - қолдау - «Біз сізбен ертең таңертең тағы да жұмыс жасаймыз, мен медбикеге бейсенбі күні таңертең сізбен жұмыс жасау керектігін айтамын».
Explore - эмоцияларды егжей -тегжейлі ашу үшін - «Маған үйде қант деңгейін ұстап тұру туралы тағы не алаңдатып отырғаны туралы толығырақ айтыңызшы»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет